Банк пайызы (проценті) банктің қарызға ақша бергені үшін алатын төлемі



бет1/8
Дата20.12.2019
өлшемі335,76 Kb.
#53871
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Абсолютті рента

Абсолютті рента - жер иелерінің жердің құнарлы не құнарсыздығына қарамастан барлық учаскеден бірдей алатын рентасы (табысы).

Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі (еңбек шығыны), яғни құн жасайтын еңбек.

Акционерлік қоғам - бірнеше жеке капиталдың бірігуі арқылы акция шығарып, оны сатудан түскен қаражат арқылы шаруашылық ұйымдастыру формасы

Акция - иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын құнды қағаз. Ол дивиденд түріндегі пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.

Актив - мүліктік құқықтар жиынтығы, бухгалтерлік баланстың бір бөлігі, онда осы кәсіпорынға тиесілі барлық материалдық құндылықтардың есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы жиынтығы.

Амортизация - негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен өндірілетін тауарларға бірте-бірте көшіру; ақша қаражатын мақсаты түрде жинақтау және оны тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану.

Құнды қағаздар – иесіне мүліктік құқық және дивиденд, пайыз түрінде білгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжаттар (акциялар, облигациялар, вексельдер, депозиттік және инвестициялық сертификаттар, чектер, жинақ кітапшалары т.б.).

Баға индексі - тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіреді.

Баж – мемлекеттің кәсіпорындар мен мекемелерден, азаматтардан оларға көрсетілген қызметтің белгілі бір түрлері үшін алатын ақшалай алымы.

Банк пайызы (проценті) - банктің қарызға ақша бергені үшін алатын төлемі.

Банк активтері - банк балансының актив бөлігі онда қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, банктегі кассалық және валюталық қолма-қол ақша, акциялар, т.б. көрсетіледі.

Бәсеке - өнім өндіру мен өткізудің экономикалық бағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы жарыс.

Бизнес жоспар - кәсіпорынды (кәсіпкерлікті) белгілі бір кезеңде дамыту жоспары. Өндірісті жетілдіріп, дамытуға бағытталған инвестиция тарту үшін әзірленеді.

Бюджет тапшылығы - мемлекеттік бюджет бойынша шығындардың табыстан артып кетуі.

Валюта - 1. елдің ақша бірлігі; 2. шетелдің ақша белгісі, халықаралық есеп айырысуда қолданылатын төлем құжаттары

Валюталық бағам (курс) - екі валютаның айырбас кезіндегі құндық ара салмағы; бір елдің ақша өлшемінің – екінші бір елдің ақша өлшеміне шаққандағы бағасы.

Вексель – төлем және несие құралы; кәсіпкердің несиеге алған тауарларға белгілі бір уақыттан кейін ақша төлеуге берген міндеттемесі.

Венчур - өнімнің жаңа түрлерін жасауға өндірісті игеруге, енгізуге, жаңа технологияларды қолдануға маманданған шағын коммерциялық ғылыми-техникалық ұйым.

Дәстүрлі экономика - сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар айқындайтын экономикалық жүйе.

Дебитор – кәсіпорынның біреуге қарыздар берешек болуы.

Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру; тұрақты валютамен немесе халықаралық шот өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта бағамының төмендеуі.

Демпинг - тауарларды ішкі нарықтағы бағаға қарағанда сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен сатылуы.

Деноминация- ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы өзгеріс жасау.

Депозит – белгілі бір шартты мерзімге сақтау орындарына сақтауға берілген ақша немесе құнды қағаз.

Дивиденд –акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге төленетін ақы.

Диверсификация - бұл жан-жақты даму; бір-біріне байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өкімнің таңдаулы ассортиментінің ұлғайып отыруы.

Дифференциалды рента І-ші - жер иесінің жердің табиғи құнарлығы мен жер учаскесінің жақсы орналасуына байланысты алатын рентасы (жол ақысы)

Дифференциалды рента ІІ-ші - жер иесінің жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын қосымша пайдасы.

Еркін экономикалық аймақтар - ұлттық және шетелдік кәсіпкерлер үшін жеңілдікті экономикалық жағдайлар жасалған аймақтар.

Ең төмен деңгейдегі тұтыну - адамның физиологиялық және әлеуметтік бюджеті (минимальды) мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну тауарлар мен қызметтердің жиынтығын сатып алуға жұмсалатын шығын.

Ең төмен жалақы - мемлекеттің ресми белгілеген еңбек (минималды) ақысының ең төмені деңгейі.

Жабық акционерлік қоғам - акциялары тек құрылтайшылардың немесе күні бұрын айқындалған адамдар тобының арасында ғана сатылатын шаруашылық формасы.

Жалақы - еңбеккерлердің білгілі бір уақыт кезеңінде (күні, айы) алатын ақшалай табысы.

Жалпы ішкі өнім - статистиканың жинақтап қорытатын макроэкономикалық көрсеткіші; ел ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің белгілі бір кезеңдегі нарықтық құны.

Жалпы ұлттық өнімнің - номинальды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге дефляторы қатысын көрсетеді.

Жалпы ұлттық өнім – статистиканың жинақтап қорытатын макроэкономикалық көрсеткіші, яғни ел ішінде және сондай-ақ басқа да шет елдерде белгілі бір мерзімде өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны

Жарғылық капитал - құрылатын кәсіпорынға құрылтайшы-лардың бірігіп салған салымдарының құны, яғни кәсіпорын капиталының бастапқы сомасы.

Жер - өндірісте пайдаланатын табиғи ресурстар мен байлықтар

Жекешелендіру - мемлекетке тиесілі объектілерді меншіктену құқығын жеке немесе заңды тұлғаның сатып алу процесі.

Жұмыссыздық - еңбекке жарамды халықтың бір бөлігі өзіне жұмыс, пайдалы еңбек қызметін таба алмай дағдаратын әлеуметтік = экономикалық құбылыс.

Жиынтық сұраныс (АД) - бұл графикте көрсетілген кисық сызық, оның мағынасы: қоғамдағы барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі, яғни тұтынушылардың, кәсіпорындардың және үкіметтің бағаның әрбір деңгейінде нақты жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі.

Жиынтық ұсыныс (АS) - бұл графикте көрсетілген модель, яғни бағаның әрбір мүмкіншілік деңгейінде өндірілген нақты жалпыұлттық өнімнің көрінісі.

Импорттық квота - шеттен тауарлар әкелуді бір кезеңге шектеу.

Инвестициялар - пайда немесе табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына, кәсіпорындарға, өнеркәсіпке, құрылысқа, т.б. ұзақ мерзімге күрделі қаржының (капиталдың) сатылуы немесе жұмсалуы.

Инвестициялық банктер - ұзақ мерзімді қаржыландырумен айналысатын банктер.

Инновация - жаңа техникаға, технологияға еңбекпен басқаруды ұйымдастырудың жаңа нысандарына қаражат жұмсау.

Инновациялық бактер - өнер, табысқа, ғылыми-техникалық талдамаларды кеңінен қолдануға жәрдемдесі үшін коммерциялық негізде құрылатын банктер.

Инфляция - айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы.

Ипотека - ақшалай қаражат алу мақсатымен жылжымайтын мүлікті (жерді, кәсіпорынды, ғимаратты, жермен тікелей байланысты басқа да объектілерді) кепілге салу түрі.

Кадастр - табиғат объектілері туралы негізгі мәліметтердің жүйелендірілген жинағы (су,жер,). Жер құбырларына сәйкес пайдалануға бөлінетін әрбір жер учаскесіне арнаулы ережелер бойынша кадастрлық нөмір, яғни жеке және қайталанбайтын код беріледі.

Капитал - тауар мен қызмет өндіруге пайдалану мақсатымен өндірілген құрал-жабдықтар.

Конвенция - халықаралық келісімшарт.

Конверсия - 1. өндірісті түбдірімен өзгерту; 2. бір валютаны екінші валютаға айырбастау.

Кондоминимум - біртұтас объектіні бірлесіп иелену, иемдену.

Консалтинг - кеңес беру (менеджмент, маркетинг, кеңес фирмалары).

Консорциум - бизнес саласындағы көп қаржы ресурстарын (қажет ететін нақты экономикалық мінддеттерді, күрделі жобаларды жүзеге асыру мақсатымен бірлескен қызмет туралы шарт негізінде уақытша берлестік (шаруашылық жағынан тәуелсіз фирмалар мен банктердің бірлестігі).

Концессия - ұлттық экономиканы қалпына келтіру мен дамыту, табиғат байлықтарын игеру мақсатымен кәсіпорындарды, жерді, жерқойнауын, т.б. белгілі бір талаптар негізінде жеке кәсіпкерлерге, шетелдік фирмаға пайдалануға беру жөніндегі мемлекетпен жасасқан шарт; осындай шарт негізінде құрылған кәсіпорынның өзі.

Кооператив - меншікті, жалға алынған немесе тегін пайдалануға берілген мүлік негізінде қандайда болсын қызметті бірлесіп жүргізу үші ерікті түрде біріккен азаматтардың ұйымы.

Корпорация - меншіктің акционерлік нысаны, меншікті (капиталды) келісіп иелену, кәсіпорынды басқару міндететрін кәсіпқой басқарушы-лардың (менеджерлердің)жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру.

«Көгілдір фишкалар» («голубые фишки») - алынатын табыстары төленетін дивидендтерінің тұрақты көрсеткіштерімен жақсы танылған АҚШ-тың аты шулы ірі корпорацияларының жай акциялары. Елімізде негізінен өнеркәсіптік сектордағы шетелдік инвесторлардың басқаруына берілген неғұрлым акционерлік қоғамдар «көгілдір фишкалар» деп аталады.

Қаржы - ақшалай қаражаттың құралуы, бөлінуі, пайдалану барысында экономикалық қарым-қатынас жүйесі.

Қосымша құн - өнімді сатудан түскен түсімнен оны өндіру үшін басқа фирмалардан сатып алу шығындарының арасындағы айырмашылық құн, яғни фирманың осы өнімді өндіруге жұмсаған нақты өзіндік шығыны (жалақы, несие пайыз, жал төлемі, салықтар мен пайда сомасы).

Құн - тауардың бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал-жабдықты сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, игіліктерді сатып алуға жұмсалған ақшалай шығын.

Лаффердің қисығы - салық өсімі мен салық түсімі арасындағы байланыстың графиктегі көрінісі.

Лизинг - заңды (жеке) тұлғаның еңбек құралдарын меншігіне сатып алудың орнына басқа фирмалардың меншігін пайдалануы; ұзақ мерзімде пайдалануға құрал жабдықтарды несиеге беру.

Либерализация - бейтараптану; «бағаны либерализациялау» – бағаны босату, яғни әкімшілік жүйеде мемлекет бағаны бірқалыпта ұстап, нарықтық экономикаға өту кезеңінде оны босатып жібереді.

Лицензия - ұйымдардың немесе жеке адамдардың патенттермен қорғалған өнертабысты, техникалық білімді, тәжірибені, өндірістік құпияларды және т.б. пайдалануына арнаулы рұқсат (келісім).

Лоренц қисығы - қоғамда табыстардың графикте нақты бөліну көрінісі.

Макроэкономика - экономиканы тұтас алып зерттейтін экономикалық ғылым бөлімі. Макроэкономикада зерттелінетін негізгі мәселелер: жиынтық өндіріс, жұмыссыздық, бағаның жалпы деңгейі (инфляция), экономикалық саясаттың басты мақсаттары.

Мемлекеттік қарыз - өткен жылдардағы бюджет тапшылығының жиынтық сомасы.

Меншік - өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өкімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын экономикалық қатынастар.

Микроэкономика - экономика ғылымының кәсіпорын (фирма) мен саланы, үй шаруашылығын, сондай-ақ жекелеген нарықтарды, нақты бағаны, тауарлар мен қызметтерді зерттейтін бөлімі.

Монетаризм - Макроэкономикалық талдау мен экономиканы реттеу теориясы, ол экономикалық дамуда ақшаның және экономиканы тұрақтандыруда ақша-несие саясатының рөлін бірінші орынға қояды.

Монополия - ерекше тауардың бір ғана сатушысының нарықта үстемдік жүргізуі.

Монополистік бәсеке - нарық көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады.

Мультипликатор - ұлттық өнімнің, табыстың немесе ақша айналысының өсуі, немесе азаюының қанша есеге өзгергенін анықтайтын көрсеткіш.

Нақты еңбек - арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскерлердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінетін, яғни тауардың тұтыну құнын жасайтын еңбек.

Нақты жалақы – Жұмысшының номинальды жалақысына өзі мен отбасы үшін қанша және күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді.

Нақты пайыздық - номиналды пайыздық мөлшерлемеден мөлшерлеме инфляция ықпалын тазартқандағы мөлшерлеме.

Несие - бір тұлғаның екінші тұлғаға қарыз түрінде ақша немесе тауар – материалдық беруі туралы келісім.

Номиналдық жалақы - жалақының ақшалай сомасы

Номинальды пайыздық - ағымдағы нарықтық пайыздық мөлшерлеме мөлшерлеме.

«НОУ-ХАУ» - патенттілік құқы жоқ қандай да болсын міндетті шешу үшін қажетті техникалық білімдер, тәжірибе, технологиялардың құпиялары.

Облигация - құнды қағаз, ол иесінің ақшалай қаражат салғанын куәландырады.

Олигополия - нарықта аздаған ірі компаниялар үстемдік жүргізеді. Өнім біркелкі (біртектес) болып келеді. Бұл нарыққа басқа фирмалардың кіруі қиын болады. Бағаны бақылау бір біріне тәуелді болады.

Онкольдық несие - қарыз алушы несие берушінің талап етуі бойынша өтейтін қысқа мерзімді коммерциялық несие. Тауарлар мен құнды қағаздар кепілдікке жүреді.

Өнімнің өзіндік құны - өнімді өндіру процесінде пайдаланатын табиғат ресурстарының, шикізаттың, метариалдардың, отынның, энергияның негізгі құралдардың, оларды дайындау мен өткізуде көрсетілетін қызметтер шығындарының ақшалай сомасы.

Өндіріс шығындары - материалдық заттар мен қажетті еңбек шығынының жиынтығы. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны.

Пайда - табыстың шығыннан ақшалай есептегі артуы.

Пайда нормасы - пайданың барлық авансыланатын капиталға (немесе тиімділік) (барлық шығындарға) пайыз түріндегі қатынасы.

Пассив - бухгалтерлік баланстың бөлігі, оң жағы. Ол қаржының қайдан келіп түсетінін және қандай мақсатқа жұмсалатынын көрсетеді.

Патент - 1) өнертапқышқа ашқан жаңалығын пайдалануға құқық беретін куәлік қағаз; 2) саудамен, кәсіппен айналысуға құқық беретін рұқсат қағаз.

Протекционизм - мемлекеттің жергілікті өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғау саясаты.

Паритет - алтын мөлшеріне сай келетін валюталардың ара қатынасы.

Ревальвация - ұлттық валюта бағамын ресми түрде жоғарылату.

Резервтік валюта - ұлттық (доллар, фунт, стерлинг) және ұжымдық валюталар (ЭКЮ,СПЗ), оларды елдер халықаралық есеп шоттарындағы қарыздарын реттеп отыру үшін пайдаланады.

Резидент - белгілі бір мемлекеттің аумағында тұрақты мекендейтін жеке тұлға, сондай-ақ онда өзінің қызметін тұрақты түрде жүзеге асыратын заңды тұлға.

Рента - жерден, мүліктен, капиталдан т.б. заттардан меншік иесінің еңбексіз табыс алуы.

Реимпорт - шетелде өңделмеген отандық тауарларды қайтып әкелу.

Реэкспорт - шетелден әкелінген тауарды өңдемей елден қайтарып жіберу.

Рецессия - өндірістің құлдырауы.

Роялти -салық салу жүйесінде табиғат ресурстарын қазып алу құқығы үшін жер иесінің жерді пайдаланушыдан алатын төлемақысы және пайда үстемесіне салынатын салық.

Санация - банктер мен ірі өндіріс орындарын банкротқа ұшыратпау мақсатында жүргізетін шаралар жүйесі немесе кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру шаралары.

Сальдо - табыс пен шығын арасындағы айырмашылық.

Секвестр - бюджеттің атқарылуы кезінде тапшылықтың белгіленген деңгейден артып кетуінен, не түсімдердің қысқаруынан және көзделген шараларды ағымдағы қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда қолданылатын арнаулы шаралар.

Серіктестік - жеке кәсіпкерлердің күш-жігер мен қаражатты біріктіру, мұнда екі не одан көп тұлға пайда табу мақсатымен кәсіпкерлікпен бірлесіп айналысады.

Стагфляция - өндірістің тоқырауымен, инфляцияның бір мерзімде өршуімен сипатталатын экономиканың жағдайы.

Синдикат - кәсіпорындар бірлестігі, бұл бірлестіктер барлық сауда қызметтерді (баға белгілеу, тауар өткізу, т.б.) жүзеге асырады, ал өнім өндіру жауапкершілігін кәсіпорындар өз мойнына алады.

Статистика - әлеуметтік – экономикалық құбылыстар дамуының сандық көрсеткіштері мен оларды есептеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Стратегия - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнер, оны жүргізудің қоғам дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары. Ол кәсіпорынның ұзақ мерзім кезеңінде алдына қойылған міндеттерін шешуді мақсат еткен ірі ауқымды жоспарлау.

Субвенция - мемлекеттің мақсатты жәрдемінің бір түрі.

Субсидия - мемлекеттің бір жолғы қайтарымсыз ақшалай көмегі.

Сұраныс - тауар сатып алуға жұмсалған және қызмет көрсеткені үшін төленетін ақының ақшалай сомасы.

Сұраныстың икемділігі - тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасының өзгеруіне жауап ретінде сұраныстың мөлшерінде болатын өзгерістің деңгейі.

Сыртқы сауда айналымы - елдің белгілі бір кезеңдегі экспорты мен импорт құнының сомасы.

Табыс - жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың белгілі бір уақатта қандай да болсын қызметтің нәтижесінде алатын ақшалай қаражаты.

Таза пайда - кәсіпорында салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен қалған қалдық пайда

Таза ұлттық өнім - өндірілген өнімнің өнім шығару барысында тозған өндіріс құрал-жабдығын ауыстыру (амортизация) үшін қажет бөлігін шегеріп тастағандағы жалпыұлттық өнім.

Трансферт төлемдер- (лат. «тасу», «аудару») 1.төлемақыны бір шоттан екінші шотқа аудару. 2. мемлекеттік трансферттік төлемдерге жататындар: (зейнетақы, жәрдемақы,стипендия т.б.)

Төлем балансы - шетелдік мемлекеттерге төленген жалпы төлем сомасы мен белгілі бір уақыт аралығында олардан алынған сомалар арасындағы айырмашылық. Төлемдер мен түсімдерге алтын,тауарлар мен қызметтердің қүны, туристердің шығындары, капиталдың қозғалысы, пайыздар мен несиелердің негізгі сомасы кіреді.

Трансұлттық корпорация - штаб пәтері бір елде орналасқан және көптеген филиалдары дамыған елде, сондай-ақ дамушы елде орналасқан халықаралық корпорация.

Трестке қарсы заң - еркін бәсекеге бөгет жасайтын монополистік бірлестіктер құру жолы мен капиталды орталықтандыру процесін реттеу үшін мемлекетте қолданылатын заң актілері.

Тұйық валюта - бір елдің көлемінде пайдаланылады, дамушы елдердің көпшілігінің валютасы.

Ұлттық табыс - елдің әлеуметтік экономикалық дамуын қорытындылаушы көрсеткіш; қоғамдық жиынтық өнім құнының құрал-жабдық – еңбек заттары өтелгеннен кейін қалған бөлігі, яғни ұлттық табыс жалпы өнім жиынтығы мен өндірістік шығындар арасындағы айырмашылық; таза ұлттық өнімнен алынатын жанама салықтардың арасындағы айырмашылықпен есептеледі.

Ұлттық шоттар жүйесі - өндірісті макроэкономикалық есептеу, (ҰШЖҚ қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және түпкілікті пайдалану жүйесі, ол бухгалтерлік есеп-шоттар нысанында жасалған. Ұлттық есеп-шоттар БҰҰ-ның халықаралық статистикасында кеңінен пайдаланылады.

Ұсыныс - нарықтағы немесе тауар өндірушіні қанағаттандыратын белгілі бір мерзімде тиісті баға бойынша сатуға дайындалған тауарлар жиынтығы.

«Үлкен сегіздік» - бірінші әлемнің алуыңғы қатарлы индустриалды мемлекеттері (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Италия, Ресей). Әлемдік шаруашылық, тағы өзекті проблемаларды шешуді талқылайтын жыл сайын жоғары деңгейдегі кездесулерді ұйымдастыру-шылар.

Франчайзинг - ұсақ және ірі фирмалардың орналасуы; ірі компанияның өзінің фирмалық таңбасымен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын пайдалану құқығын ұсақ фирмаларға келісімшарт арқылы береді.

Фьючерстік келісім - тауар мен қор биржасындағы мәліме түрі, мерзімдік келісім; тауарды (қызметтерді) құнды қағаздарды келісім жасалғаннан кейін өзара шартта көрсетілген бағамен төлеу, сатып алу немесе сату жөніндегі биржа мәселесі. Оның мақсаты – акциялардың бағасындағы немесе бағамындағы мәміле аяқталған кезде пайда болатын айырманы алу.

Хайринг (ағыл.-жалға беру) - негізгі құрал жабдықты жалдаудың орта мерзімдік шарты. Қысқа мерзімдік жалгерлік – рентинг, ұзақ мерзімге арналған желгерлік – лизинг деп аталады.

Халықаралық валюта қоры - ерікті халықаралық қаржылық ұйым; оны құру жөніндегі шешім 1944 ж. Бреттон Вудстағы конференцияда қабылданған. Мақсаты – халықаралық ынтымақтастықа және дүниежүзілік сауданы дамытуға жәр-демдесу, елдердің валюталық қатынастарын реттеу.

Халықаралық қайта құру мен даму банкі - бүкіләлемдік банк (штаб-пәтері Вашингтонда) қаржылық институт. Негізгі міндеті – үшінші әлем елдеріндегі, әсіресе ең төмен дамыған елдерде даму жобасын несиелеу.

Хедж - бағаның болашақта қолайсыз өзгеру қатерінен сақтандыруға арналған шарт.

Холдинг - тәуеліді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания, заңды тұлға.

Чартер - көлік құралын немесе оның бір бөлігін белгілі бір мерзімге не сапарға жалдау туралы шарт.

Шетелдік инвестициялар – шетелдік меншік иелерінің өнеркәсіпке, ауылшаруашылығына, көлікке және экономиканың басқа да салаларына ұзақ мерзімге капитал бөлуі.

Экстраполяция - құбылыстың бір бөлігін бақылаудан алынған қорытындыларды оның басқа бөлігіне қолдануға негізделген ғылыми –зерттеу әдісі; мысалы, экономикада өткен кезеңде болған тенденциялардың болашақта да дамуы туралы болжам болып табылады.

Экспорттық–импорттық – импорт пен экспортқа сан және құн квота шектеулері, жекелеген тауарлар мен қызметтер, жекелеген елдер бойынша белгілі бір мерзімге енгізіледі.

Эмбарго - тыйым салу, валюталарды, алтынды, тауарларды, құнды қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкетуге мемлекеттің тыйым салуы.

Эмиссия - ақша белгілерін және құнды қағаздарды айналысқа шығару.

Экспансия - (лат. – «кеңейту», «тарату»); ықпал ету аумағын кеңейту, ол экономикалық әдістер мен де (капиталды сыртқа шығару, жоғары пайызбен қарыз беру, т.б.) және экономикадан тыс әдістермен де (дипломатиялық қысым) жүзеге асырылады.

1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері.


  1. Экономикалық теория пәні.

  2. Экономиканың зерттеу әдістері.

  3. Экономикалық теорияның функциялары.

Мақсаты: Экономикалың теорияның пәнін, әдістерін, қызметтерін қарастыру, оның Қазақстанда нарықтық жүйенің қалыптасуындағы және дамуындағы рөлін көрсету.

1. Экономикалық теория пәнінің қалыптасуы мен дамуының тариғы.

2 Экономикалық құбылыстарды зерттеу әдістері. Позитивтi және нормативтi экономикалық теория.

3 Экономикалық теорияның қызметтерi. Экономикалық теория мен экономикалық саясат.

4. Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы жағдайында экономикалық теорияның рөлi мен маңыздылығы

Негізгі түсініктер мен терминдер

Институционализм, Кейнсиандық мектеп, Классикалық саяси экономия, Маржинализм, Меркантилизм, Неолассикалық теория, Физиократизм, Экономикалық заңдылықтар, Экономикалық игіліктер, Экономикалық қажеттіліктер, Экономикалық категориялар, Экономикалық теория, Экономикалық теорияны зерттеу әдістері.



Дәріс мәтіні

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.

Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.

Ең алғаш рет б.э.д. III-ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.

Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.

Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­-XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.

Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.



Меркантелизм. Ең алғаш экономикалық ілім XVI­-XVII ғасырларда меркантелизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материалдық өндіріс емес, тауар-ақша қатынастарында болды.

Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.



Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физиократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.

б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрас математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.

Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.

Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.

Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:

Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.



Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:

1. Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады

2. Оларды мұраға қалдыруға болмайды.

3. Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері келесі кестеде көрсетілген.

кестеЭкономикалық теорияның зерттеу әдістері

 


Жалпы әдістер

Жеке әдістер

1. Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. 2. Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады. 3. Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы. 4. Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару. 5. Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу. Эксперимент, гипотеза және т.б.

Экономико – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер.

Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық заңдылықтар мен категорияларға бағынышты.

Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

1. айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.

2. ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.

3. жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.



Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).

Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:

микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.

макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.



Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:

1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.

2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.

3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.

4. Практикалық қызметі– нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.

5. Методологиялық қызметі– экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.



1-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Бұл тақырыпты «экономика» терминінің пайда болуынан бастап қарастыру керек. Экономиканың мәнін экономикалық теория мәнімен байланыстыру керек. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері, әдістері мен принциптерін, атқаратын қызметтерін толық ашып көрсету керек.

 








Натуралды шаруашылық

Тауарлы шаруашылық

1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады.

1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі.

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады.

Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:

- өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;

- өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.

Алайда «өндірдік-тұтындық» - приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.

Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.

жеке меншіктің болуы;

тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.

· жеке меншіктің пайда болуы;

· тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;

· еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;

· қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;

· экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.



Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Маркстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:

- адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;

- басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі.

Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды.

Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон–Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.

Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді.

Ақша - бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

1. Сапалық, біртектілік.

2. Сандық бөлінуі.

3. Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.

4. Сақталуы.

Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды: яғни

· металдық

· номиналдық

· сандық теорияларна байланысты болады.

Ақшаның металдық теориясы - капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері «меркантелистер» мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.

«Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді - ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының-негізін қалаушылыр ағылшын экономисті Дж.Локк пен Д.Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.

Ақшаның атқаратын қызметтері. 1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады

Предыдущая12345678910Следующая








1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

4. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

5. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.



3.Нарық - экономикалық ұйымдасқан қатынастар жүйесі. Ұдайы өндірістің барлық салаларында өндіру, тұтыну, бөлу, айырбастау, сату- сатып-алу арқылы жүзеге асырылатын жүйе. Нарық келесідей маңызды қызмет атқарады:

Біріншіден, қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни "не, қалай, кім үшін өндіру керек?" мәселелері шешіледі;

Екіншіден, өндіруші мен тұтынушы арасында байланыс қалыптасады. Нарықтың әрбір қатысушысы бір мезгілде әрі сатушы, әрі сатып алушы болып табылады. Ол өміріне қажетті немесе өндірісіне қажетті тауарды сатып алады да, осы нарықта өзі өндірген өнімді, немесе мүлікті, не болмаса жұмыс күшін сатады

Үшіншіден, нарық арқылы өндіріске кеткен шығындарды айқындауға болады. Нарық тек не өндіру ғана екенін анықтамайды, сонымен қатар қоғамға қажетті өнімді алу үшін қанша шығын жұмсайтынын айқындайды. Егер шығын деңгейі жоғары болса, онда өнімді сатып ала алмайды және өнім алдағы уақытта өндірілмейді. Дәлірек айтқанда, нарыққа шығындарын жаба алатын және бағалары қолайлы тағайындалған тауарлар шығады;

