Сапалы өмір деген адамның өзін-өзі сезінуі. Ертеңгі күнде бәрі жақсы болады, үкімет тарапынан айтылған анау болады, мынау болады деген уәделерге деген сенім. Алайда қазір сенім де азайып барады.
Әзімбай Ғали: – Мен миграциялық мәселелерге назар аударайын деп отырмын. Біріншіден, Қазақстаннан орыс, украин, татар жұртшылығы көшіп жатыр. Оларды тоқтатуға болмайды. Өйткені дүниежүзілік адам құқын бұзамыз. Сондықтан кететін адамдар өздері кетуге құқылы. Ол халықаралық демократиялық норма.
Екіншіден, қазақтарды жинау және Қазақстан жұртшылығының санын кемітпеу – үлкен бір мәселе.