Балалардың туа біткен жүрек ақаулары



бет10/15
Дата16.11.2022
өлшемі57,97 Kb.
#158511
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ТБЖА

Электрокардиография. Жүректің электрлік өсі оңға ығысқан, оң қарыншаның гипертрофиясы белгілері (VІ тіркемеде жоғары амплитудалы R-тісшесі), әртүрлі дәрежедегі метаболикалық бұзылыстар байқалады.
Эхокардиография. Өкпе артериясының қақпақасты, қақпақ деңгейінде тарылуы көрінеді. Өкпе артериясы қақпағы арқылы жоғары жылдамдықты «құйын» тәріздес қан ағымының болуы және жүректің оң бөлігіне шектен тыс салмақ түсу белгілері болады.


9.1.5. ФАЛЛО АУРУЫ (триада, тетрада, пентада)




Цианозбен дамитын ақаулардың ішінде жиі кездесетін туа болған жүрек ақауларының бірі. Олардың ішінде ең жиі кездесетіні «Фалло тетрадасы» (өкпе артерия-сының тарылуы, қарыншааралық перденің жоғары орналасқан мүкістігі, аортаның оңға ығысуы (транспозициясы), оң қарыншаның гипертрофиясы). Бұл ақауда, өкпе артериясы тар болғандықтан, кіші қан айналым шеңберіне қан аз барады, ол үлкен қан айналым шеңберіне қарынша-аралық перденің мүкісітігі және ығысқан аорта арқылы веналық қан айдалады. Кейде бұл ақаулар жүрекше-аралық перденің мүкістігімен қосарланады. Бұндай ақау «Фалло пентадасы» деп аталады. Ал, оң қарыншаға қан ағу жолында тарылу болып, қарыншааралық перденің мүкістігі болмай, оның орнына сопақша тесік сақталып қалған болса – ақау «Фалло триадасы» деп аталады.


Фало тетрадасы (ФТ)


Фалло тетрадасыоң қарыншаның шығар бөлігінің әртүрлі деңгейдегі тарылуынан, жоғары орналасқан қарыншааралық переденің мүкістігі, кеңейген түбірі қарыншааралық мүкістіктің үстінен салбырап тұратын аортаның декстрапозициясы, оң қарынша миокардының гипертрофиясынан тұратын төрткомпонентті туа болған жүрек ақауы. ФТ таралған цианоздық («көк») ақаулардың арасында жиі кездесетін туа болған жүрек ақауы. Бұл ақаулардың ФТ 50-75% құрайды. ФТ жиі басқа ақаулармен қосарланады – жүрекшеаралық переденің мүкістігі (Фалло пентадасы), аортаның солжақты доғасымен, ашық артериальдық өзекпен, толық емес өкпе венасынің аномалиялық дренажымен және басқалармен қосарланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет