Балалардың туа біткен жүрек ақаулары



бет13/15
Дата16.11.2022
өлшемі57,97 Kb.
#158511
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ТБЖА

Рентгенограммада өкпе көрінісі қатайған, жүрек шар тәріздес, аортаның өрме бөлігі кеңейген болып келеді.
Эхокардиография. Супрастернальды аймақта аортаның тарылуы анықталады. Допплер-кардиография көмегімен тарылуан кейін орналасқан қанның жеделдеген құйынды ағымын анықтауға және тарылу деңгейінде қысым градиенттін есептеуге мүмкіндік береді.
Емі. Аорта коарктациясының «инфантильді» түрінде жедел хирургиялық ем жүргізіледі. Ақаудың асқынбаған түрінде операция жасаудың тиімді мерзімі болып науқастың 3-5 жасқа, сиректеу 10 жасқа келуі есептеледі.


9.1.7. Аорта сағасының тарылуы (АСТ)


Аорта сағасының тарылуыаорта қақпағының жармасының деформациясы және/немесе қақпалық, қақпаүстілік немесе қақпаастылық тесіктің тарылуы байқалатын туа болатын жүрек ақауы. Қақпалық тарылу жиірек (АСТ-нің барлық түрлерінің 60-70%), сиректеу қақпақасты тарылу (20-25%) және оданда сирек қақпақүсті тарылу (5-10%) кездеседі.
Гемодинамикасы. Аорта сағасының тарылуында гемодинамикалық бұзылыстар аортаға қан айдауға кедергінің болуына, айдалатын қанның өзінің азаюына байланысты болады және тарылуы дәрежесіне тәуелді болып келеді. Сол қарынша гипертрофияланады, оның қуысында соңғы диастолалық қысым артады, жүрек қан ағысы төмендейді, сол жүрекшеде және өкпе венасында қысым артады. Науқас өсе келе тарылу деңгейі, жүрек қуысы және жүректің қан айдауы арытуына байланысты, арыта түседі.
Клиникасы. АСТ-ның орташа деңгейінде клиникалық көрінісі көп білінбейді. Процесс үдегенде немесе айқын тарылуда ақаудың клиникалық белгілері науқастың клиникалық белгілері өмірінің алғашқы күндері-ақ біліне бастайды. Бұндай науқастарға келесі көріністер тән: терісінің бозғылттығы, ентігу, тахикардия, жүрек жетіспеушілігінің көріністері, аритмия, жүрек тұсының ауруы, әсіресе дене салмақ түскенде.
АСТ-да жүрек ұшы соғысы күрт күшейген, солға және төмен ығысқан, қол-аяғындағы пульстің әлсіздігімен қосарланып келеді. Аритериальды қысым орташа төмендеген. Жүрек шекаралары солға және төмен қарай кеңейеді. Жүрек негізінде систолалық діріл анықтауға болады. Жүректің 1-ші тоны әдетте күшейген болып келеді. Төстің оң жағынан 2-ші қабырға аралықта дөрекі «қырғыш», төстен сол жаққа және оң жақ мойын тамырларына қарай тарайтын, кейде систолалық шертпекпен қосарланатын, систолалық айдау шуы естіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет