Бұл класқа сифонды құрылысты, талломы клеткаланбаған сары-жасыл балдырлар жатады. Негізгі туысы – вошерия (Vaucheria). Вошерия туысын жасыл балдырлар бөліміне жатқызып келген, алайды пигменттерінің құрамына және ассимиляциясының өніміне қарай систематиктер бұл туысты сары-жасыл балдырларға жатқызуға мәжбүр болды. Вошерия ақпайтын тұщы, ағын суларда және су қоймаларының жағалауында қара-көк түсті жіп тәрізді талломдардың жиынтығын түзеді. Топыраққа ризоидтары арқылы бекініп тұрады. Талломы клеткаланбаған, тармақталған көп ядролы, диск тәрізді көптеген ұсақ хромотофорлары болады.жыныссыз көбейгенде жіпшесінің жоғарғы ұшында зооспорангий түзеді.