І дәрежелі, төмен (минимальды) активтілі ревматизм. А. Клиникалық синдром: а). Баяу (созылмалы), үзіліссіз қайталанатын, жасырын, әдетте емнің тиімділігі байқалатын, ревмокардит, б). Ревматикалық хореямен, энцефалитпен, васкулитпен, иритпен, тері асты ревматикалық түйінмен, сақина (кольцо) тәріздес эритемамен, тұрақты артралгиялармен қосарланып байқалатын баяу (созылмалы) немесе жасырын ревмокардит.
Б. Рентгенологиялық тексермелердің көрсеткіштері аурудың клиникалық анатомиялық сипаттамаларына (алғашқы немесе қайталама ревмокардит, жүрек ақауы бар, ия жоқ) байланысты, ревматизмге қарсы емнің әсері шамалы білінеді.
В. ЭКГ-де кардиосклероздың қалдықтарының белгісі байқалуы мүмкін. ЭКГ және ФКГ -де негізінде өзгерістер аз, сонымен қатар емнің әсеріне байланысты динамикасы да өте аз болады.
Г. Қан көрсеткіштерінің өзгерістері онша анық болмайды, бірақ олардың емнің әсерінен өзгеруінің маңызы зор. ЭТЖ қалыпты немесе сәл атрқан. С- реактивті белок болмайды немесе аз ғана (+) болады, α2, гамма глобулиндер мөлшері немесе сәл көбейеді. ДФА-реакциясы қалыпты көрсеткіштердің жоғарғы деңгейінде, серомукоид қалыпты немесе төмен болады.
Д. Серологиялық көрсеткіштер қалыпты көрсеткіштердің жоғарғы деңгейінде болады немесе сәл артады. Бұл көрсеткіштердің емнің барысында және инфекциядан тыс кездегі өзгерімпаздығының маңызы үлкен. Титрлардың кей кезеңдерде артуы, әсіресе аздап болса да, жоғарылай беруі, ревматикалық процесстің активтілігін көрсетеді.
Е. Басқа себептерсіз капиллярлардың өткізгіштігінің І-ІІ дәрежелі артуы.
Активтілік сатысын анықтағаннан кейін патологиялық процесстің көлемін және орнала-сқан жерін (топографиясын) анықтау керек: миоэндокардит, эндомиокардит, перикардит.
Патологиялық процесстің таралу денгейін аныктаумен қатар, диагнозда қақпалық (аорталық, екі жармалы, үш жармалы) аппараттың зақымдалуын көрсету керек, алғашқы ревмокардитте “ақау” деген емес – ”зақымдалу” деген ұғын қолданылуы керек. Мерзімінде дұрыс емделген науқастарда ақау пайда болмайды, қақпақ аппаратының зақымдалуы (вальвулит) зардапсыз тарап кетеді.
Жүректе айқын өзгеріс болмайтын ревматизмдер тобына – хорея және полиартриттер, және басқа Кисель-Джонсон диагностикалық шектерімен қосарланған науқастар жатады.
Аурудың дамуы науқастың реактивтілігімен анықталып, басталу және даму ерекшеліктері, аурудың ұзақтығы есепке алынады:
Жедел ағымды: клиникалық және лабораториялық өзгерістер айқын, күрт дамиды да, 2-3 ай ішінде жағдайы жақсарады, жүрек ақауы сирек болады. Дамудың бұл түрі көбіне алғашқы ревматизмде байқалады.
Жеделдеу ағымы: клиникалық белгілері жайлап дамиды, полисиндромдыққа бейімділігі байқалмайды. 2-6 айға созылады, ревматизмге қарсы емнің тиімділігі айқын, көбіне жүрек ақауы пайда болады.
Баяу (созылыңқы), енжар-торпидті ағымы: ауру 4-6 ай бойына, айқын қайталанусыз және толық сауығусыз (ремиссиясыз), созылады. Әдетте бұлай орташа және төмен активті ревмокардит дамиды. Жасалған емге қарамастан, көбіне жүрек ақауы пайда болады.
Толассыз (үзіліссіз) қайталама (рецидивті) ағымы: ревматизмнің өту барысының ең ауыр түрі. Ересек балаларда жиі кездеседі. Айқын қайталану белгілерімен, полисиндром-дыққа бейімділікпен сипатталады. Емдеу барысында толық сауықпай (толық ремиссия байқалмай) жатып, жағдайы қайтадан ауырлап, ревматизмнің белгілері байқалады.
Жасырын (бүркеме) ағымы – ревматизмнің активтік белгілері бұрында және қазіргі ақауы, көбіне митральды (қос жармалы) қақпаның жетіспеушілігі анықталады. Бұл жағ-дайда науқастың шағымдарына және кішкене белгілеріне (сәл ғана тахикардия, себепсіз жалпы шаршағыштық, терінің бозаруы, мұрнынан қан кету және т.б.) көңіл аудару керек.
Жүрек шамасыздығы Стражеско-Василенко жіктелісі бойынша анықталады, болмаса – сол және оң қарынша декомпенсациясы болып бөлінеді.
Ревматизмнің анықтау (диагностикалау) шектерін (критерияларын) балалар ревматизмі ғылымының негізін қалаушы А.А. Кисель (1930-1938 жылдарда) құрастырған. Анықтау (диагностикалық) шектерін негізгі (үлкен, арнайы) және қосымша (кішкене, бейарнамалық) болып, екіге бөлінеді.
Кейбір ғалымдардың көзқарасы бойынша, ауруға ревматизм қою үшін екі немесе бір негізгі және екіден артық қосымша көрсеткіштер анықталу керек.