Кітап күнделікті өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналуы керек. Ата-анасы 10-15 минут бос уақыты пайда болған кезде балаларына дауыстап оқып беретін бірнеше кітаптың болғаны дұрыс.
Жергілікті кітапханада оқырман билетін аштырыңыз. Балаңызды
ертіп, кітапханаға барыңыз. Бірге уақыт өткізу, бірлесіп кітап таңдау сіздерді жақындатып қана қоймай, балаңыздың қандай тақырып- тарға көбірек қызығатынын білуге мүмкіндік береді.
Балаңызға оған қызықты тақырыптар аясында жазылған кітаптарды
табуға көмектесіңіз. Проза болса да, журнал немесе комикстер болса да оқуға рұқсат етіңіз, себебі қазір не оқитыны емес, оқығысы келетіндігі маңызды.
Балаңызға дауыстап оқу кезінде ыңғайлы орын таңдаңыз, себебі
ыңғайлы орын – баланың алаңдамай, оқығаныңызды мұқият тыңдайтындығының кепілі.
Оқу барысында балаңызға келесідей сұрақтар қойыңыз: Ары қарай
не болады деп ойлайсың? Кеше оқиғаның қай жеріне дейін оқы- дық? Басты кейіпкерлердің аттары кім? Саған кейіпкерлердің қай- сысы ұнайды? Неге? т.б.
Бір бос минутыңыз бола қалса, балаңызға дауыстап оқыңыз. Өзіңіз-
бен үнемі кітап алып жүріңіз. Мысалы, дәрігерге кезекті күтіп тұрғанда, басқа да жағдайларда балаңызға кітап оқып бере аласыз.
Балаңыз жақсы көретін кітапты, кітаптың қызықты, есте қалған,
ұнататын бөліктерін қайта-қайта оқудан жалықпаңыз. Бірнеше рет оқығаннан кейін баланың тілі жаттығып, бала тез оқи бастайды. Ал ол өз кезегінде баланың өзіне деген сенімділігін арттырады.
Балаңызға ұйықтар алдында, кез келген уақытта ертегілер мен
басқа кітаптарды дауыстап оқыңыз. Дауыстап кітап оқу – баланың демалып, ұйқыға дайындалуының ең жақсы жолы.
Кішкентай балаларға санамақтар мен тақпақтарды (әсіресе жол- дары мен сөздері қайталанатын, ұйқасқан) оқыған өте пайдалы. Оларды тыңдап отырған бала, жаңа сөздерді қайталап, есте сақ- тауға тырысады.
Кітаптар баланың қызығушылық танытатын тақырыптарына сәйкес болуы керек. Мысалы, балаңыз ғарыш кемелеріне қызығатын болса,
оған ғарыш кемелері туралы кітаптарды сатып алыңыз. Ал қызыңыз көбелектерді жақсы көретін болса, көбелектер туралы кітаптар, ертегілерді тауып бергеніңіз жөн. Егер балаңызбен кітапханаға немесе кітаптар дүкеніне келген болсаңыз, өзіңізге ұнайтын кітапты сатып алуға мәжбүрлемеңіз.
Бастысы! Балаларыңыз сіздің кітап оқудан ләззат алатыныңызды көруі керек. Бала ата-анасының кітап оқитынын көруі керек...
КІТАПТЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАҢДАУ КЕРЕК Балаға кітап сатып алу айтарлықтай жауапты іс. Аналар мен әкелер өз баласына кітап сатып алу кезінде өте мұқият болулары қажет. Ең басты шарт
– кітап баланың жасына сай таңдалуы қажет.
4 АЙ Бұл жастағы баланың қолы заттарды ұстауға икемделген, сондықтан дамы- туға арналған кітаптарды таңдаған жөн. Көп жағдайда дамытуға арналған кітаптарды жасауда маталар, су өткіз- бейтін материалдар, бұдырлы заттар мен түрлі толтырғыштар қолданады.
Бұл сияқты ктіаптар суреттерді қолмен ұстап көруге мүмкіндік береді, нәтижесінде баланың қолының ұсақ моторикасы жетіледі.