Балалардың туа біткен жүрек ақаулары



бет5/15
Дата16.11.2022
өлшемі57,97 Kb.
#158511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ТБЖА

Электрокардиография. Аурудың ерте сатыларында жүректің электрлік өсі аздап солға, содан кейін оңға ығысады. Жүректің оң және сол бөліктері гипотрофиясы белгілерін, миокардта метаболикалық бұзылыстар, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстар белгілерін анықтауға болады.
Эхокардиография. ҚАПМ-тің негізгі белгісі – пердедегі мүкістіктің анықталуы (эхобелгінің үзілуі). Доплер-эхокардиография айдалған қанның мөлшерін, бағытын, қанның регургитациясының ағымының бар-жоғын, болса, өкпе гипертензиясның бар екенін және оның деңгейін білдіретін, оның үш жармалы қақпаққа және өкпе артериясының қақпағына қысымын көрсетеді. Жанама белгілер (жүрек қуысының және олардың қабырғасының өзгеруі, көлемдік шектен салмақ түсу көрсеткіштері) гемодинамикалық бұзылыстардың айқындылығын сипаттайды.
Рентгенограммада кішкене мүкістерде өзгеріс байқалмайды. Қан айдалуы үлкен болғанда, артериялық тамырлардың қанға толысып кетуіне байланысты. Өкпенің суреті күшейеді. Өзіне тән жүрек формасы болмайды, жүрек мықыны тегістелген, қарыншалар үлкейген, өкпе артериясының доғасы шығыңқы болуы мүмкін.
Балалардың қарыншааралық перденің мүкістігінің төмендегідей ақырын байқауға болады:
1. 0,5 % жағдайда өзінен өзі жабылып кетеді. Кішкене мүкістікер, әдетте, 5-6 жаста жабылады.
ҚАПМ жабылуы үйірмелі қан ағысының нәтижесінде перденің шеттерінің фиброздануына байланысты оның толысып немесе үш жармалы қақпақтың септальды жармасының жабылу әсерінен жүреді.
2. Эйзенменгер синдромының дамуы – ҚАПМ-ның соның үстінде отырған тәрізденіп аортаның солға ығысуымен және жоғары дәрежедегі өкпе гипертензиясымен қосарлануы. Оң қарыншада қысымның жоғары болу нәтижесі веноартериялық қан айдау болады да, баланың бетінде, ернінде, саусақтарының ұшында алғашқыда қызғылт (шие тәріздес), содан соң көк және күлгін түсті цианоз пайда болады.
Систолалық шу жойылып кетеді, бірақ өкпе артериясында ІІ-тонның айқын акценті байқалады. Кейде өкпе артериясының жарамсыздығының протодиастолалық шуымен қосарланады. Сонымен бірге, жүректің және бауыр көлемі, оң қарыншаның, қанның аортаға кедергісіз айдалуына байланысты, босау нәтижесінде, кішірейеді.
Науқас балалардың пневмониямен ауруы сирейді. Бұндай науқастардың жағдайынын жалғап жақсаруы медицина қызметкерлерін теріс жолға салып жібереді. Ал, дұрысында науқастың жағдайының нашарлауы болып келеді.
ЭКГ-да жүректің оң жағының гипертрофиясының белгілері байқалады.
Рентгенограммада өкпе суретінің шеттерінде азаюы, тамыр аймағында «жабылған ағаш белгісі» тәрізденіп күшейіп, өкпе артериясының доғасының айқын шығыңқылығы байқалады.
3. ҚАПМ-нің Фалло тетрадасының «ақшыл түріне» ауысуы. Мүкістік арқылы қанның үйіріліп айдалуына байланысты, қақпа астында өкпе артериясының тарылуы пайда болады да, осының нәтижесінде Фалло тетрадасының «пайда болған» түрі құралады. Ақаудың клиникалық белгілері өзгереді: өкпе артериясы тарылғандықтан қан айдалуы азаяды да, балалардың пневмониямен науқастануы сирейді, цианоз пайда болады, жүрек мөлшері кішірейді, жүрек шамасыздығының белгілері азаяды. Екінші реттегі шу (өкпе артериясының тарылу шуы) пайда болып, келе-келе басым бола түседі, өкпе артериясындағы ІІ-тонның акценті /басымдылығы/ төмендейді.
Рентгенограммада жүрек, өкпе артериясының доғасының семуі нәтижесінде, өзінің түрін (конфигурациясын) өзгертеді («башмақ» тәріздік), өкпе суреті азаяды.
Емі. Кішкене (рестриктивті), гемодинамикалық бұзылыстар байқалмайтын ҚАПМ-де оталық ем жүргізілмейді. Дегенмен, екіншілік асқынуларды дер кезінде анықтау үшін тұрақты бақылап отырады. Үлкен ҚАПМ-терде (солдан оңға қан құйылу айқын байқал-ғанда) оталық ем гемодинамикалық бұзылыстардың айқындық дәрежесіне және консерва-тивті емнің тиімділігіне байланысты, тағайындалады. Ота жасауға ең тиімді болып 3 және одан үлкен жас есептеледі. Дегенмен, көп жағдайда, екіншілік асқынулардың алдын-алу үшін, балаларға емшек жасында хирургиялық ем қолдануға тура келеді. Оталық емді науқастарда өкпе гипертензиясының склеротикалық сатысында жасауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет