«Балалардағы жедел ішек инфекциялар» тақырыбы бойынша ситуациалық есептер Ситуациялық есеп №1


Дәрі-дәрімекпен емдеу [1-5,13-15]



бет10/11
Дата23.06.2020
өлшемі25,79 Kb.
#74413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ситуациялық есеп 1 тақырып
ситуациялық есеп 1 тақырып
Дәрі-дәрімекпен емдеу [1-5,13-15]:
38,50С жоғары гипертермиялық синдромды тоқтату үшін:
•                парацетамол 10-15 мг/кг қабылдау аралығы 4 сағаттан кем емес, ауыз арқылы немесе perrectum үш күннен көп емес немесе ибупрофен  5-10 мг/кг мөлшерінде ауыз арқылы.
Сусыздандырусыз іш өту кезінде – А жоспары:
·               жиірек емізу және әр емізу уақытын ұзарту, егер бала тек қана емізулі болса, қосымша АРҚ немесе ана сүтінен басқа таза су беру.
·               Егер бала аралас немесе сүтті қоспамен тамақтандырылса, келесі сұйықтықтарды кез келген үйлесімде беру: АРҚ ерітіндісі, сұйық тағам (мысалы, сорпа, күріш қайнатындысы) немесе таза су.
·               Анасына қалыпты қабылдаумен қатар қанша сұйықтық беру қажет екендігін түсіндіріңіз:
·               2 жасқа дейін әр сұйық дәреттен кейін 50-100 мл;
·               2 жас және одан ересек әр сұйық дәреттен кейін100-200 мл.
·               Тамақтандыруды жалғастыру;
·               Егер балада төменде келтірілген белгілердің кез келгені пайда болса, анасына баланы қайтадан ауруханаға алып келуге кеңес беріңіз:
·               іше алмайды немесе омырауды еме алмайды;
·               баланың  жағдайы нашарлап жатса;
·               қалтырау туындаса;
·               бала дәретінде қан болса немесе сұйықтықты нашар ішсе.
·               Бірқалыпты сусыздандырумен іштің өтуі кезінде – Б жоспары:
·               Қажетті АРҚ көлемін (мл есебінде) бала салмағын (кг есебінде) 75-ке көбейтіп есептесе болады.
·               есептелген сұйықтық көлемін 4 сағат ішінде ішкізу.
·               Егер бала АРҚ ерітіндісін әуестікпен ішсе және тағы да сұраса, кеңес берілген мөлшерден көбірек беруге болады. Емізуді баланың қалауына қарай жалғастыру керек. Қолдан қоректенетін нәрестелерге алғаш 4 сағатқа тамақтануды болдырмайды және ауыз арқылы регидратация жүргізеді.
·               4 сағаттан кейін баланың жағдайын қайта бағалаңыз және регидрация дәрежесін анықтаңыз: егер бірқалыпты сусыздандырудың 2 және одан да көп белгілері сақталса, тағы да 4 сағат бойы Б жоспарын жалғастырыңыз және жасына қарай тамақтандырыңыз.
·               емхана жағдайында ауыз арқылы регидратациялау тиімді болмаса науқасты ауруханада емделуге жібереді.
·               ұйқы безінің экзокринді жетіспеушілігін түзету үшін орнын басу мақсатында 7-10 күн бойы тамақтану кезінде 1000бірлік/кг/тәу панкреатин.
·               ЖІИ этиотропты терапия мақсатында: бірінші күні 10 мг/кг азитромицин, екінші күннен бесінші күн аралығын  5 мг/кг  тәулігіне бір рет ішке қабылдау;
·               алты жастан үлкен балаларға – ципрофлоксацин тәулігіне екі бөліп 20 мг/кг/тәулігіне 5-7 күн аралығында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет