2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру; 3) Құрғақшылықпен күресу. Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне: - ірі ирригациялық жүйелерді жасау; - оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру; - барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады. Құқықтың дамуы адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы.