Барысы: Фанфара ойналады. 2-жүргізуші сахнаға шығады



Дата15.09.2017
өлшемі66,27 Kb.
#32787

«Ынтымағы жарасқан елміз!»
Мақсаты:         Оқушыларға 1 - мамыр Достық пен Ынтымақ мерекесінің маңызын түсіндіру, оқушыларды достыққа, татулыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отанымызды сүюге баулу.

 Барысы:


Фанфара ойналады.
2-жүргізуші сахнаға шығады
.


1-жүргізуші:

Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір - ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысың, бар халқымның ынтымағы!
Бармысың, қазағымның ынтымағы!

2-жүргізуші:

Сыңғырлы Есіл, сыбдырлы тоғай, гүлді қыр,


Өздерің болып санама бала тұнды жыр.
Көгімнен құлап, көңілімді жатты жылытып,
Көзімнен ойнап, күміске бояп күлкі нұр.

1-жүргізуші:
Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні

2-жүргізуші:
Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтық  адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлады!

1-Жүргізуші:  Қайырлы күн, ардақты ұстаздар,  

2-жүргізуші: Армысыздар, Егемен елдің еркін өскен ұл қыздары!

1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

Хор: «Достық» даярлық тобы

1-жүргізуші:

Қаһарман, қас батырға дабылы сай,


Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай!

2-жүргізуші:

Ынтымағы жарасқан береке күн

Білдіреді болашақ ел ертеңін

Татулық пен достығың арта берсін

Құтты болсын бүгінгі мереке күн!

Сөз кезегін кешіміздің құрметті қонағы ауыл әкімі Рысбаев Ғ.С мырзаға береміз.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күнімен құттықтай отырып бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз кезегін әр ұлттың өкілдеріне берейік

                        Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

                        Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

                        Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

                        Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүргізуші:  Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

                        Қайта тудым өмірге қайта келдім.

                        Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

                        Айта бергім келеді, айта бергім.



1-жүргізуші: Алғашқы сөз кезегін өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық өнерімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне береміз.

(қазақша әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген қазақтар шығады. Олар құттықтау сөз сөйлеп өз өнерлерін көрсетеді 9»а»сынып)




2-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастықта, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды

1-жүргізуші:
Күтетұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

2-жүргізуші:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Сахнаға орыс ұлт ының өкілдерін шақырамыз


(Орыс халық әнінің әуені естіліп, сахнаға Орыс халқының ұлт өкілдері шығады. Орыс тілінде лебіздерін білдіріп орыс халқының өнерін көрсетеді 10-сынып)


1-жүргізуші:

Қазақ қашаннан да бауырмал халық. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған Қазақ  жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді.

2-жүргізуші:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,


Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

1-жүргізуші:

Қадірменді бір досымыз- өзбегім,


Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің деп сахнаға өзбек ағайындарымызды шақырамыз
(Сахнаға Өзбек халқының ұлт өкілдері шығады. құттықтау сөз сөйлеп өз өнерлерін көрсетеді 9»ә»сынып)

2-жүргізуші:

Ақ қара деп алдымен,


Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.

1-жүргізуші:

Жырласа қазақ, түркімен,


Молдаван,кәріс үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.

Сахнаға кәріс ұлтының өкілдерін шақырамыз.

 (Енді сахнаға Кәріс халқының ұлт өкілдері шығады 6-сынып)



2-жүргізуші:

Серт берісіп туыс болып қалуға


Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда.

1-жүргізуші:                                                                                                                                Достық тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.
бізге өз бауырымыздай болып кеткен ұйғыр халқын шақырамыз!

(Енді сахнаға ұйғыр ұлты шығады). (7-сынып оқушылары)

1-жүргізуші:
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілім сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
2-жүргізуші
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!»-деп сыбырлаған
Жаным менің,Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол да оның шырылдаған.

Сахнаға  түбіміз бір түрік халқын шақырамыз!
(түрік ұлтының өкілдері 8-сынып оқушылары)


1-жүргізуші:                                                                                                                                   Қазақ жері достықтың гүлстаны 
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
2- жүргізуші:                                                                                                                                 Қазақ- қырғыз туыссыңдар , доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар, - дей келе сахнаға айыр қалпақты ағайынымыз қырғыз ұлт өкілдерін шақырайық.

(5-сынып оқушылары)

1-жүргізуші: Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік,достық салтанат құрғанда  бақыт пен шаттық,ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кәміл сенеді.
2-жүргізуші: «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
Олай болса ортаға барлық ұлт өкілдерін шақырамыз!

 Сөз кезегі мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Сейтказиева Асыл Маратқызына беріледі.



1-жүргізуші: 
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден!

2-жүргізуші: Осымен 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама аяқталды.Мереке құтты болсын ағайын!. Барша халыққа ортақ мекен болып отырған Қазақстанымыз жасай берсін! Қазақ халқы жасай берсін! Барлығымыз бірге «Қара жорға»биін билейік.

Автор: Сердалиева Жазира Киікбайқызы
Просмотров: 672
Дата создания: 24 Мая 2013 г.
Дата редактирования: 24 Мая 2013 г.




Copyright © 2007-2015 UNIPRADE
Все права защищены

Обратная связьКонтактыПользовательское соглаш

Каталог: uploads -> doc -> 00cc
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00cc -> Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі
00cc -> Модель және модельдеу Сабақтың тақырыбы: Білімділік
00cc -> Сабақ тақырыбы: физика -табиғат туралы ғылым. Физика және техника. Сабақ мақсаты
00cc -> Ххі ғасыр көшбасшысы (зияткерлік сайыс)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет