Эхокардиография. Допплер-эхографиялық зерттеулерде өкпелік бағана бифуркация-сы аймағында қанның патологиялық ағымын анықтауға болады. Сиректеу төмен құлдырайтын аорта мен өкпе артериясының арасында эхобос қуыс түрінде ААӨ-тің өзі анықталады. Сонымен қатар, сол қарыншаға көлемдік, кеш сатыларында жүректің оң жақ бөлігіне, шектен тыс салмақ түсу және өкпе гипертензиясы белгілері байқалуы мүмкін.
Емі. ААӨ туа болған жүрек ақауының (ТБЖА) басқа түрлерінің патогенезінің компенсациялық сатысының функциясын орындамайтын болса өзектің дәрілік облитерация әдісін қолдану керек. Ол үшін индометацин (E2 және I2 простогландин ингибитролары) қолданылады: венаға 0,1-0,2 мг/кг, күніне 12 сағат сайын 1-2 рет, 1-3 күн бойына. Бұл тәсіл сақтықпен қолданылады, себебі оның көптеген қарсы көрсеткіштері мен асқынулары бар. Соңғы жылдары оның орнына ибупрофен қолданады. Оталық емге көрсеткіш болып 8-12 аптылық балада ашық аретриялық өзектің анықталуы есептеледі. Себебі, бұдан кейін оның жабылу мүмкіндігі өте төмен болып келеді және өте кішкене болсада мүкістіктің болуы екіншілік асқынулардың себебі болуы мүмкін. Кішкене ААӨ-те операция жасаудың тиімді кезеңі болып 2-5 жас арасы есептеледі. Қанайналым жетіспеушілігі байқалатын үлкен ААӨ-те операция жедел түрде жасалады. Жоғары склеротикалық өкпе гипертензиясы байқалса, оталық ем жасауға болмайды.
КІШІ ҚАН АЙНАЛЫМЫНЫҢ АЗАЮЫМЕН ӨТЕТІН ТУА БОЛҒАН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ
Кіші қан айналымының азаюы оң қарыншадан аққан қанның жолында кедергінің пайда болуы. Бұндай ақаулардағы гемодинамикалық өзгерістер ақаудың сипаттамасына емес, оның тарылуына байланысты. Жекелеген кедергілер болуы мүмкін, бірақ көбіне бұл ақаулар басқа аномалиялармен қосарланады да, жүректің оң бөлігінен сол жаққа айдалатын қан мөлшерін анықтайды, демек тінге баратын қанның оттегімен қанығуын төмендетеді.
Науқастың негізгі шағымдары тахипноз және көптеген ақауларда үдемелі цианоз болып есептелінеді. Ерте жастағы балаларда тахипноз цианоздың арытуымен, кейде есінен айырылуымен анықталатын гипоксемиялық ұстамалар байқалады. Ұстамалар ОНЖ-де компенсацияланбаған оттегі жетіспеушілігінде байқалады. Әдетте, ұстаманың үдеуіне гипохромиялық анемия әсерін тигізеді, көбіне ми қан айналымы бұзылады.
Ақаудың терминальды сатысы геморрагиялық диатездің дамуымен жүректің оттегі-нің үдемелі жетіспеушілігімен немесе созылмалы жүрек шамасыздығымен сипатталады.
9.1.4. Өкпе артериясының жекелеген тарылуы (ӨАЖТ)
Қақпақтың сағасының бөлінбеуі қақпақтың тесігін тарылтып, кіші қан айналым шеңберіне қан айдалуын азайтып, оң жүрекке шектен тыс салмақ түсуіне әкеліп соқтырады. Өте сирек оң қарыншадан шығар бөлігінің тарылуы байқалады.
ӨАЖТ-ның бірнеше түрі болуы мүмкін: Өкпе артериясының қақпағының жарма-сының тарылуы, оң қарыншаның шығаратын жолының қақпақасты (инфундибулярлы) тарылуы, өкпе артериясының қақпақасты тарылуы. 10% балаларда бұл ақау ЖАПМ-мен немесе овальды тесіктің бітпеуімен қосарланып Фалло тетрадасы (өкпе артериясының тарылуы, ЖАПМ, оң қарыншаның гипертрофиясы) тәріздес дамуы мүмкін. Сонымен қатар, өкпе артериясының тарылуы ААӨ-пен, аорта коарктациясымен қосарлануы мүмкін. Гемодинамикалық бұзылыстарды компенсациялау оң қарыншаның қан айдау сатысын ұзарту арқылы іске асырылады. Оң қарыншадан қанның кедергісіз ағуына қарсылық болуына байланысты және онымен өкпе артериясының арасында қысым айырмашылығы жоғары болып қалыптасатындықтан біртіндеп оң қарыншада диастолалық қысым артады, кейінірек бұндай көрініс оң жүрекшеде байқалады. Жүректің оң бөліктерінде гипертрофия және дилятация пайда болады. Кіші қан айналымында қан мөлшері азаяды. ЖАПМ немесе овальды тесіктің ашық болуымен қосарланса, қанның веналық-артериялық айдалуы байқалады.
Науқасты тахипноэ мазалайды. Цианоз науқастың үшінші сатысында, созылмалы жүрек шамасыздығы дамығанда, пайда болады. Жүрек шекараларының көлденен мөлшері үлкейеді, төстің сол жағынан екінші қабырғааралықта қатқыл систолалық шу естіледі. ІІ-тонның өкпе артериясының аймағында әлсірегені, І тонның жүрек ұшында күшейгені байқалады. Артериялық қысым өзгермейді.
Рентгенмен тексергенде жүректің оң бөліктерінің және әдетте өкпе артериясының (тарылудан кейінгі кеңеюі) өкпенің тамырлар суретінің азаюы мен үлкеюі анықталады. Өкпе гипертензиясының склеротикалық сатысында тамырлық суреттің азаюы, өкпе артериясының күрт шығып тұруы, өкпе түбірінің айтарлықтай кеңеюі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |