«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы»


-бап. Балаларға арналған ақпаратқа және ақпараттық өнімге қойылатын жалпы талаптар



бет7/8
Дата30.01.2022
өлшемі25,81 Kb.
#116112
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы

16-бап. Балаларға арналған ақпаратқа және ақпараттық өнімге қойылатын жалпы талаптар

      1. Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен тыйым салынған;

      2) осы Заңмен балаларға тыйым салынған;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгілі бір жас топтарындағы балаларға шектеу қойылған ақпарат жатқызылады.

      2. Балаларға тыйым салынған ақпаратқа:

      1) балаларды өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін әрекеттер жасауға, оның ішінде суицидке итермелейтін;

      2) балаларды қоғамға жат және құқыққа қайшы әрекеттерге арандататын;

      3) арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы;

      4) сексуалдық зорлық-зомбылықтың сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын;

      5) нормативтік емес лексиканы қамтитын;

      6) балалар арасында таратуға Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен тыйым салынған ақпарат жатқызылады.

      3. Интернет желісі арқылы таратылатын ақпараттық өнімді қоспағанда, балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді кәмелетке толмағандарға таратуға жол берілмейді.

      Балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді кәмелетке толмағандарға Интернет желісі арқылы таратқан кезде балалардың ақпаратқа қол жеткізуін шектеудің әкімшілік, техникалық, бағдарламалық құралдары немесе өзге де тәсілдері қолданылады.

      4. Белгілі бір жас топтарындағы балалар арасында таратуға шектеу қойылған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді таратуға осы Заңның 10 – 14-баптарының талаптарына сәйкес жол беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет