Балалардың туа біткен жүрек ақаулары



бет14/15
Дата16.11.2022
өлшемі57,97 Kb.
#158511
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ТБЖА

Электрокардиография. Жүректің электрлік өсі қалыпты немесе солға ығысқан. Айқын тарылуда жүректің сол бөлімдерінің гипотрофиясы, ырғағының бұзылуының әр түрлерінің белгілері байқалады.
Эхокардиография. Сол парастернальды қалпында қарағанда, аортаның тарылуы және орналасқан жері көрінеді. Қақпақтық тарылуда аорталық жармалардың ашылуының кішіреюі, олардың деформациясы және комиссуралар бойынша жабысуы анықталады; қақпақүстілік тарылуда – Вальсальв синустары деңгейінде «құм сағат» белгісі; қақпақасты тарылуда – сол қарыншаның шығару жол аймағында мембрананы көреді.
Рентгенография. Әдетте, өкпе суреті өзгермеген. Сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі байқалғанда өкпе суретінің веналық типпен күшеюі анықталады. Жүрек мөлшері азды-көпті солға ұлғайған. Жүрек көлеңкесі айқын білінген мықынымен, диафрагма үстінде ұшымен көтеріңкі тұрады және оң жағынан кеңейген жоғары өрмелейтің аорта шығыңқы тұрады.
Емі. «Күйзеліс» жағдайларда жедел хирургиялық ем жүргізеді. Басқа жағдайларда хирургиялық ем сол қарынша мен аортаның арасындағы қысым градиенті 50 мм с.б.-нан артық болғанда жүргізіледі.
Туа болған жүрек ақауларының асқынулары 86 кестеде берілген.


86 КЕСТЕ
ТУА БОЛҒАН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫНЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ.


Мүше-лер мен жүйелер


Асқынулар

Ақау түрі

Жүрек тамыр жүйесі

Септикалық эндокардит
Ревматизм
Жыбыр артмиясы
Пароксизмальді аритмия
Бірен-сараң атриовентикулярлық блокада
Толық атриовентикулярлық блокада

Экстрасистолиялар


Толықсу /коллапсты/ жағдайлар

Ашықтығы артериялық өзек /ААӨ/
Өкпе артериясының жекелеген тарылуы /ӨАЖТ/, қарыншааралық перденің мүкістігі /ҚАПМ/.
Жүрекшеаралық перденің мүкістігі /ЖАПМ/, ҚАПМ, АОА
ЖАПМ-да ревматизмнің қосарлануы Эбштейн ауруы. ҚАПМ, ЖАПМ, Эбштейн ауруы

Жүрек перделерінің үлкен мүкістігі, өткізгіш жүйесінің жекеленген ақаулары /аномалиялары/.


Барлық туа болған жүрек ақаулары, «Көк» ақаулар, үшінші даму сатысы.

Тыныс мүшелері

Баяу дамыған пневмониялар, сему /ателектаз/
Созылмалы пневмония
Бірінші реттегі өкпе туберкулезі

Кіші қан айналымының толықсумен туа болған жүрек ақауларының бірінші даму сатысы: ААӨ, жүрек перделерінің мүкістігі, жалпы артериялық сабақ, магистральды тамырлардың транспозициясы.
Кіші қан айналым шеңберінің толықсуымен дамитын туа болған жүрек ақауларының ІІ-ші–ІІІ-ші сатысы.
Кіші қан айналым шеңберінің толықсуымен дамитын ақаулар

ОНЖ

Гипоксемиялық ұстамалар
Ми қан айналымының бұзылуы, ми абсцессі

Қан құйылулар, эмболиялар



Кіші қан айналым шеңберінің азаюымен дамитын «көк» ақаулардың І-ші сатысы
Кіші қан айналым шеңберінің азаюымен дамитын ақаулардың І-ші–ІІІ-ші сатысы
Аорта коарктациясы, аорты немесе субаорталық тарылу, оңнан солға қарай бағытталған шунты бар жүрек перделерінің мүкістігінің парадоксальды эмболиялары,

Қан жасау мүшелері

Гипохромды салыстырмалы анемия
Геморрагиялық диатез

Туа болған «көк» жүрек ақауларының І-ші сатысы
«көк» жүрек ақауларының ІІІ-ші сатысы



Туа болған жүрек ақаулары бар науқастарды емдеу

І-ші сатысы қолайсыз дамығанда және консервативті ем көмектеспейтін жүрек шамасыздығы дамығанда, ерте жасында хирургиялық ем қолдану керек.


