Баланың сөздік қорын ойын арқылы дамыту Түйіндеме



бет1/4
Дата09.06.2020
өлшемі19,21 Kb.
#63279
  1   2   3   4

Токумбаева М.К.

Баланың сөздік қорын ойын арқылы дамыту

Түйіндеме:

Мақалада баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайтыны туралы түсініктер ұсынылған. Мектепке дейінгі балаларға сөздік қорын, айнала қоршаған ортамен таныстыру арқылы, түрін, түсін, пішінін ажырата арқылы әр балаға көңіл бөлу арқылы дамыту.


Аннотация:

В статье говорится о том, что невозможно воспитать ребенка, не зная его интеллектуального развития, интересов, способностей и склонностей. Пополнение словарного запаса детей дошкольного возраста происходит при ознакомлении с окружающей средой, при распознавании вида, цвета и формы, при уделении внимания каждому ребенку.


Summary:
The article says that it is impossible to raise a child without knowing his intellectual development, interests, abilities and inclinations. The replenishment of the vocabulary of preschool children occurs when familiarizing themselves with the environment, recognizing the type, color and shape, with attention to each child.

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.


Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:


Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану.

Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3 негізгі мақсат қарастырылған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет