Баланың психикалық дамуындағы ойынның ролі
Ойын əрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері
неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-əрекеттің кейін дербес мəнге ие болатын
өзге түрінің де негізі қаланады.
Ойын əрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына əсер етеді.
Сонымен балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Ойын жағдайында
балалар лабороториялық тəжірибе жағдайынан гөрі əр нəрсеге жақсы зейін тоқтатады
жəне көбірек есінде сақтайды. Бала үшін саналы мақсат ойын арқылы ерте жəне
бəрінен оңай бөлінеді. Ойын шарттарының өзі баладан ойын жағдайында ендірілген
заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала
алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте
ұстамаса, оның құрдастары шеттетеді. Қарым-қатынасқа, эмоциялық мадақтауға
қажеттілік баланы мақсатты бағытталған зейін тоқтатуға жəне есте сақтауға мəжбүр
етеді.
Ойын жағдайлары мен ондағы іс-əрекеттер мектепке дейінгі шақтағы баланың ақыл-ой
əрекетінің дамуына үнемі əсер етеді. Ойыеда бала заттың баламасымен іс-əрекет
жасауға үйренеді. Ол балама затқа ойынға сəйкес ат қояды жəне осы қойылған атқа
іс-əрекет етеді. Балама зат ойлау тірегі болады. Балама затпен іс-əрекет ету негізінде
бала сол зат жөнінде ойлауды үйренеді. Біртіндеп заттармен жасалатын ойын
қимылдары азая түседі, бала заттар жөнінде жəне олармен ақыл-ой тұрғысынан
іс-əрекет жасауды ойлауды үйренеді. Сонымен, ойын едəуір дəрежеде баланың ұғым
тұрғысынан ойлауға көшуіне көмектеседі.
Сонымен қатар ойын əсіресе жəне баланың сюжетті рөлді ойынындағы шынайы өзара
қарым-қатынасының тəжірибесі өзге адамдардың көзқарасына түсуге, олардың
келешектегі мінез-құлқын болжап білуге жəне осының негізінде өзінің жеке басының
мінез-құлқын құруға мүмкіндік беретін ерекше ойлау қасиеттері жатады.
Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан əрбір
баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер баланың
ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге
ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті
жетпесе, онда ол құрдастарына мысал болады. Құрдастарымен түсіну қажеттілігі
ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.
Ролді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Ойын əрекетінде бала бір
затты екінші затпен алмастыруға өзіне түрліше ролдерді алуға үйренеді. Қиялды
дамытудың негізіне осы қабілет жатады. Мектепке дейінгі ересек балалардың
ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес. Балалар заттарды түсінуге жəне
олармен амал істеуге жəне өз қиялында жаңа жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай
жағдайда ойын баланың ішкі дүниесінде өтеді. Нəзік саусақтарымен жағын сүйеп, ойға
шомып кеткендей. Қыздың қуырщаққа қарап отырған фотографиясын 6 жасар Катюша
көріп тұр. Қуыршақ іс-тілегін ойыншық машинаның жанына отырғызған. Катюшаның
айтқаны: «Кішкентай қыз өзінің қуыршағы іс тігіп отыр деп ойлайды». Кішкене Катюша
өзінің түсіндіруі бойынша тек оның өзне тəн ойын тəсілін тапты.
Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек
адамдардың мінез-құлқы жəне қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бəрі оның
өз мінез-құлқының үлгісі болады, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға қажетті
қасиет болып саналатын араласа білудің негізгі дағдыларына ие болады. Ойын
баланы еліктіре жəне оның өзне алған роліндегі ережелерді орындауға итермелей
отырып, сезімнің жəне мінез-құлықтың ерікті жігерді реттеудің дамуына себепші
болады.
Баланың іс-əрекетінің жемісті түрлері саналатын сурет салу мен құрастыру мектепке
дейінгі балалық шақтың түрлі кезеңдерінде ойынмен тығыз байланысты. Мəселен,
сурет сала отырып ьала қандай да бір сюжетті ойнайды. Балар өзара қырқысып
жатқан, бірін-бірі қуып бара жатқан аңдардың, қонаққа бара жатқан жəне қонақтан
қайтып келе жатқан адамдардың, соққан желден құлап түсіп жатқан алманың т.б.
суреттерін салады. Текшелерден бірдеңені құрастыру ойын барысында ұштасады.
Шофер ролін алған бала блоктарды құрылысқа апарады, сосын осы блоктарды
машинадан түсіретін жүк түсіруші болады, ақырында ол үй тұрғызушы
құрылысшы-жұмысшыға айналады. Бірлесіп ойнағанда бұл міндеттерді бірнеше бала
өзара бөліседі. Сурет салуға, құрастырушылыққа деген ынталары басында тек ойын
мақсатына сəйкес сурет салуға, құрастыруға бағытталған процесс ретінде болады. Тек
мектепке дейінгі естияр да ересек жастағы балалар да ынта іс-əрекетінің нəтижесіне
ауысады да іс ойын ықпалынан азат етіледі.
Ойын іс-əрекеті ішінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бала іс-əрекетінің
басты түріне айналады. Оқу ісін ересек адам енгізеді, бірақ ол тікелей ойыннан пайда
болмайды. Бірақ мектеп жасына дейінгі бала ойнай жүріп оқи бастайды. Ол оқуға
белгілі бір ережелері бар ролді ойынның ерекше түрі ретінде қарайды. Əйтсе де осы
ережелерді орындап жүріп, қарапайым оқу əрекетін меңгеріп жүргенін баланың өзі де
аңғармайды. Үлкендердің оқуға көзқарасын ақырындап байқаусыз қалыптастырады.
Балад оқуға деген тілек пен бастапқы іс-əрекеттері қалыптасады.
Ойын іс-əрекетінің жалпы сипаттамасы.
Ролді ойын элементтері сəбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып
өткенбіз. Ролді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын
түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.
Мектепке дейінгі шақта ойын іс-əрекетінің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі
баланың, əдетте көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын
баланың психологиясында сапалы өзгерістер туғызатындығынан болады.
Мəселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің
үйреткендерін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ бір əрекетімен
екінші бір əрекеті, бір затпен екінші бір затты бейнелегенде нағыз ойын болады. Ойын
əрекеті белгілік символикалық сипатта өтеді деп ойында ғана бала санасында белгілік
функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Белгілік функцияның ойын
үстінде көрінуінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы,
мəселен, суреттің бейнеленген болмысқа (шындыққа) ұқсастығы əлдеқайда төмен
болады. Əйтсе де ойындық алмастырғыштар балама затпен əрекет жасағандай
дəрежеде олармен əрекет жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан бала таңдап
алынған заттың баламасына өзінше ат беріп жəне оған белгілі бір тəн қасиеттерді таңа
отырып, оынң да кейбір ерекшеліктерін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі
заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым-қатынастарын негізге
алады. Мысалы, шырпының талы – қонжық, тұтас талы – кірекей (ана аю), шарпы
қорабы – қонжықтың төсек-орны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ қораптың –
қонжық, шырпы талы – оның төсек орны болу керек деген шешімге ол мүлде
келіспейді. Бала оған: «Бұлай болмайды!», - деп жауап береді.
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-əрекетінде заттарды ажратып қана қоймай,
сонымен қатар өзіне қандай да бір ролді алады да, сол ролге сəйкес іс-əрекет жасай
бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол
ересек адамдарды: анасын, тəрбиешісін, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын
іс-əрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар, олардың праволары
мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.
Айналасындағыларға қатысты міндеттер – баланың өз басына алған ролді орындау
қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды
күтеді жəне талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін
ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дəрігердің ролі оны шыдамды болуға
жəне ауруға талап қоя білу жəне т.б. міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала
ойныға қатысушылардың ролін орындайтын басқалардың да праволарына ие болады.
Мəселен, сатып алушының роліндегі бала өзне ойыншықтар сөресінде бар кез келген
товарды жіберіді талап етуге жəне басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты
талап етуге правосы бар. Дəрігер өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі
берегн нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті
ойынның мəні ролді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға
қатысушы өзгелерге де қатысты проволарды іске асыру болып табылады.
Ойынның сюжеті мен мазмұны.
Балалар өздерінің. Ролді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын
көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-əрекеті мен олардың
еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын жəне
бақаларды бейнелейді. Балалар ойындарда көрсетілетін шындық ролді ойындардың
сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті
де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың
оыйн сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан
алуан. 5-6 жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана
емес, ауыл өмірі, көпір салу, космос корабілін ұшыру сиқты ойындарды да ойнайды.
Ойын сюжетінің əр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады.
Мəселен, 3-4 жастағы балалар оынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, 4-5
жастағы балалар ойынеының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектердің
ойыны бірненеш сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді.
Балалар ойынның кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде
де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке
дейінгіжастағы балалардың бəріне ортақ болғанымен ойындардың ойналу сипыты
түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар
ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Əрбір жасқа ортақ сюжеттөңірегінде
болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тəн.
Соынмен, сюжетке нұсқау ойынды толықтай сипаттамайды. Сюжетпен қатар ролді
ойынның мазмұнын да ажырату қажет. Ересектер іс-əрекетінен бала нені негізгі сəт
деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны сол болып табылады. Əр түрлі жастағы балалар
тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді. Айталық, кішкентайлар
ересектердің қандай да бір іс-əрекетін еске түсіре отырып, тек беліглі бір заттар мен
белгілі бір қимылды əлденеше рет қайталайды. Заттар арқылы үлкен адамдардың
шынайы істерін қайталап көрсету мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі
мазмұны болып табылады. Мысалы, сəбилер түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда
қандай да бір қимылды бірнеше рет қайталай отырып, нан тіледі, ботқа пісіреді,
ыдыс-аяқ жуады. Əйтсе де балалар тілінген нанды үстел басныдағы қуырщақтардың
алдына қоймайды, пісірген ботқаны тəрелкеге салмайды, таза тұрған ыдыстар
жуылады. Мұнда ойын мазмұны тек қана заттар арықылы жүргізідетін қимылдармен
көрсетіледі.
Жоспары:
I. Баланың психикалық дамуындағы ойынның ролі.
II. Ойын іс-əрекетінің жалпы сипаттамасы.
III. Ойынның сюжеті мен мазмұны
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:
«Мектеп жасындағы оқушыларының психологиясы» В.С.Мухина. Алматы, «Мектеп»
1986.
www.yandex@mail.ru
www.Google@mail.ru
Тақырыбы: Баланың психикалық дамуындағы ойынның рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: |