Хирургиялық ем туа болған жүрек ақауларының ІІ-ші сатысында 3-12 жаста жасалуы керек. Терминальды сатыда жасалған хирургиялық ем нәтиже бермейді, өйткені жүректе, өкпеде, бауырда, бүйректе дистрофиялық және дегенеративті өзгерістер пайда болады.
Туа болған жүрек ақау бар балаларға таза ауада ұзақ болуды, мүмкіншілігіне қарай қозғалыс жасауды /дене тәрбиесі/ қамтитын күн тәртібін жасау керек. Баланы шынықты-рып, иммунитетін жоғарлатуға, жұқпалы аурулардан қорғауға қызмет қылу керек.
Туа болған жүрек ақауы анықталғаннан кейін өмірінің алғашқы 2 жыл бойына міндетті түрде 3-4 айда 1 рет /І-ші сатысында/, одан соң жылына 1-2 рет жүйелі түрде рентгенологиялық, электрокардиографиялық тексерістер жүргізіп, қан қысымын өлшеп, дәрігер-кардиолог диспансерлік есепке алып, бақылап отыруы керек.
Туа біткен жүрек ақауы бар балаларды емдеу екі мәселені шешуге бағытталған болуы керек: 1. Жалпы ауыр жағдайда жедел көмек көрсету. 2. Әртүрлі асқынулары және ілеспелі аурулары бар науқастарды емдеу. Бұлардың ішінде жедел немесе жеделдеу жүрек шамасыздығын емдеу бірінші орында тұрады /жүрек шамасыздығын қара/.
Оттегі жетіспеушілігінің айқын белгілері байқалса, глуматин қышқылын береді. Аэротерапияны және оттегімен емдеуді кең қолдану керек.
Сол қарыншаның жедел шамасыздығында қарсы ем /15-20 минут бойы 20% спиртпен ылғандандырылған оттегі/ қолданылады. Өкпе гипертензиясы немесе кіші қан айналымында гипертониялық криз дамығанда, венаға 2,4% эуфиллин жіберіп, раувольфин /серпазил және резерпин/ препараттарын қолдану керек
Кіші айналым шеңберінің азаюымен дамитын туа болған жүрек ақауларында, қайталанатын және темірге зәру анемияда ауырлау болатын, гипоксемиялық ұстамалар байқалады. Осыған орай реңдік көрсеткіш 0,8 төмен болса, құрамында темір бар дәрілер /ферроцеррон, ферракаль/ қолдану, ал ауыр жағдайларда венаға /феррумлек немесе фербитол/ жіберу керек болады. Бұл дәрілерді гемоглобин мөлшері 150-160 г/л-ге дейін көтерілгенше қолдану керек.
Гипоксемиялық ұстамада ақыл-есі сақталған болса, оттегімен демалдырып, тыныш-тандыратын дәрілер /димедрол, пипельфен, промедол/, кардиамин тағайындау керек (87 кесте).
87 КЕСТЕ
Ерте жастағы балалардағы Фалло тетрадаСында байқалатын гипоксемиялық криздің емі
(В.И. Бураковский, Б.А. Константинов)

Ұстаманың жеңіл түрі (ес-түсі сақталған)

Ұстаманың ауыр түрі
(ақыл-ес жойылған, тырысу, апноэ және т.б.)

Оттегімен демалдыру промедол 1мг/кг- бұлшықетке кордиамин
0,3-1мм-етке



Венаға тамшылатып: декстран 50-100 мл. Натрий гидрокорбанаттың 5% ертіндісі 20-100 мл. Плазма 10мл/кг. Эуфиллин 2,4% 1-4 мл. С витамин 500 мг.
В витамин, В -5 процент 0,5 мл, В -витамині 10 мл
Глюкоза 20%-20-40 мл
Инсулин 2-4 бірлік
Аппаратпен демалдыруға көшіру қызу түсіретін дәрілер. Жедел операция.

Гемипаралич немесе парез сияқты ми жағынан асқынулар гипоксемиялық ұстамада байқалатын ми тамырларындағы қан тоқырау /стаз/ болмаса – оң жақтан солға қарай қан айдағанда байқалатын пародоксальды эмболия нәтижесінде болуы мүмкін. Бұндай ауруларды емдеу балалар неврологтармен бірлесіп жүргізілуі керек.


«Көк» ақауларда кездесетін милық асқынулардың алдын-алу үшін балаға жеткілікті мөлшерде сұйықтық беріп отыру керек. Терминальды сатысында бұндай асқынулар байқалған кезде, бұзылыстардың патогенезін анықтау үшін /тромбоз, қан кету/ қан ұйыу және оған қарсы әсер ететін жүйелердің көрсеткіштерінің тексеру керек.
Кардиосклерозда байқалатын, стенокардиялық синдромға меңзейтін, жүрек аймағы ауыратынына жағымданса, промедол немесе фенобарбитал қолдану керек.
Валидол мен нитроглицеринді сақтықпен қолдану керек. Жүрек гликозидтермен немесе кардиотомиялық дәрілермен емдеу керек.


88 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет