Диатомды балдырлар бөлімі (Диатомовые) – (Diatomophyta)
Диатомды балдырлар бөліміне жататын балдырлардың барлығына тән басты ерекшелік – клеткалық құрылысында. Клетканы іш жағынан пектинді қабық, ал сыртынан кремнеземнен құралған екі жақтаулы берік сауыт қаптап тұрады. Клеткасы бір ядролы, хроматофорасы бірден бірнешеуге дейін болады. Клеткасының пішіні әртүрлі. Оның ішіндегі бос орынды клетка шырынына толы вакуоля алып жатыр. Хроматофорасында хлорофиллдің а және с пигменттерінен басқа қоңыр – фукоксантин, сары – каротин пигменттерінің болуына байланысты балдырлардың түстері сарғыш түсті болып келеді. Қор заты ретінде крахмалдың орнына май және полисахарид – лейкозин жиналады.