Жырау–– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Хандар мен басқа да ел билеушілері жыраулар пікірімен санасып отырған. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, ел қорғау, азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған.
Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1771) — қазақтың әйгілі ақын-жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
Шыққан тегі Арғын тайпасының Қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер
Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:
“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”. Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды.
Бұқар жырау Қалқаманұлы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағындағы Далба тауының бір сілемінде жерленген. Бұқар жыраудың шығармалары философиялық-дидактикалық толғау түрінде бізге жеткен. Олар бейнелі суреттерге бай, ұлттық бояуға қанық, көркемдігі кемел. Жырау халықтың дәстүрлі ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдалана білген. "Өз заманындағы жандар бұл кісіні көмекей әулие деседі екен. Қара сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен " деп жазады белгілі ғалым, фольклоршы, жыраудың тұңғыш биографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқар жырау шығармаларының басты тақырыбы – халқына, отанына деген ыстық махаббаты. Ол отанды сүюге, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға үндейді. Көреген ақын қазақ халқының ұлттық бірлігі қажет екендігін айқын түсініп, бұл тұрғыда Абылайды бірлік идеясын жүзеге асыра алатын қайраткер ретінде жырына қосады, сыртқы жаулармен күресте қазақ жүздерін біріктірер қолбасшы, көзсіз батыр ретінде сүреттейді. Ал егер оның іс-әрекеті халық мүддесіне кереғар келсе қорықпай-үрікпей сын тезіне салады. Жырау шығармашылығындағы басқа бірмаңыздытақырыпадамтабиғатыныңөзгеруі, дүниеніңбірорнындатұрмайтындығы. Бұқарөмірдікезең-кезеңгебөліп, адамныңжасыоныңсанасын, мінез-құлқын, көңілкүйін, күш-жігерінқалайөзгертетіндігінкөрсетеді. Оныңпоэзиясыныңхалықарасынакеңінентарап, ғақлия, нақыл, афоризмдергеайналуы, мақал-мәтелболыпжетуідекөркемдеутәсілініңкереметтігінде. БұқаржырауКалқаманұлышынмәніндекөнеқазақпоэзиясыныңеңтұлғалыөкілдерініңбірі. 1993 жылыжыраудың 325 жылдықмерейтойынатапөтіп. Жыраудыңмәңгіестеқалдыружөніндеайтарлықтайқадамжасалдыдеугеболады. БұрынғыУльяновмамандырылғанбірлестігіменОзерноеселосынаБұқаржырауесіміберілген. Кейін, 1997 жылыУльяновжәнеТельманаудандарыбіріктірілгенде, ауданұлыабыздыңатыменаталды. ҚарағандыдағысәулеттікөшелерініңбіріБұқаржыраудаңғылыдепаталады. Мерейтойсалтанатыүстіндеосыкөшеніңбойында, теміржолвокзалыалдындағыкеңалаңдаБұқаржырауескерткішіашылды. Ескерткіштіңавторы – жерлесмүсіншіМұратМансұров. Ал, БұқаржыраужерленгенДалбатауыныңетегіндехалқымызәулиедептанитынұлыабыздыңкесенесісалынып, ол 1993 жылы 21 тамызкүнісалтанаттытүрдеашылды. Табаныүштағанболыпкелетін, биіктігі 12 метргежететінбұлғимаратқазақтыңұлттықбаскиімінеұқсаскеледіде, кезіндеұлыбабамызаңсапкеткенүшжүздің, бүкілелдіңбірлігінбейнелейді.