Төртіншіден, нарықтың маңызды қызметі - бағаны белгілеу. Баға сұраныс пен ұсынысқа қарай ауытқып отырады. Егер тауардың қандай да бір көлемі сұранысты жоғарылататын болса, онда баға төмендейді, оған сәйкес өндіріс пен ұсыныс та төмендейді. Керісінше, жоғары баға өндірісті кеңейтеді.Бұл өсулер тепе - тең баға қалыптасқанша жалғаса береді;

Бесіншіден, нарық өндірушілерді дифференциалдайды. Бәсеке кезінде шығыны нарықтық бағадан төмен фирма өмір сүре алады. Бұл кезде фирма пайда таба алады. Егер жұмсаған шығындар нарықтық бағадан асып кететін болса, ол бос шығындалуға алып келеді. Өндірушілердің дифференциясы тиімді фирмалардың дамуына, ал тиімсіздерінің жойылуына алып келеді.

4.Нарықтың сипаттамасы оның құрылымының, әрекет етуші тұлғаларының және олардың қызығушылық объектілерінің зерттеуінсіз толық болмайтын еді. Нарықтың әрекет етуші тұлғалары немесе субъектілері үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет болып табылады.

Үй шаруашылығы - бұл бір немесе бірнеше тұлғаның құрамындағы экономикалық бірлік. Ол:

• өз бетінше шешім қабылдайды;

• қандайда бір өндіріс факторының иеленушісі болып табылады және өзінің мүлкін, капиталын, жұмыс күшін сата алады немесе жалға бере алады;

Фирма - бұл экономикалық бірлік. Ол:

• сату мақсатымен өнім дайындау үшін өндіріс факторларын пайдаланады;

• пайданы максимизациялауға ұмтылады;

• өз бетінше шешім қабылдайды.



Мемлекет қоғамдық мақсаттарға жету үшін нарыққа және шаруашылық субъектілеріне бақылауды қамтамасыз ету үшін саяси және занды билікті жүзеге асыратын үкіметтік мекемелермен ұсынылған.

Үй шаруашылықтары, фирмалар және мемлекет нарық объектілерін сату және сатып алу, пайдалану, иелену туралы экономикалық қатынастарға кіреді. Нарықтық шаруашылықтың объектілері: тауарлар мен қызметтер, өндіріс факторлары (еңбек, жер, өндіріс факторлары), ақша, кұнды қағаздар субсидиялар, әлеуметтік төлемдер т.б. болып табылады. Нарықтың нақты құрылымы бар.



Нарық құрылымы - бұл нарықтың бөлек элементтерінің ішкі құрылысы. Нарықтың құрылымын әр түрлі критерийлермен жіктейді. Олардың ішіндегі маңыздылары келесілер болып табылады:

• экономикалық міндеттеріне байланысты: тауарлар мен қызметтер нарығы, өндіріс құралдары нарығы, еңбек нарығы, инвестициялар, құнды қағаздар, қаржы нарығы;

• географиялық орналасуына байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық және әлемдік нарықтар;

• бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты: монополиялық, олигополиялық, еркін және аралас нарықтар;

• саласы бойынша: автомобиль, бидай нарығы;

• сату түріне байланысты: көтерме, бөлшек сауда нарығы.

Қазіргі нарық инфрақұрылымсыз, яғни көмекші салалар мен ұйымдарсыз мүмкін емес. Нарық инфрақұрылымы - бұл нарық қатынастарының сәтті жұмыс істеуін қамтамасыз ететін коммерциялық және мемлекеттік фирмалар мен мекемелердің жиынтығы. Нарық инфрақұрылымының үш түрін ажырату қабылданған: тауар, қаржы және еңбек нарығы.

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындарбаға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

Бұдан басқа нарықтың сәтті жұмыс істеуі жарнамасыз, ақпараттық және кеңес беру қызметтерінсіз, тексеру және бақылау мекемелерінсіз мүмкін емес.

Соларға келейік.

Жарнама (лат.- айқайлаймын) - бұл сұранысты көбейту мақсатымен тауарлар мен қызметтер туралы мәліметтерді тарату. Ол тауар өндірісінің дамуының алғашқы кезеңінде пайда болды. Ежелгі Грецияда және Римде коммерциялық сипаттағы хабарландырулар ағаш, қола, сүйек тақтайларда жазылып қала жаршыларымен айқайлап оқылған. Ақпарат (лат.-мәлімдеу) - бұл нарық жағдайын болжамдау және талдау жасауға қолданылатын мәліметтер. Кез келген фирма сұраныс туралы, ұсыныс туралы, пайда нормасы туралы, қай жерде қымбатқа сатып және арзанға сатып алуға болатыны туралы ақпаратты қажет етеді. Алған мәліметтердің негізінде фирма өзінің жүріс - тұрысының стратегиясын жасайды. Нарық инфрақұрылымының қазіргі кезеңіне жекеленген ақпараттан мәліметтерді автоматты өңдеудің информациялық жүйесін құруға өту тән.

