3-бап. Дауларды реттеу Банк пен Клиент арасында туындаған барлық жанжалдар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы
шешіледі. Даулы сұрақтарды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, Банктің қалауы
бойынша оның немесе филиалының орналасқан мекенжайына байланысты ҚР заңнамасына сәйкес
сотқа беріледі.
4-бап. Шарттың әрекеті, өзге ережелер 1.
Осы шарт белгісіз мерзімге жасалынған.
2.
Клиент шарттан біржақты тәртіппен шарт бойынша орындалмаған міндеттемелері болмаған
жағдайда, бас тартуға құқылы. Бұл ретте Клиент Банкке шарттың қолданылуын тоқтатудың болжанған
күніне дейін 30 (отыз) банктік күн бұрын жазбаша хабарлама жіберуі тиіс. Ағымдағы шотты жабу осы
шарттың 2 және 3-тарауларының шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
3.
Тараптар банктік қызметтерді ұсынуды реттейтін Банк пен Клиент арасында осы шарттың
шеңберінде жасалынған шартты, жеке шарттарды бұзған/тоқтатқан жағдайда, егер өзгеше көзделмесе,
мұндай шарттардың талаптарына сәйкес қолданылуын жалғастырады деп таниды.
4.
Егер жекелеген шартта өзгеше көзделмесе, Банк осы шарттың шеңберінде банктік қызметтерді
ұсынуды реттейтін Банк пен Клиент арасында жасалынған жеке шарттардан шарттың қолданылуын
тоқтатудың болжанған күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын тиісті хабарламаны жіберу
арқылы біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы. Банк Клиентке келесі тәсілдердің кез келгенімен
хабарлама жібереді (Банктің таңдауы бойынша):
Банктің веб-сайты арқылы;
Клиентке қағаз тасығышта жаңа шартты, өзгерістер және/немесе толықтырулар ескерілген банк
өнімдерінің талаптарын ұсыну арқылы;
электрондық пошта арқылы;
SMS-хабарламалар арқылы;
интернет-банкинг (мобильді банкинг) арқылы;
ҚР заңнамасына қайшы келмейтін өзге тәсіл арқылы.
Клиент жеке шарттың әрекет етуін тоқтату туралы тиісті түрде хабардар етілген деп Банк Клиентке
хабарламаны жіберген немесе хабарламаны жеке кабинетке орналастырған немесе оны Банк
ғимаратына берген күні қай күннің бірінші орын алуына байланысты саналады.
Осы шарт шеңберінде Банк пен Клиент арасында жасалынған жекелеген шарттарды тоқтату осы
шарттың тоқталуына алып келмейді.
5.
Шарттың жекелеген ережелерінің жарамсыздығы шарттың қалған ережелерінің
жарамсыздығына алып келмейді.
6.
Егер осы шарттың қандай да бір ережесі тиісті жалпы талаптарда белгіленген ережелерге
қарама-қайшы келсе, онда жалпы талаптарда белгіленген ережелер қолданылады.
7.
Тараптар шарттың тілі ретінде мемлекеттік және орыс тілдерін таңдады. Тараптар шарт
тілдерін толық түсінетіндігін, шарттың, сондай-ақ оның жеке бөлімдерінің мәні мен мазмұнын толық
түсінетіндігін мәлімдейді. Шарттың мәтіні бойынша айырмашылықтар (қайшылықтар) болған
жағдайда, орыс тіліндегі мәтін қолданылады.