Банк ісінде қызмет көрсету саласына тән тәуекелдердің түрі жиі кездеседі. Мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларды несиелендірумен байланысты тәуекелдерге жиі кезігеді. Ал, әмбебап банктерде тәуекелдің барлық түрлері кездесуі мүмкін. Сондай-ақ әкімшілік тәуекелдің мынадай түрлері кезігеді: құрылымдық басқару, ынталандыру, бақылау, стратегиялық тәуекелдер жатады, ал қаржылық тәуекелдерге қаржыландыру, өтімділік диверсификациялық, табыстылықтың төмендеу тәуекелдері жатады, ал ұйымдастырушылық тәуекелдерге ақпараттық, персоналдық жаңа технологияларды пайдаланумен байланысты тәуекелдер жатады. Банк клиеттерінің құрамына байланысты әр банк тәуекелді есептеудің әдісін және тәуекел дәрежесін анықтайды. Осыған байланысты банк клиенттеріне тәуекелдердің толық құрылымын анықтауға болады.