Консалтинг - коммерциялық бастамаларда мамандандырылған фирмалармен жүзеге асырылатын бақылаушылық кеңес беру. Қызметтер ноу-хау, лицензиялар, қызметтер мен тауарлар нарығының болжалдауымен және зерттеуімен көрсетіледі. Сонымен қатар заң қызметтері көрсетіледі. Жеке мамандарды ұстаудан осындай кеңестерге төлеу арзанға түсетіндіктен фирмалар консалтингті кең ауқымда пайдаланады.

Аудит компаниялары (ағылш. ревизор) - бұл фирманың бизнес сферасында мүмкіндіктерін бағалау мақсатымен фирманың қаржы - шаруашылық қызметінің кешенді ревизиясын жүзеге асыратын ұйымдар. Әдетте, аудит компаниялары акционерлік компаниялардың қызметін бақылап отыратын мемлекеттік органдардан арнайы өкілдік алады.

5-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Тауар дегеніміз не? Тауардың мәнін ашу үшін, оның қасиеттерімен танысып, тарихына үңілу керек. Тауардың пайда болуымен ақша қатынастары дами бастайды, осыған байланысты ақшаның тарихына тоқтала кету керек. Ақшаның атқаратын маңызды қызметтері, олардың қазіргі таңда алатын орны. Бүгінгі таңда ақшаға қандай қасиеттер тән?

Нарық дегеніміз не? Нарықпен тығыз байланысты ұғымдарға тоқталыңыз. Нарықтың атқаратын қызметтері және оның негізгі элементтеріне не кіреді? Қазіргі индустриалды-инновациялық экономикада нарық қандай рөл ойнайды? Нарықта жасалатын сауда мен коммерцияның айырмашылығын ажырата білу.

Тақырып. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымдар және олардың қызметтері. Сұраныс, ұсыныс қисығы



  1. Жетілген бәсеке, оның шарттары. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның негізгі түрлері.

  2. Монополия және монополистiк бәсеке. Олигополия. Таза монополия. Табиғи монополия.

  3. Сұраныс заңы. Сұраныстың қисығы

  4. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы

 

Мақсаты: Нарықтың жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке жағдайындағы қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру арқылы, олардың негізгі тетіктерінің қалай қызмет атқаратының көрсету, айырмашылықтарына талдау жасау.

Негізгі түсініктер:Жетілген бәсеке, жетілмеген бәсеке,сұраныс көлемі, ұсыныс көлемі, сұраныс заңы, ұсыныс заңы, сұраныстың өзгерісі, ұсыныстың өзгерісі, бағаға және табысқа сұраныстың, ұсыныстың икемділігі (созымдылығы), жеке нарықтағы тепе-теңдік, тепе-теңдік баға, монополия, табиғи монополия, таза монополия, монополистік бәсеке, олигополия, дуаполия, монопсония, олигопсония.

Дәріс мәтіні

1. Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А.Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.

Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай түрлерге бөлуге болады:

1. Даму масштабы бойынша:

1.1. Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға талаптанады.

1.2. Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территорядағы тауар иелерінің жарысы.

1.3. Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс.

1.4. Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы.

1.5. Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс.

1.6. Ғаламдық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.

2. Жүргізу әсеріне қарай:

2.1. Бағалық бәсеке – бағаны төмендету арқылы

2.2. Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.

3. Ниет тәсілдері бойынша:

3.1. Адал ниеттілік бәсеке

3.2. Ниетсіз бәсеке – нарықтық ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы.

4. Бәсеке даму сипатына қарай:

4.1. Жетілген бәсеке

4.2. Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).

Бәсеке- дегеніміз латын тілінен аударғанда " соғысып- қалу" деген сөз.

Бағалы бәсеке - өндірушілер өзінің өнімін өткізу үшін, нарықта монополиялық жағдай алу үшін бағамен манипуляция жасайды, бағаны арзандатады, кұпия сыр ретінде өзгертеді. Бағалы емес бәсекеде өндірушілер өнімнің белгілі бір артықшылығын пайдаланады: өнімнің сапасы, дизайны, дамыған технология, кепілді жөндеу мерзімі т.б.

Еркін бәсеке нарығында тауар өндірушілер және тұтынушылардың саны өте көп болады. Тауар өндірушілер біртекті тауар өндіреді. Нарықта өндірушілер мен түтынушылар саны көп болғандықтан бір өндіруші немесе бір тұтынушы бағаға, сұраныс пен ұсьнысқа әсер ете алмайды. Еркін бәсеке нарығының ерекшеліктері:

• Тұтынушылар мен өндірушілердіңсаны өте көп болады;

• Бағаға бақылау болмайды;

• Салаға кіру мен шығу оңай;

• Бағалы бәсеке қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет