6 АЙДАН 3 ЖАСҚА ДЕЙІН 6 айлығынан балаға қалың беттері бар, әсіресе картоннан жаса- лынған кітаптарды ұсынуға болады. Үлкен және түрлі түсті суреттері бар кітапты таңдау керек. Бұл жаста бала әлі оқи алмайтын болған- дықтан, сөздер мен сандардың көп болмағаны дұрыс. Бүлдіршіндер суреттерді қарағанды жақсы көреді. Сол суреттерге қатысты шағын өлең шумақтары болса да жақсы. Оған осы тақпақты оқып жатқанда бала мағынасын түсінбесе де, жолдардың ұйқасын келтіретін сөздердің оның дамуына әсері зор екені сөзсіз.
3-4 ЖАСТА Бұл жастағы балалар жануарлар мен өсімдіктер туралы тыңдағанды жақсы көреді. Пайдалы танымдық мәліметпен қатар, әдемі және сапалы суреттердің болғаны дұрыс.
4-6 ЖАСТА Бала өте жылдам өседі, барлығын білгісі келеді, сондықтан барлық сұрақтарына жауап беретін балаларға арналған энциклопедиялар бұл жастағы бала үшін таптырмас кітаптар. Сондай-ақ, кітап-ойын немесе бояғыш кітаптар баланың көңілін аулап қана қоймай, оның зияткерлік дамуына да септігін тигізеді. Кітап сатып алу кезінде оның өлшемдеріне назар аудару керек. Егер кішкентай кітап сатып алсаңыз, жазуы ұсақ болып, баланың көру қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, балалар оқи алмаса да, сөздердің ішінде таныс әріптерді іздейді. Ал ұсақ жазудың ішінде таныс әріпті ажырата алмайды. Иллюстрацияларға да көп мән беріңіз, себебі бұл жастағы балалардың оларды қоршаған болмыс туралы түсінігі суреттерден қалыптасады, сондықтан иллю- страциялар да шынайы және табиғаттың заңдарына, басқа да заңдарға қайшы болмауы керек. Сурттердің түсі жылы, көзге бірден басылмай- тын, баланың нәзік психикасын зақымдамайтындай болуы керек.
7-11 ЖАСТА Әңгімелері бар кітаптарды таңдаңыз, себебі бұл жаста бала оқиғалар желісі қиынырақ әдебиетті де түсіне алатын кезі. Бұл жастағы бала шағын оқиғаның желісін жүйелеп, түсіне алады. Бала кітаптың келесі бетінде не туралы айтылатынын немесе оқиғаның немен аяқталатынын болжай алады. Сондай-ақ, кітаптағы оқиғаға қатысты өз ойын білдіре алады. 7-11 жастағы балаларға иллюстрациялары бар сурет таңдау мін- детті емес.
Кітап дүкеніне немесе кітапханаға ұлыңызбен немесе қызыңызбен бірге барып, балаға қызықты тақырыптарға кітаптарды қараңыздар. Мысалы, аттар, ғарышқа сапар, мәнерлеп сырғанау мен динозаврлар
– балаға қызықты кітаптардың кез келгенiн таңдай берiңiз. Балаңыз бастапқыда классикалық шығармаларды оқуға қызығушылық таныт- паса, уайымдамаңыз. Біздің басты мақсатымыз – бұл жастағы бала- ларды әдеби шығармаларды оқуға мәжбүрлемей, кітап оқуға баулу, кітапқа деген қызығушылығын жоғалтып алмау.