Балалар ревматизмі (ревматикалық қызба) Ревматизм


Айқын (III дәрежелі) активті ревматизм



бет5/15
Дата25.09.2023
өлшемі79,4 Kb.
#182316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ревматикалық қызба

Айқын (III дәрежелі) активті ревматизмде аурудың клиникалық-лабораториялық белгілері өте айқын білінеді. Ол жүректе, буындарда және т.б. жерлерде бейарнамалық экссудацияның қабыну бөлігінің (компонентінің) айқандылығына байланысты болып келеді.
А. Клиникалық синдром: а) Панкардит, б) Жедел гликозидтермен емдеу әсер етпейтін айқын жүрек шамасыздығы байқалатын, жеделдеу немесе созылмалы ревмокар-дит, в) Жедел немесе созылмалы полиартиттің, плевриттің, ревматикалық пневмонияның, нефриттің, гепатиттің, дөңгелек (анулярлық) бөртпенің клиникалық белгілерімен қосарланған жеделдеу немесе созылмалы ревмокардит, г) Айқын активті хорея.
Б. Ревматизмге қарсы белсенді жүргізілген емнің әсерінен кері қайтатын, жүректің үлкеюінің арта түсуі және оның бұлшық етінің жиырылуы қабілетінің төмендеуі, плевро-перикардиальды өзгерістер сияқты белгілердің рентгенологиялық тексерісте анықталуы.
В. ЭКГ және ФКГ. ЭКГ-де Р-R арақашықтығын динамикалық өзгерісі, экстрасисто- логия, интерференция мен диссоциация, жыбырлы аритмия және басқалар, және ФКГ-де жүрек тондарының өзгеруі, шулар, акценттер сияқты емнің әсерінен айқын кейін даму динамикасы байқалатын айқын белгілері білінеді.
Г. Қан көрсеткіштерінің өзгерістері: 10 х 10 9/л-ден асқан нейтрофильді лейкоцитоз. ЭТЖ сағатына 30 мм-ден артық, С-реактивті белок II-4 плюс, фиброген 10г/л және одан жоғары, глобулиндер I7% жоғары, гамма глобулин 20-25%, қанның серомукоиды 0,6 бірліктен артық. ДФА сынама 0,35 бірліктен жоғары.
Д. Серологиялық көрсеткіштер: антистрептолизин-0, антистрептогиалуронидазаның, антистрептокиназаның титрлары қалыпты жағдайдан 3-5 есе артық болады.
Е. Капилларлардың өткіздігіштігінің артуы II-III дәрежелі.
ІІ. Орташа активті (II дәрежелі) ревматизм.

А. Клиникалық синдром: а). Ем жай әсер ететін, қан айналымымның әлсіздігінің (шамасыздығының) I-II дәрежесі байқалатын жеделдеу ревмокардит, б). Жеделдеу полиартитпен, фибринді плевритпен, нефропатиямен, хореямен, иритпен, тері асты ревматикалық түйіндермен немесе дөңгелек эритемамен қосарланған жеделдеу немесе толассыз ( үзіліссіз) қайталанатын (үзіліссіз рецидивті) ревмокардит.
Б. Рентгенологиялық тексерістердің мәлімені: ревматизмге қарсы емнің кері дамитын жүректің үлкеюі, плевроперикалдиальды жабысулар.
В. Емнің әсерінен кері дамуға душар болатын ЭКГ-дегі (Р-R аралығының ұзаруы, ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы, коронариттің белгілері) және ФКГ-дегі (тондардың өзгеруі, шулар, акценттер) динамикалық өзгерістер.
Г. Қан көрсеткіштеріндегі өзгерістер: 8-10х109/л аралығындағы нейтрофильді лейкоци-тоз ЭТЖ сағатына 20-30 мм аралығында, С-реактивті белок 1-3 плюс. α2- глобулиндер 5-16%, гамма глобулиндер 21-23%, серомукоид 0,3-0,6 бірлік аралығында.
Д. Серологиялық көрсеткіштер стрептококтық антиденелердің, негізіне антистрептолизин 0 және антистрептогиалуронидазаның, титрі қалыпты жағдайда 1,5-2 есе артады.
Е. Капиллярлардың өткізгіштігі 2 дәрежеге дейін артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет