«балық, бал, Өсімдік өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»


Тақырып-14. Цитрустық жемістер және оларды ветеринариялық-санитариялық сараптау



бет6/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,84 Mb.
#26770
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырып-14.

Цитрустық жемістер және оларды ветеринариялық-санитариялық сараптау

Цитрус (Cіtrus) — рута тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар, кейде бұта; шырынды жемістер беретін мәңгі жасыл өсімдіктердің үлкен тобы. 60-тан астам түрі, түр тармағы бар.

Апельсин, грейпфрут, мандарин, лимон көбірек тараған, ал басқалары цитрон, бигарадия, помпельмус, шеддок және т.б аз тараған. Цитрус дақылдарында витамин көп. Жемістерінен сусын, тосап, джем, компот, цукат жасалады, лимонад, ликерге қосылады. Жеміс қабығынан алынатын эфир майы әтірге, иіссулар қосылады.

Цитрустың көптеген түрі ылғалы мол тропиктік және субтропиктік аймақтарда өседі. Негізгі шыққан жері — Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия. Жабайы түрінен сақталып қалған — нағыз лайм (C. aurantіfolіa), тек Гималайда өседі және танкан (С. tancan) тек Тайванның ормандарында кездеседі. 15-тен астам түрі мәдени өсіріледі. Соның ішінде көп өсірілетіндері — апельсин, лимон, мандарин, грейпфрут және бұл түрлер ертеден белгілі. Мысалы, Қытайда апельсин б.з.д. 1 — 2 ғасырлардан белгілі. Цитрустің биіктігі 4 — 12 кейде 20 м-дей болады. Барлық түрінің бұтақтары тікенді, жапырақтары қандауыр тәрізді, қалың. Гүлдері қосжынысты, жапырақ қолтығында дара не кішкене гүл шоғырына топталған, ақтүсті (тек лимон мен цитронда қызғылттау), хошиісті. Жәндіктермен тозаңданады, кейде өздігінен де тозаңдана алады. Жемісі — көп ұялы жидек. Тұқымы көп, әдетте 32, кейде одан көп болады. Цитрустің жемісінде витамин көп, бұлардың жемісінен сусын, варенье, джем, цукат жасалады, тәтті сусындарға (ликер, лимонад, т.б.) қосады. Жеміс қабығындағы, гүліндегі, жапырағындағы эфир майы парфюмерияда пайдаланылады.

Цитрус жемісі– мандарин, апельсин, лимон, грейфрут 8%, 2,5% эфир майы, лимон қышқылы 6%, минералды заттар бар, С витамині 50мг/% бар, каротин. Цитрус өсімдіктерінің түрі өте көп. Бұл өсімдіктер – руталар тұқымдасының цитрус туысына жататын жеміс ағаштары. 

Цитрус ағаштары қыста жапырақтары түспейтін мәңгі жасыл өсімдіктер, негізгі қорек көзі жапырақтарында болады. Оттегін жапырақтардан алып, жаңа бұтақтары мен жемістері өсіп, піседі. Жапырақтары көп болса ағаштың жағдайы жақсы, әр жапырақ 2-3 жыл өмір сүреді. Жапырақтары түсе бастаса өсуі бұзылып, ағашқа қорек жетіспейтінін көрсетеді, жеміс бермейді. Сондықтан жапырақтарды күтіп, сақтау керек. Ғалымдардың айтуынша, цитрус ағаштарын бөлмеде өсірсе 70 жылға дейін өмір сүреді екен, ал плантацияларда 100-200 жылға дейін өмір сүреді. Тәжірибеде бөлмеде 30 жыл өсіп тұрған ағаштар жиі кездеседі. Плантацияларда ағаштардың ауруға шалдығуы салдарынан ұзақ жасайтын ағаштар сиреп барады. 

Апельсингрейпфрутмандарин, лимон көбірек тараған, ал басқалары цитрон, бигарадия, помпельмус, шеддок және т.б аз тараған. Цитрус дақылдарында витамин көп. Жемістерінен сусын, тосап, джем, компот, цукат жасалады, лимонад, ликерге қосылады. Жеміс қабығынан алынатын эфир майы әтірге, иіссулар қосылады.

Цитрус ағаштарының гүлдеуі. Цитрустардың гүлдері жыл бойы қалыптасады, әсіресе көктемде тез гүлдейді. Гүл түйнегі пайда болған соң бір ай бойы жетіледі, сосын гүл ашады. Гүлдері нәзік хош иісті болады. Түйнек салу мен гүлдеу үшін қалыпты температура +16…+18°С. 

Цитрус өсімдіктердің құрамында 0,9% пайыз илік, 75-88 пайыз су, 70мг дәрумен, 1,06-1,97 пайыз қышқыл, 8-9 пайыз қант бар. Жемістерінің түстері қызғылт сары және сары болады. Цитрустың көптеген түрі ылғалы мол тропиктік және субтропиктік аймақтарда өседі. Цитрус өсімдіктерін өндіруші елдер: Бразилия, АҚШ, Мексика Үндістан, Қытай, Испания, Италия, Иран, Мысыр, Пәкістан.



Апельсин (Citrus aurantium) – жемісі тәтті қышқыл, жапырағы жылтыр қабықты ағаш тәрізді өсімдік. Апельсин – руталар тұқымдасының цитрус туысына жататын жеміс ағашы. Шыққан жері – Оңтүстік Қытай және Υндістан. Апельсиннің тәтті және ащы түрі бар. Еуропалық саяхатшылар апельсинді XV ғасырда әкелген. Ағаштары жылуды сүйеді. 

Тәтті апельсин жабайы түрінде кездеспейді. Биіктігі 10-12м, жапырағы қалың, сопақша, жоғары жағы сүйірлеу болып келеді. Гүлдері қос жынысты, ақ, жұпар иісті, гүл шоғырына бірден, кейде бірнешеуден орналасады. Жемісі көп ұялы, сортына байланысты сыртқы түрі, түсі (ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін) әр түрлі болып келеді. 

Апельсин - тәтті, шырынды жеміс. Жемісінің орташа салмағы 50-400 г, құрамында 75-88% су, 8-9% қант, 1.06-1.97% қышқыл, 70мг С, B1 и P дәрумені, 0.9% илік заттар болады. Құрамында кальций, калий, фосфор тағы басқа микроэлементтер көп болады. Апельсин қабығында 2% эфир майы бар. Өсу жағдайына байланысты 2-3 кезеңге бөлінеді. Апельсин жыл бойы өсіп, гүлдеп жеміс береді. Әр гектардан 20-25 т өнім алынады. Апельсин тұқымынан және ұластыру арқылы көбейеді. Тұқымынан егілсе 10-15 жылда, ал ұластырылғанда 3-4 жылда жеміс береді. Жемісін сол күйінде немесе қайнатып кондитерлік (варенье, джем, шырын, т.б.) тағамдар жасап жеуге болады. 

Ащы апельсиннің биіктігі аласа(6-8м) болып келеді. Тікенекті бұтақтарының ұзындығы 6-8см, жемісінің сыртқы қабығы жылтыр, қызғылтым сары, бедерлі, шырыны өте ащы болады. Жемісі көбінесе, эфир майын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ тағам, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады. 

Мандарин(лат. Citrus reticulata) - қараша, желтоқсан айларында пісетін ең кең таралған цитрус жемістер. Түсі сарғыш, пішіні тегіс домалақ. Тығыз қабаты жұмсағынан тұрады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша Қытайда біздің заманымызға дейінгі V-VI ғасырларда өсіріле бастаған. Бұл жемісті Кеңес еліне ХХ ғасырда ғана әкелген. Мандарин көпжылдық мәңгі жасыл өсімдік, бөлмеде өсірсе биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Жапырақтары қою жасыл түсті, бұдырлы. Мандарин мамыр айында гүлдейді, гүлдері нәзік хош иісті, ақ түсті. Ағашы күздің аяғы, қыстың басында жеміс береді. Жемістері бірнеше ай ағашында пісіп-жетіледі. Бір мандарин ағашында 50-70-ке дейін жеміс өседі. 

Мандарин жемісі өте тәтті, пайдалы. Оны джем, қайнатпа, шырын, дәмдеуіш заттар түрінде де пайдалануға болады. тәтті тағамдар әзірлеуде пайдаланады. Сондықтан ол жаңа жылдық дастарқанның сәніне айналған.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет