«Балаларды қоршаған ортамен таныстыру арнайы әдістемесі» бойынша сабақтарды ұйымдастыру жолдары жоспар

бет1/4
Дата16.03.2023
өлшемі1,03 Mb.
#172710
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Ақбаян апай

Орындаған: Шукиралиева Д.А
Тобы: 1901-10
Қабылдаған: Бақбергенова А.С
«Балаларды қоршаған ортамен таныстыру арнайы әдістемесі» бойынша сабақтарды ұйымдастыру жолдары

ЖОСПАР

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Тіршілік иелерінің өміріне қажеттілік туғызу және қолдау әдісі.
  • Балаларды қоршаған ортамен таныстыру.
  • Балаларды қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыру.
  • Балаларды қоршаған ортамен таныстыру сабағын ұйымдастыру.
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

«Тіршілік иелерінің өміріне қажеттілік туғызу және қолдау әдісі» балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Табиғатты қорғау арқылы жақсы нәтижеге жету – осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылауларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет