Балқаш ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды Балқаш ауданының әкімі



Дата25.01.2017
өлшемі103,4 Kb.
#7975


10.12.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



Балқаш ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды
Балқаш ауданының әкімі, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 68, тел: 8 (72773) 91-6-50, 91-2-36; электрондық адресі: akimat-2010@mail.ru, a.kamzaev@zhetysu.gov.kz, БИН 010340002533, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

      Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 68.

Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде Балқаш ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылар ретінде Балқаш аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Балқаш өңірі» аудандық газетінің директор - бас редакторы қатысады.

1. Балқаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142412 теңгеден 192382 теңгеге дейін, Е-R-1 санаты №23-01, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар.

   Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;


      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;


      4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*



Құзыреттілігі: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.



Атқаратын міндеттері: Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдылықтың жүзеге асырылуына бақылауды қамтамасыз етеді, рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізушілердің құжаттарын дайындап басқармаға өткізу, қаланы жаңа талапқа сай көркейтуге қатысады, ғимараттарды, көшелерді, негізгі түйінді жерлерді зерттейді, шағын сәулет формаларын, көрнекі үгіт элементтерін орналастыруға жер қарастыруын бақылауды қамтамасыз етеді, аудан әкімдігінің қаулыларының жобасын және рұқсат құжаттарды дайындау, ғимараттарға нөмір беру туралы қорытынды шығару, лицензия алу үшін, басқа сәулет-қала-құрылысы жұмыстарына байланысты анықтама беру, дизайнның жаңарған түрлерімен ғимараттардың қас бетін көркейту жұмыстарымен айналысады. Сәулет және қала құрылысы жағдайын, сәулет және қала құрылысы заңдарының орындалуын, бекітілген жобалардың жүзеге асырылуын және құрылыс сапасын қадағалайды. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ауданда бірыңғай сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу, ауданды жаңа талапқа сай көркейтуге қатысады, құрылыс аймақтарының бас жобасын, нысандардың жобаларын, сызбалар әзірлеу, аудан аумағында құрылыс нысандарының қаланың Бас жоспарына сәйкес орналасуын, қала құрылысы нормасы шегінде жекешелендірілген жер учаскелерінің негізгі мақсатымен қолданылуын бақылау, көріктендіру, жарықтандыру, тазалау және жасылдандыру жұмыстарының кемшіліктерін жою үшін хабарлама береді, аумақтар мен елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған қала құрылысы шараларын жүзеге асырады. Бөлімнің бюджеттік бағдарламаларымен жұмыс жасау, қаржылық жоспарларын бекіту және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.  Мемлекеттік тілді білу, компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істей білу.

2. Ақдала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты №09-02, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету, ветеринарлық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Құзыреттілігі: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Атқаратын міндеттері: ҚР Президентінің, Үкіметінің экономикалық қызметке байланысты заңнамалық актілерін, облыс, аудан, округ әкімдерінің бухгалтерлік есеп, салық салымдарына байланысты шешімдерінің орындалуын қадағалайды. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және басқа да бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету. Азаматтық хал актілерін жазуды жүргізу, төлқұжат және көші-қон бөлімі жұмысын жүргізу, оралмандармен жұмыс. Округтегі ақсақалдар алқасының және әжелер кеңесінің, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына атсалысып, іске асырылуын қамтамасыз ету. Округ аумағындағы мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста жұмыс істеу, сайлаушылардың тізімін анықтау. Азаматтардың өтініштерін қабылдайды, «1-ОЛ» есеп нысанымен жұмыс жүргізеді, округ әкімі аппаратының жұмысының әдісі мен нысанын зерделеп, жұмыс әдісінің тиімді жақтарын ұйымдастырады, орындаушылық тәртіптің жағдайын саралайды. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет актілерінің, облыс, аудан, округ әкімдерінің іс жүргізу және кадрлар жұмыстарына байланысты өкім мен шешімдердің орындалуын жүзеге асырады. Округ әкімінің қатысуымен жүргізілетін шараларды дайындайды, тапсырмаға қарай қоғамдық-саяси шараларды ұйымдастырып өткізеді, азаматтардың өтініштерін қабылдайды, округ әкімі аппаратының жұмысының әдісі мен нысанын зерделеп, жұмыс әдісінің тиімді жақтарын ұйымдастырады, орындаушылық тәртіптің жағдайын саралайды. Мемлекеттік тіл және ономастика жөніндегі жұмыстарды атқарады. Мұрағат жұмысын жүргізеді. Шығыс және кіріс кітапшаларын жүргізу. Атаулы әлеуметтік көмектің құжаттарын дайындау, іс-қағаздарды жүргізу. Селолық округтегі төтенше жағдайлардың алдын алу және ұйымдастыру. Толық сапалы түрде халық тұтынуын қанағаттандыру үшін тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй жұмыстарын үйлестіру. Коммуналдық шаруашылық ауыз су, көше жарығы, бақшалық су –арық жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

3. Береке ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық инспекторы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты №12-04, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: экономика және бизнес, құқық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Құзыреттілігі: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Атқаратын міндеттері: салық салу жөнінде ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің актілерін; облыс, аудан, округ әкімдерінің шешімдерін орындалуын тексеруді және бақылауды ұйымдастырады. Кәсіпкерлікті дамыту мәселесін ұйымдастырады. Әлеуметтік бағдарламасы бойынша, қамқоршы және қамқорлық мәселесі, мемлекеттік атаулы көмек және көп балалы отбасыларға бекітілетін мемлекеттік жәрдәмақы төлеу және тұрғын үй көмегі жөніндегі комиссиямен жұмыс жүргізеді, сақтауды ұйымдастырады округ әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

      Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 68.

Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылардың қатысуына қатысты ақпарат:



Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Балқаш ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылар ретінде Балқаш аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Балқаш Өңірі» аудандық газетінің директор - бас редакторы қатысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет