Бала қай жасында кітап оқуды бастауы керек? Балаға туылған күннен бастап кітап оқу маңызды. Балаларға дауыстап оқыңыз, ән айтыңыз, кітаптардағы суреттерді көрсетіңіз. Бала үшін кітап ата-анасын еске түсіртетін болады. Ең жақын жандары болып табыла- тын ата-аналары үшін кітаптың маңызды екенін көрген бала, кітапты жақсы көре бастайды, мұқият тыңдап, сіз оқыған кітаптардан ләззат ала бастайды.
Ата-аналарға кеңес. Кітапты қалай оқу керек?
Мамандар балаға 3 айлық кезінен кітап оқи бастауға кеңес береді.
1 жасқа дейінгі сәбиге кітап оқу кезінде оны алдыңызға алғаныңыз
жөн. Дамуға арналған кітап-ойыншықтың беттерін бірге ауыстырып, әрбір беттегі суреттерге жеке тоқталғаныңыз дұрыс.
Уақыт өте келе беттері қалың кітаптарды интерактивті кітаптарға ауыстыруға болады.
Суреттері бар кітапты оқу кезінде суретті нұсқап, атын айтыңыз, сол
кезде бала сөз бен суреттің бір екенін түсініп, екеуін байланысты- рады. Сондай-ақ, баланың сөздік қорын кеңейтуге септігін тигізеді.
Кітап оқу барысында басты кейіпкерге тән мінез-құлық пен дауыс-
Қаншалықты жиі және ұзақ оқуыңыз балаңыздың сабырлығы мен шыдамдылығына байланысты. Кітап оқуға баулудың алғашқы кезінде балаңыз кітап оқуға қызығушылық білдіре қоймайды, сон- дықтан бірнеше минут отыруы мүмкін, бірақ кітап оқуды әдетке айналдырсаңыз, баланың кітап тыңдауға құлшынысы оянып, ұзағы- рақ отыруы мүмкін. Сондай-ақ, сіздің үнемі кітап оқуды ұсынуыңыз, бастамаларыңыз бен әртістік қабілеттеріңіз балаға кітап оқудың қызық екенін сезіндіруі мүмкін.
Сіз неғұрлым көп оқитын болсаңыз, соғұрлым кітап оқу баланың да күнделікті ісіне, әдетіне айналады. Мамандардың кеңесіне сүйен-
сек, мектепке дейінгі жастағы балаларға күндіз немесе кешке, ал бастауыш мектеп оқушыларына ұйықтар алдында, түнде ертегі оқығаныңыз дұрыс.