Туа болған жүрек ақауы диагнозын қоюдың келесі сатылары бар:
1. Туа болған жүрек ақауын анықтау.
2. Негізгі гемодинамикалық бұзылыстарын, яғни ақаудың қай синдромға жататындығын анықтау.
3. Ақаудың анатомиялық түрін анықтау.
4. Функциялық диагнозын, яғни ақаудың дамуы сатысын анықтау.
5. Асқынуларын анықтау.
6. Жүрек жетіспеушілігін анықтау.
ТБЖА үш негізгі фактормен анықталады: Ақаудың анатомиялық ерекшелігі, орынын толтыру (компенсациялану) дәрежесі (ауру фазасы) және ақаудың асқынуының пайда болуы. Негізінен ТБЖА-ң өту сатысына тәуелді болады (Ширяева И.Ф.).
Бірінші сатысы – алғашқы бейімделу (адаптациялану) сатысы – ақаудың гемодинамикалық бұзылыстарына сәби организмінің бейімделуімен сипатталады. Егер гемодинамиканың бұзылуы шамалы болса, онда клиникалық көріністер аздап байқалуы мүмкін. Гемодинамика едәуір бұзылғанда, миокардтың тұрақсыз гиперфункциясы пайда болады. Ерте жастағы балалардағы қай анатомиялық ақау ауыр өтуі мүмкін және кейде өліммен аяқталуы да мүмкін. Егер ТБЖА бар балалар аурудың бірінші сатысында өлмесе, онда 2-3 жылдан соң жағдайы және ақауы жақсарады.
Одан әрі 2-ші сатысы, яғни салыстырмалы компенсациялық сатысы, дамиды. Бұл кезеңде субъективті шағым азайып, ақаудың ауырлығына қарамай, толығымен жойылады. Дене дамуы және қозғалғыштығы жақсарады.
3-ші терминальды саты – компенсаторлық мүмкіншілігі нашарлайды және барлық мүшелер мен жүрек бұлшық еттерінде дегенеративті және дистрофиялық өзгерістер пайда болады.
Қазіргі уақытта жүректің компенсаторлы гиперфункциясын 3 сатыға бөледі.
І авариялық саты: ақау пайда болған соң, тікелей дамитын сатысы және миокардтың функциональды құрылыстық күшінің артуымен сипатталады.
ІІ сатыда гипертрофия аяқталып және гиперфункциясы салыстырмалы тұрақтанып, миокардтың функциялық құрылысы, күші қалпына келеді.
Гиперфункция салыстырмалы түрде тұрақты болғанымен, жүректің реттелуі, құрылысы нуклеидты қышқылдардың және белоктың қарқынды жинақталуы төмендейді, зат алмасуы бұзылады.
ІІІ сатысы кардиосклероздың өршіп дамуына байланысты гипертрофияланған миокардтағы нуклеин қышқылдарының және белоктың қарқынды жинақталуы төмендейді.