Банк. Банк қызметі. Сын есім Мақсаты: Білімділік



Дата15.09.2017
өлшемі433,15 Kb.
#33832
түріСабақ
Тақырыбы: Банк. Банк қызметі. Сын есім

Мақсаты:

Білімділік. Қазақстанның банктері және олардың қызметі туралы түсінік беру, сипаттама жасауға бағыттау. Негізгі ұғымдарды енгізіп, оларға анықтама беру. Еңбекақының түрлеріне тоқталу.

Дамытушылық. Оқушыларға банк жүйесін таныстырып және олардың қызметі, міндетін үйрете отырып олардың ақыл - ойын, рухани дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелік. Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыруда оқушының рухани даму деңгейі жоғары тұлға ретінде жетілуіне жағдай туғызу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекі құралдар: оқулық, топшама

Сабақтың барысы :  

а)  Ұйымдастыру кезеңі

- Студенттермен амандасу, түгелдеу,

- Оқу құралдарын тексеру.

- Аудиторияның тазалығына көңіл бөлу.

- Студенттердің зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.




  1. Лексикалық минут.

 

–          Біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қалай аталады?

 –        Біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз Қазақстан Республикасы

 –         Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

 –         Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет.

 –         Қазақстан тәуелсіз Республика болып қашан жарияланды?

 –         Қазақстан тәуелсіз Республика болып 16 желтоқсан 1991 жылы жарияланды.

 –          Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қай тіл?

 –          Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі.



  1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010-2015 жылдардағы Қазақстан халқына жолдауы

2010 жыл 29 қаңтар

«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»

«Новое десятилетие –

Новый экономический подъем – Новые возможности Казахстана»



2011 жыл 28 қаңтар

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»

«Построим будущее вместе!»

2012 жыл 27 қаңтар

«Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»

Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана

2013 жыл

7 ақпан

«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

«Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства»

2014 жыл 18 қаңтар

Қазақстан жолы – 2050:

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ




Казахстанский путь – 2050:

Единая цель, единые интересы, единое будущее




2015 жыл 30 қараша

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»

«Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие»

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.


- Суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Қазақстан банктерінің логотиптері арқылы банктердің атын табу.









  • Банк дегеніміз не?

  • Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. 

Банк (от итал. banco — скамья, лавка, стол) — финансово кредитная организация, производящая разнообразные виды операций с деньгами и ценными бумагами  оказывающая финансовые услуги правительству, юридическим и физическим лицам.

  • Банктік жүйе неше деңгейлі?

  • Қазақстанда банктік жүйесі мемлекеттік және коммерциялық банктерден тұрады.

Банковская система Казахстана состоит из государственных и коммерческих банков.

  • Ұлттық банк қандай қызмет атқарады?

  • Ұлттық банк бірінші, екінші деңгейлі деңгейдегі банктерді тексереді, тіркейді. Әр банк ашылған сайын Ұлттық банк лицензия береді. Ұлттық банк басқа банктерді тексереді. Банк жұмысы нашар болса, лицензияны қайтарып алады, жабады.

  • Жалақы дегеніміз не?

  • Жалақы – жұмысшының өндіріске жсаған еңбегінеалатын ақысы. Жалақы – еңбек құны. Жалақының екі түрі бар: мерзімді жалақы және кесімді жалақы.

Жаңа сөздермен жұмыс:

  1. Бағам – курс

  2. Банктік жүйе – банковская система

  3. Бақылау – контролировать

  4. Байланыс – связь

  5. Басқару – управлять

  6. Деңгей – уровень

  7. Есеп – задача, отчет

  8. Есеп ашу – открыт счет

  9. Жеке тұлға – физическое лицо

  10. Заңды тұлға – юридическое лицо

  11. Еңбекақы, жалақы – заработная плата

  12. Салым – вклад


1 желтоқсан 2015 жыл 35 банк бар.
1 – тапсырма:

1. Орталық банк бірінші деңгейдегі … банк. (государственный)

2. Банк жүйесі сегменттелген және (универсальный) банктік құрылымдардан құралады.

3. Қазақстанда эмиссиялық банк (Национальный) банк болып табылады.

4. Өз клиенттеріне бір - екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған маманданған банктер бар. Олардың бірі (инвестиционный) банк.

5. Банк жүйесі дамуындағы маңызды құбылыс ретіндегі несиелік мекемелердің (оптовые) операциялардан (розничные) операцияларға өтуін атап көрсетуге болады.

6. (Управление) – банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды.

8. Жеке тұлғаларға банктегі салымдарын алу үшін (сберегательная) кітапша береді.

9. Белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражат (вклад) деп аталады.

10. Банктер өз қызметі барысында белгілі бір (расходы) шығарады.
2 – тапсырма:

Карточка бойынша тапсырма орындау

Берілеген сөздері орыс - қазақ - ағылшын тілдерінде орналастыру

Еңбекақы – заработна плата – saiaty

Табельдік нөмір – табельный номер – tax

Кезекті демалыс ақысы - отпускный налог – delivery

Зейнетақы қоры - пенсионный фонд – Pensioner`s Fund

Күндер – дни – days

Сағаттар – часы – hours

Баға - расценка – rates
3 – тапсырма:

Сөз тіркестерін аударыңдар.

 

Опытный педагог-



 Неопытный молодой специалист-

 Высокооплачиваемая профессия-

 Известный ученый-

 Месячная зарплата-

 Программист – современная профессия-

 

4 – тапсырма:

Сөйлемдерді толықтырыңдар.

 

Мекеме қызметкерлері ай сайын … алады.



 Бред Пит – әлемге … актер.

 Компьютерді орнату үшін … керек.

 Біздің мектепте … мұғалімдер көп.

 Бағдарламашы – … төленетін мамандық.



5 – тапсырма:

Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.

Ең жасыл————(эколог, бақташы, орманшы, гүл өсіруші)

Ең тәтті——————(аспаз, кондитер)

Ең ақшалы—————(банк қызметкері, экономист)

Ең күлкілі——————-(клоун, әзілкеш)

Ең жауапты —————– (сот, бухгалтер)

Ең салмақты——————- (мұғалім, заңгер)



Ең қарым-қатынасы күшті——- (бизнесмен, кәсіпкер)
Сабақты бекіту.

Сөзжұмбақ.

Е

Ң

Б

Е

К

А

Қ

Ы


1.Қарызды ұсынушы (Кредитор)

2. ҚР ұлттық валютасы (Теңге)

3.Дүниежүзіндегі ең бай мекеме (Банк)

4.Ұлттық банк тек қана кімге есеп береді? (Президент)

5.Кәсіпорын, мекеме, оқу орнының басшысы ( Директор)

6.Шыққан өнімдерді, тауарларды тұтынушыға таныстыру (Жарнама)

7. «Контролировать» қазақша баламасы (Бақылау)

8.Қазақстандағы бірінші деңгейлі банк (Ұлттық)

Үй тапсырмасы:

  1. Сөздікті жаттау.

  2. Банк тақырыбына презентация слайд жасау.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет