Баланың жас ерекшеліктері туралы ұғым



Дата15.12.2021
өлшемі103,08 Kb.
#101127
Байланысты:
жас ерекшелік

Жас ерекшелік туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі.

Жас ерекшелік :

Педагогикада зерттелуі

  • Педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. 

Жеке адам түсінігі

  • Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адам.
  • Қалыптасу дегеніміз — адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.ды жеке адам деп түсінеміз.

Жас ерекшеліктерін ескеру туралы ежелгі педагогтар ойы

  • Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.

Жас ерекшеліктерін жинақтау әдісі

  • Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады.

Бөліну сатылары

  • Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:
  • 1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
  • 2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);
  • 3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
  • 4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
  • 5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);
  • 6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);
  • 7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін)

4 жаспен 7 жас аралығы

  • Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.

Бастауыш мектеп жасы

  • Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі. Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудық келесі сатысына көшуге дайындап отырады.

Жеткіншек шақ

  • Жыныстық толысу тез жүреді:
  • — қыздарда — 11-13 жас;
  • — ер балаларда — 13-15 жас.
  • Дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек.
  • Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл — ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады

Жасөспірім шақ

  • Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.
  • Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері — мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді.

Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері

  • Баланың дербес ерекшеліктері тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады.
  • Әрбір адамның қасиеттерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді.
  • Жүйке жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа ала отыру керек.

Темперамент:

  • 1.Холерик
  • 2.Сангвиник
  • 3.Меланхолик
  • 4.Флегматик

Практикалык бөлім:

  • Жас ерекшелік кезеңдерін талданыздар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет