Балалармен өткізілетін жеке жұмыстың үлгі- жоспары Тақырыбы: «Ойлай отырып, ойнайық» Мақсаты



Дата18.12.2021
өлшемі33,94 Kb.
#102408
Байланысты:
Балалармен жеке жұмыс


Балалармен өткізілетін жеке жұмыстың үлгі- жоспары

Тақырыбы: «Ойлай отырып, ойнайық»

Мақсаты: Қыс, көктем мезгілдері туралы білімін жетілдіру.

Түрлі ойындар арқылы танымдық белсенділігін арттыру.Қол-саусақ моторикасын дамыту.



Міндеті: Көктемде табиғаттың біртіндеп оянатынын айту. Баланың сөздік қорын байытумен бірге танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Тілін дамытып, ой-өрісін кеңейту.Баланың қызығушылығын арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Көктем, қыс суреті. Қорапша,сары дөңгелек пішіндер, түрлі- түсті қысқыштар, сүлгі, тікенекті құрастырғыштар.

Баламен әңгімелесу жұмысын жүргізу.

Балаға бірнеше сұрақтар қою:

-Балабақшаға кіммен келдің?

-Балабақшада достарың бар ма?

-Достарың кімдер? -Балабақшаға қандай көңіл-күймен келдің?

-Балақай қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Саған қандай мезгіл ұнайды?

1.Балаға жыл мезгілдері туралы ақпарат беріліп, жыл мезгілдерінің өзгерістерін суретке орналастыру ұсынылады.

-Суреттерді мезгілдерге сәйкестендіреді.



2. Дидактикалық ойын.

-Бұлт қайда болады?

-Бұлттан не жауады?

-Бұлттың түсі қандай?

Балақай қане, сопақша пішінді пайдаланып, бұлтқа қыстырғыштарды қыстырып, жаңбырдың тамшыларын жасайық.

-Ойынды аяқтағаннан кейін, баланы мадақтау.



3.Дидактикалық ойын. «Түрлі-түсті кемпірқосақ»

Түкті құрастырғыштарды пайдаланып, кемпірқосақтың суретіне қарап, түрлі –түсті түкті құрастырғыштарды пайдалынып, кемпірқосақ құрастыру.



Сергіту сәті

Қолға арналған массаж. Көңілді қаламды алып, алақан арасына алдымен жәймен, сосын тез дөңгелетеміз.



Саусақ жаттығуы қолға. Қолға арналған массаж.

«Қолымызды жылы суға жуамыз»-қолды жуудаға қимылды келтіру.

«Қолды жылытамыз» -екі қолды бір-біріне ысқылау арқылы уқалауды көрсетеміз. «Әр саусақты созу», «Екі қолды біріктіріп, жақсы көңіл-күймен алақанды соғу».

Релаксация

«Түрлі-түсті гүл шоғы»

Мақсаты: балалардың эмоцианалды көңіл-күйін көтеру.

Балалар біз, орман алаңымен келеміз деп елестетіңдер.Күн ашық, құстар сайрап жүр, самал жел соғып тұр. Өсімдіктердің хош иісін байқаңдар?!

Біз орманда саяхаттамыз, мұнда түрлі-түсті гүлдер бар, ақ, қызыл, көк, сары т.б.

Гүлдерді жұлуға болмайды. Олар біз секілді өмір сүреді. Енді, сіздерге ұнаған гүлді таңдаңыз. Оның түсін , көлемін байқаңыз, естеріңе сақтаңыздар. Енді бізге кейін оралу керек.

«Гүл шоғы» жаттығуы

Мақсаты: Қол саусақ маторикасын дамыту. Сиқырлы қораптағы гүл күлтешелерін түстеріне қарай, түймелеу арқылы әдемі гүлді құрастырамыз.Балалар алда қандай жыл мезгілі келе жатыр? Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар?

-Дұрыс айтасыңдар! –Аналар мерекесі келе жатыр.

Әдемі гүл шоқтарын анамызға сыйлауға дайындап қойдық. Жарайсыңдар!



Қорытынды:

Балақай, бүгінгі қызықты тапсырмалар саған ұнады ма?

-Жыл мезгілдерінде қандай өзгерістер болады екен?

Баланы мадақтап,марапаттау



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жыл мезгілдерінің атауларын.Түстерді ажырата алуды.

Игереді: Шығармашылық қабілетінің дамуы. Ортамен қарым-қатынасқа ашыла түсуді.

Меңгереді: Құрастыру барысында сәйкестік пен қимылдың белсенділігін. Танымдық қабілеттерінің дамуы.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет