С) Негізгі сұрақтар:
1. Кітап туралы тарихи білімнің дамуы.
2Кітаптанудың негізгі кезеңдері.
3.Кітап тарихының кеңестік тарихи сипаты.
Мазмұны: Кітаптанудың дамуының негізгі кезеңдері. Кітаптанудың 1917 жылға дейінгі дамуы. Кеңестік кітаптану-20,30,40,50-70 жылдарда. Кітаптанудың қазіргі кезеңдегі дамуы. Кітаптану ғылымының тоеретикалық проблемасын зерттей отыра, ең алдымен оның анықтамасын анықтау керек. «Кітаптану» деген терминді ең алғаш орыстың белгілі библиографы В.Г.Анастасевич 1820ж. өзінің кітап туралы мақаласында келтірген. Содан кейін 19-20ғғ. Бұл термин көп тарады. Ал, совет дәуірі кезінде 20-30ж. кітаптану ғылымында бұл термин жоғалып кетіп, 50ж. қайтадан қолданыла бастады. Ал 60-70ж. бұл термин өте кең көлемде қолданыла бастады. Кітаптану туралы әр түрлі ғалымдар берген неше түрлі анықтамалар бар.
Кітаптану- кітап ісі және кітап ғылымы туралы комплексті ғылым
Кітаптану- кітап және кітап ісі туралы ғылымдар жиыны.
Кітаптану- кітап және кітап ісі туралы ғылымдардың жалпы теориясы.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Кітап туралы тарихи білімнің дамуы?
2Кітаптанудың негізгі кезеңдері қандай?
3.Кітап тарихының кеңестік тарихи сипаты?
Е)Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Атабаев Д.А., Есенғалиева Ә.Г. Қазақстандағы мәдени құрылыс тарихынан / Қазақстанның кітапбаспа ісі үлгісінде.- А., 2000.- 148б.
2.Атабаев Д.А., Исенгалиева А.Г. Из истории художественного оформления книги: Учеб. Пособие.- А., 2001.- 156с.
3. Баренбаум И.Е., Шомракова И.А. Всеобщая история книги: Учебник.- Ч.3.- СПб ., 2001.- 122с.
4, Издатели, книготорговцы и библиотеки в едином информационном пространстве// Библиография.- 2005.- №1.- с. 103-110.
5. Фонотов Г.П. « Человек, любивший книгу и искавший истину». ( Рубакин Н.А. ) // Мир библиографии.- 2004.- №5.- с.44-48, №6.- с. 39-42., 2005.-№2.- с.76-80., №3.- с. 74-77., №5.- с.72-77., №6.- с.51-56.
Апта 2
Дәріс№3
А)Тақырып:Кітап – құжаттың негізгі түрі. Кітаптың әлеуметтік ролі.
В)Мақсаты: Кітап – құжаттың негізгі түрі. Кітаптың әлеуметтік ролі. С)Негізгі сұрақтар: 1.«Кітап» ұғымының анықтамасы.
2.Кітап қоғамдық құбылыс.
3.Кітаптың әлеуметтік қызметі.
Мазмұны:«Кітап» ұғымының тарихи сипаты, оның генезисі. Қазіргі кезеңде «құжат» ұғымының әртүрлі анықтамалары: «құжаттану» , құжатты сипаттаудағы тарихи болжау аспектісі, компонентті – құрылымдық зерттеу, функционалдық сипаттау, құжаттық жүйелер мен жүйелі құжаттар. Ғылыми, анықтамалық, оқулық, көркем әдебиеттердің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Бірақ қазіргі кезге дейін кітаптың мазмұнын дәл ашып көрсететін анықтама жоқ деуге болады. Кітаптың қоғамда атқаратын ролі ерекше. Себебі кітап дегеніміз әруақытта белгілі бір идея, ой-пікірді , көзқарасты, адамзаттың ой- тәжірибесін жеткізетін әлеуметтік құрал. Кітаптың ең маңызды ерекшелігі - оның маңызында. Кітапты шығару үшін баспалар үлкен жұмыс атқарады, көркемдеуші - суретші безендіру жұмыстарын атқарады. Кітап - полигафиялық өндіріс пен өнер шығармалары болғандықтан ол ішкі және сыртқы элементтерден тұрады. Кітап идеялық- эстетикалық бағалы құрал, себебі ол- рухани тұтыну құралы. Кітап- қоғамның дамуына байланысты әлеуметтік- экономикалық , саяси, мәдени, ғылыми деңгейдің өсуіне өзінің зор ықпалын тигізді. Кітаптың қоғамдағы ролі оның әлеуметтік қызметінен көрінеді, олардың қатарына идеологиялық , инфорациялық, комуникативті, этикалық, эстетикалық ерекшелктерінен көрінеді. Қазіргі кезде, кітаптың басқа да бұқаралық- информациялық құралдары түрлерінің ішінде, теледидар, радио, т.б. көбеюіне қарамастан, кітапбасылым ісінің өсуінің көлемі азайып отырған жоқ, неғұрлым көбеюде. Сонда, кітаптың қоғамдағы ең үлкен коммуникативті құралы екендігін дәлелдеді.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1.«Кітап» ұғымының анықтамасы?
2.Кітап қоғамдық құбылыс?
3.Кітаптың әлеуметтік қызметі қандай?
Е)Ұсынылатын әдебиеттер:
1. 1 .Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері: Оқу құралы.- А: Санат, 1997.
- 176б
2.История книги.\ Под ред. А.А. Говорова, Т.Г. Куприяновой.- М: Светотон, 2001.- 400с.
3. Книга: Энциклопедия. – М., 1999 .-. 799с.
4. Книговедение. Энциклопедический словарь.- М.: Книга, 1982. -664.
5. Кушнаренко Н.Н. Документоведение: Учебник.- Киев: Знание, 2000.- 459с.
6. Мигонь К.Наука о книге.- М.: Книга, 1991.- 798с
7. Сулейменов О. Золотая латынь / О судьбе книги в современном мире // Простор.- 1996.-№3.- с. 35-42.
№4Дәріс
А)Тақырып:Кітап басылымдарының типологиясы:
В)Мақсаты: Кітап басылымдарының типологиясын талдау.
С)Негізгі сұрақтар:
1.Басылымдарды әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеу
2.Мақсаттық бағытына байланысты жіктеу.
Мазмұны: Кітаптың типі мен түрінің саналуандығы. «Басылымның түрі» мен «басылымдар типі» атты ұғымдар анықтамалары. Кітаптың негізгі түрлері. Кітаптың типологиясы: мақсаттық ,оқырмандық бағыты, өндірістік әдісі, ақпараттық белгісі бойынша, көлемі, мазмұны, жанры сияқты және т.б. ерекшеліктері бойынша бөлінуі. Қазіргі уақытта кітаптың көлемі ғана өсіп қоймай, оның мазмұны, көркемделуі, құрылымдары да өзгеріп отыр. Сан алуан кітаптарды белгілі бір жүйеге келтіріп, реттейтін ғылымды кітаптың типологиясы деп атайды. Осы ғылым арқылы , теория мен іс- тәжірибенің тығыз байланысын көруге болады. Кітап типологиясын білу дегеніміз - кітап ісін басқаруда кітапбасылым, кітаптарату, зерттеу, есептеу, сақтау және кітапты пайдалану туралы зерттеу жұмысында қолдана білу деген ұғым. Типологияның ең маңызды мәселесі боп, оның ерекшеліктрін анықтай білу. Кітаптану ғылымында мынадай критерий, ерекшеліктер қатарына - кітаптың шығу мақсаты, бағыты мен қандай оқырмндарға арналғандығы. Оқырмандар жас ерекшеліктеріне байланысты екіге бөлінеді.1.) Балалар
2.) ересектер
Ал мамандықтарына қарай 3-ке бөлінеді. ( Оқушыларға, мамандарға, маман емес оқырмандарға)
Кітаптың типологиялық жіктелуінің негізгі басты басылымдары бар. Олар;
1 .) Деректі
2.) Ғылыми
3.) Бұқаралық-саяси
4.) Оқулықтар
5.) Өндірістік баспалар
6.) Анықтамалық баспалар
7.) Информациялық
8.) Әдеби-көркем
9.) Жарнамалық
10.) Ғылыми-көпшілік
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1.Басылымдарды әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеу?
2.Мақсаттық бағытына байланысты жіктеу?
Е)Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Атабаев Д.А., Есенғалиева Ә.Г. Қазақстандағы мәдени құрылыс тарихынан / Қазақстанның кітапбаспа ісі үлгісінде.- А., 2000.- 148б.
2. Бектемісов Ә. Жан азығы : Қазақстан кітап баспаларының өткен жолы мен өркендеуі жайлы естеліктер.- Алматы: Қазақстан, 1991.- 144б.
3. Гречихин А. Библиотипология или общая теория систем в книжном деле.// Книжное дело.- 1995.-№6.-с. 75-80.
4. Гречихин А.А. Современные проблемы типологии книги .- Воронеж, 1989.- 245с.
5. Издания. Основные виды. Термины и определения. ГОСТ7.60-90. Изд. Официальные.- М., 1990.
6. Кушнаренко Н.Н. Документоведение: Учебник.- Киев: Знание, 2000.- 459с.
3 апта.
№5 дәріс
А)Тақырып: Кітап басылымдарының типологиясы ( жалғасы ).
В)Мақсаты: Кітап басылымдарының типологиясын талдау.
С)Негізгі сұрақтар:
1.Басылымдарды әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеу
2.Мақсаттық бағытына байланысты жіктеу.
Мазмұны: Кітаптың типі мен түрінің саналуандығы. «Басылымның түрі» мен «басылымдар типі» атты ұғымдар анықтамалары. Кітаптың негізгі түрлері. Кітаптың типологиясы: мақсаттық ,оқырмандық бағыты, өндірістік әдісі, ақпараттық белгісі бойынша, көлемі, мазмұны, жанры сияқты және т.б. ерекшеліктері бойынша бөлінуі. Қазіргі уақытта кітаптың көлемі ғана өсіп қоймай, оның мазмұны, көркемделуі, құрылымдары да өзгеріп отыр. Сан алуан кітаптарды белгілі бір жүйеге келтіріп, реттейтін ғылымды кітаптың типологиясы деп атайды. Осы ғылым арқылы , теория мен іс- тәжірибенің тығыз байланысын көруге болады. Кітап типологиясын білу дегеніміз - кітап ісін басқаруда кітапбасылым, кітаптарату, зерттеу, есептеу, сақтау және кітапты пайдалану туралы зерттеу жұмысында қолдана білу деген ұғым. Типологияның ең маңызды мәселесі боп, оның ерекшеліктрін анықтай білу. Кітаптану ғылымында мынадай критерий, ерекшеліктер қатарына - кітаптың шығу мақсаты, бағыты мен қандай оқырмндарға арналғандығы. Оқырмандар жас ерекшеліктеріне байланысты екіге бөлінеді.1.) Балалар
2.) ересектер
Ал мамандықтарына қарай 3-ке бөлінеді. ( Оқушыларға, мамандарға, маман емес оқырмандарға)
Кітаптың типологиялық жіктелуінің негізгі басты басылымдары бар. Олар;
1 .) Деректі
2.) Ғылыми
3.) Бұқаралық-саяси
4.) Оқулықтар
5.) Өндірістік баспалар
6.) Анықтамалық баспалар
7.) Информациялық
8.) Әдеби-көркем
9.) Жарнамалық
10.) Ғылыми-көпшілік
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1.Басылымдарды әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеу?
2.Мақсаттық бағытына байланысты жіктеу?
Е)Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Атабаев Д.А., Есенғалиева Ә.Г. Қазақстандағы мәдени құрылыс тарихынан / Қазақстанның кітап баспа ісі үлгісінде.- А., 2000.- 148б.
2. Бектемісов Ә. Жан азығы : Қазақстан кітап баспаларының өткен жолы мен өркендеуі жайлы естеліктер.- Алматы: Қазақстан, 1991.- 144б.
3. Гречихин А. Библиотипология или общая теория систем в книжном деле.// Книжное дело.- 1995.-№6.-с. 75-80.
4. Гречихин А.А. Современные проблемы типологии книги .- Воронеж, 1989.- 245с.
5. Издания. Основные виды. Термины и определения. ГОСТ7.60-90. Изд. Официальные.- М., 1990.
6. Кушнаренко Н.Н. Документоведение: Учебник.- Киев: Знание, 2000.- 459с.
№6 дәріс
А)Тақырып: Кітапты полиграфиялық және көркем безендіру.
В)Мақсаты: Кітапты полиграфиялық және көркем безендіру.
С)Негізгі сұрақтар:
1.Кітаптың материалды- конструктивті формасының және құрылымының, мазмұнының өзара байланысы және өзара бағыныштылығы.
2.Кітап элементтері және оларды жіктеу.
3.Кітаптың сыртқы элементтері.
Мазмұны: Кітаптың материалдық түсінігінің даму заңдылықтары. Кітаптың сыртқы элементтері. Кітаптың анықтама аппараты. Кітап иллюстрациясы. Кітаптың полиграфиялық және көркемдік безендірілуі. Кітап элементтерін көркемдеу ерекшеліктері. Кітаптағы көркем бейне туралы ұғым. 1. Кітап мұқабасы (обложка)
2.Суперобложка- кітаптың мұқабасына кигізіледі. Суперобложка мұқабасы кітапты бүлінуден сақтайды. Бұл кітапты безендірудің элементі боп саналады.
3. Титулдық бет- кітаптың алғашқы екі беті, оның оң жағында автордың фамилиясы, кітаптың аты, шығу мәліметтері жазылады.
4. Аннотация- кітаптың қысқаша мазмұны.
5. Алғысөз.
6. Соңғысөз.
6.а. Оглавление ( мазмұны)
7.Иллюстрация
8.Форзац- мұқаба мен титулдық белгі арасындағы тығыз қағаз беті. ( Титульный лист бумаги, между переплетом и титульным листом)
9. Фронтиспис- титулдық бет алдындағы иллюстрация.
10. Серия- белгілі бір тақырып бойынша, бірыңғай сериялық атау бойынша, бірдей көркемделген басылымдар тобын айтамыз.
11. Кітаптың анықтама аппараты, көрсеткіштері:
А) атау көрсеткіші
Б) предметтік көрсеткіш
В) хронологиялық
Г) географиялық
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1.Кітаптың материалды- конструктивті формасының және құрылымының, мазмұнының өзара байланысы және өзара бағыныштылығы?
2.Кітап элементтері және оларды жіктеу?
3.Кітаптың сыртқы элементтері қандай?
Е)Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Атабаев Д.А., Исенгалиева А.Г. Из истории художественного оформления книги: Учеб. Пособие.- А., 2001.- 156с.
2. Баренбаум И.Е., Шомракова И.А. Всеобщая история книги: Учебник.- Ч.3.- СПб ., 2001.- 122с.
3. Бородин О. Художественный переплет в прошлом и настоящем. // Библиотека.- 1998.- №11.-с. 69-71, №12.-с. 61-63.
4. Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері: Оқу құралы.- А: Санат, 1997.
- 176б.
5. Иоффе А.М. Введение в книговедение: Учеб. Пособие.- М., 1984.- 74с
6. Книга: Энциклопедия. – М., 1999 .-. 799с.
7. Книговедение. Энциклопедический словарь.- М.: Книга, 1982. -664.
8. Кушнаренко Н.Н. Документоведение: Учебник.- Киев: Знание, 2000.- 459с.
9. Кітапхана мақтанышы жинақталған қорда. / Ж. Молдағалиев атындағы ОҒӘК .- Орал, 2003.
10. Ляхов В.И. Искусство книги.- М.: Сов. художник, 1978.- 248с.
11. Лебедов В.А. Судьбы книжного дизайна// Книжное дело.- 1995.-№3.-с.58-65.
4 апта
№7 дәріс
А)Тақырып: Кітапты полиграфиялық және көркем безендіру.( жалғасы )
В)Мақсаты: Кітапты полиграфиялық және көркем безендіру.
С)Негізгі сұрақтар:
1.Кітаптың ішкі элементтері.
2.Кітаптың дизайны
Мазмұны: Кітаптың материалдық түсінігінің даму заңдылықтары. Кітаптың сыртқы элементтері. Кітаптың анықтама аппараты. Кітап иллюстрациясы. Кітаптың полиграфиялық және көркемдік безендірілуі. Кітап элементтерін көркемдеу ерекшеліктері. Кітаптағы көркем бейне туралы ұғым. 1. Кітап мұқабасы (обложка)
2.Суперобложка- кітаптың мұқабасына кигізіледі. Суперобложка мұқабасы кітапты бүлінуден сақтайды. Бұл кітапты безендірудің элементі боп саналады.
3. Титулдық бет- кітаптың алғашқы екі беті, оның оң жағында автордың фамилиясы, кітаптың аты, шығу мәліметтері жазылады.
4. Аннотация- кітаптың қысқаша мазмұны.
5. Алғысөз.
6. Соңғысөз.
6.а. Оглавление ( мазмұны)
7.Иллюстрация
8.Форзац- мұқаба мен титулдық белгі арасындағы тығыз қағаз беті. ( Титульный лист бумаги, между переплетом и титульным листом)
9. Фронтиспис- титулдық бет алдындағы иллюстрация.
10. Серия- белгілі бір тақырып бойынша, бірыңғай сериялық атау бойынша, бірдей көркемделген басылымдар тобын айтамыз.
11. Кітаптың анықтама аппараты, көрсеткіштері:
А) атау көрсеткіші
Б) предметтік көрсеткіш
В) хронологиялық
Г) географиялық
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1.Кітаптың ішкі элементтер қандай?
2.Кітаптың дизайны?
Е)Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Атабаев Д.А., Исенгалиева А.Г. Из истории художественного оформления книги: Учеб. Пособие.- А., 2001.- 156с.
2. Баренбаум И.Е., Шомракова И.А. Всеобщая история книги: Учебник.- Ч.3.- СПб ., 2001.- 122с.
3. Бородин О. Художественный переплет в прошлом и настоящем. // Библиотека.- 1998.- №11.-с. 69-71, №12.-с. 61-63.
4. Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері: Оқу құралы.- А: Санат, 1997.
- 176б.
5. Иоффе А.М. Введение в книговедение: Учеб. пособие.- М., 1984.- 74с
6. Книга: Энциклопедия. – М., 1999 .-. 799с.
7. Книговедение. Энциклопедический словарь.- М.: Книга, 1982. -664.
8. Кушнаренко Н.Н. Документоведение: Учебник.- Киев: Знание, 2000.- 459с.
9. Кітапхана мақтанышы жинақталған қорда. / Ж. Молдағалиев атындағы ОҒӘК .- Орал, 2003.
10. Ляхов В.И. Искусство книги.- М.: Сов. художник, 1978.- 248с.
11. Лебедов В.А. Судьбы книжного дизайна// Книжное дело.- 1995.-№3.-с.58-65.
№8 дәріс
А)Тақырып: ІХ- ХҮ ғғ кітап ісі.
В)Мақсаты: ІХ- ХҮ ғғ кітап ісін қарастыру
С)Негізгі сұрақтар:
1.Кітап ісінің орталықтары.
2.Қолжазба кітаптарының мазмұнының жанжақтылығы.
3.Қолжазба кітаптарының көне ескерткіштері.
Мазмұны: Жазудың дамуының негізгі кезеңдері. Қолжазба кітаптарының маңызының әртүрлілігі. Қолжазба кітаптардың материалдары мен түрлері. Татар – монғол шапқыншылығы кезеңіндегі кітаптардың жаппай жойылып кетуі. XVI ғ. аяғымен XV ғ. басындағы кітап ісінің қайта жандануы) Славян жазуының пайда болуы.
Славяндардың алғашқы жазуы біздің эрамызға дейінгі I-ғасырдың 1-жартысында пайда болды. Славяндар христиан дінін қабылдағаннан кейін өз тілдерінде латын ж/е грек алфавиттерін пайдалана бастады. Славяндардың реттелген әліппесін ең алғаш құрастырушылар ағалы-інілі Кирилл және Мифодий болды. Кирилл мен Мифодий Македонияда портты қала - Солунида дүниеге келді. Ағалы-інілі екеуіде көп оқыған, көптеген ғылыми және әдеби еңбектердің авторлары болды. Ертедегі словяндардың қолжазбалары словян жазуының екі түрінде жазылып, осы уақытқа дейін сақталған. Оның бірі-кириллица(Кириллдің атына байланысты) екіншісі глаголица (ерте словян тілі бойынша – глагол немесе «сөз»)
а) Х-ХІІ ғ.ғ. ерте орыс кітаптары.
989 жылдан Русьте христиан дінінің пайда болуынан бастап, ерте орыс мемлекетінде кириллица алфавиті бойынша жазу бірыңғай енгізілді.
Ертедегі көне мәдениет үлгілері, мыс етіктердің түрлері, қыштан жасалған бұйымдар т.б. қолөнердің түрлері (ХІ-ХІІғ.) сақталып келді.
Ярослав Мудрыйдың кезінен бастап ертеорыстың тарихи шығармалары – шежірелерде басып шығарылатын еді. ХІ-ХІІғ.ғ. шежіре жазудың ең ірі орталығы болып есептелетін – Киев-Печоря монастырі еді.
Киев Русінің әдебиеттерінің ең бір көне ескерткештерінің қатарына «Печера патеригін» айтуға болады. Бұл шығармада Киев-Печера монастырінің белгілі монахтары туралы өмірбпяндық жинақ болып есептелінеді.
Ертеорыс әдебиетінің ең бір тамаша жетістіктерінің бірі саналатын «Слово о полку Игореве» атты мәдени ескерткіш. В.Г. Белинскийдің сөзімен «бұл славяндардың халық поезиясының тамаша гүлі» деп атаған.
ХІ-ХІІІғ.ғ. қолжазба кітаптардың көбі біздің кезеңге дейін сақталмаған. ХІғасырдың кітабынан – 33 қолжазба, ХІІғасырдан- 85 қолжазба кітаптар ғана сақталған. Мұның себептері өте көп, мысалы қолжазбаларды өрттен сақтап қалуға мүмкіндік болмаған. Сол сияқты татар-монғол шапқыншылығы кезеңінде көптеген тарихи құнды қолжазбаларды сақтап қала алмады, себебі басқыншылар жүрген жерлерін өртеді, өте көптеген кітаптар сондықтан жойылып кетті. Мысалы: 1571ж. Дәулеткерейдің жауынгерлерінің Москваға шабуылы кезеңінде сан мыңдаған қолжазбаларды сақтауға жағдай болмады. Ертедегі кітаптың ең бір тамаша үлгілері саналатын «Остромирововангелисі» болды. Қазіргі кезде Солтыков-Щедрин атындағы бұқаралық кітапханада сақталуда.
Екінші бір ертеорыс кітабының ескерткіштерінің тамаша үлгісі болып есептелінетін -1073жылғы «Святославтың жинағы». Бұл жинақты бірінші орыс энциклопедиясы деуге болады, себебі мұнда діни әдебиеттермен қатар ботаника, зоология, медицина, астрономия,грамматикаданда мақалалар жарияланған.
Татар-монғол шапқыншылығы, Ертедегі Русьте кітап ісінің одан әрі дамуына кері әсерін тигізді. Орыстың ертедегі кітап орталықтарының күйреуіне әкеліп соқтырды.
ХІҮғ. аяғында бұрынғы кітап орталықтарымен қатар, жаңалары пайда бола бастады. Мысалы: Тверь, Ростов,Суздаль қалалары . Бұрын тек Новгород және Псков қалалары еді.
Орыс мемлекетінің жаңа орталығы-Москва қаласында ірі-ірі қолжазбалардың шеберханалары жұмыс істеп, мұнда кітапты көшіріп жазушылар, редакторлар, суретшілер және кітапты мұқабалаушылар штат бойынша қызмет атқарады.
ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. орыс мәдениетіне славяндардың және грек славяндардың ықпалы үлкен әсер етеді. Бұл әсер негізінен әдебиетпен жазба ісінде қолданылады.
ХІҮ-ХҮғ.ғ. кітап жазу ісінің ескерткіштерінің бірі саналатыны – Лавректев шежіресі. Бұл кітапты монах Лавректев 1377ж. Ұлы князь Дмитрий Константиновтің (заказы) сұранысы бойынша жазған. Қазіргі уақытта бұл кітап М.Е. Салтыков – Щедрин кітапханасында сақталуда. ХІҮғ. Кітаптарды пергаментке көшіріп жазды. Оны жас қозы, бұзау, ешкілердің терісін илеу арқылы жасап отырды. Мұнымен қатар, ағаштың (березта) қабықтары пайдаланылды. Қолжазбаны сиямен және әртүрлі сырлармен жазды. Кітаптағы басты әріптер, аттары, кісінің инициялдары қызыл сырмен жазылатын еді. Термин(«красная строка») обзацтан бастап жазу осыған байланысты. Жазу құралы – қаламұштардың орнына – құстардың (гусыня перья) қанаттары пайдаланылды.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1.Кітап ісінің орталықтары?
2.Қолжазба кітаптарының мазмұнының жанжақтылығы?
3.Қолжазба кітаптарының көне ескерткіштері қандай?
Е)Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник.-2-ое издание.- М.: Книга, 1984.- 247с.
2.Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.: 1988.- 310с.
3.История книги.\ Под ред. А.А. Говорова, Т.Г. Куприяновой.- М: Светотон, 2001.- 400с.
4.Книга: Энциклопедия. – М., 1999 .-. 799с.
5.Книговедение. Энциклопедический словарь.- М.: Книга, 1982. -664.
5 апта
№9 дәріс
А)Тақырып: ХҮІ ғ кітап ісі.
В)Мақсаты: ХҮІ ғ кітап ісін қарастыру
С)Негізгі сұрақтар:
1.ХҮІ ғ. қолжазба кітап .
2.Россиядағы кітап баспа ісінің пайда болуының алғы шарттары.
3.И. Федоров пен П. Мстиславецтің қызметі.
Мазмұны: Кітапбасылым ісінің пайда болуы. Кітапбасылым ісінің әлеуметтік – экономикалық және мәдени алғы – шарттары. И. Федоров пен П. Мстиславецтің қызметі. XVI ғ. Қолжазба кітаптар. ХҮІғ. 40-50жылдарында алғаш Новгородта, содан кейін Москвада ірі шеберханалар құрыла бастады, бұл шеберханаларда қолжазба кітаптар дайындалды.
Орыс мәдениетін ж/е кітап ісін алға қарай дамытуда өз заманының ағартушысы, метрополист Макарийдің ролі ерекше.
ХҮІғ. Ортасында Москва мемлекетінде публицистикалық әдебиеттер жақсы дамыды. Олардың авторлары болып Максим Грек, Иван Грозный, Андрей Курбский сияқты әртүрлі қоғамдардың өкілдері болды.
Мұнымен қатар дін туралы жазылған әдебиеттерде кітап шығарылды. Қолжазба кітаптардың шығуы кітап сауда жұмысының дамуына әсер етті. Иван Грозныйдың бұйрығымен Москвада салтанатты кездерде кітап сату жұмысы жолға қойылды.
ХҮІғ. ортасында Москвада кітап басып шығару ісі дамыды. Сондықтанда Москвада типографиялар салынып, кітап басып шығаруға қажетті техникалар әкелінді. Бұл іс – Иван Грозныйдың (ХҮІғ. 50-60ж.) саяси шараларының бірі болды. Шіркеулерге діни кітаптардың қажеттігінен кітап басып шығару ісін дамыту керек болды.
Осы жылдары кітап басу ісіне шетелдік адамдарды қатыстырды, бірақ одан ешқандай нәтиже шықпады. Сондықтанда типографиялық өнерді үйрену үшін өз адамдарын үйрету қажет болды. Ол үшін жазушы – публицист Максим Грек шетелдік кітап басылым ісімен танысу мақсатында ХҮғ. аяғымен ХҮІғ. басында Италияға барып, осы іспен толық танысып, Москваға шетел кітаптарының үлгілерін әкелді. 1954-55ж.ж. белгілі болуына байланысты, И. Федоров ең алғашқы орыстың тамаша кітабын - әліппесін жасап шығарды.Лвовта И.Федоров материалдық жағынан көптеген қиыншылықтарға кездесті, қаражаты болмады.Осы кезде И. Федоровты князь константин Острожский шақырды.Олар Острож Академиясы аталатын оқымыстылар үйірмесін ұйымдастырды. Үйірмешілердің шешіміне байланысты «Библияны» грек тілінен славян тіліне аудару қажет болды.
Сонда 1575-1576 жылдары И. Федоров князь Острожскийдің ұйғарыуымен Дерман монастырының бастығы міндетін атқарды. Осы жылдыры Библияны қайтадан басып шығару ісіне дайындық жүргізілді. Бірақ бұл жұмысты бастау үшін көптеген жылдар қажет еді.
1580ж. Федоров Библияның жаңа аудармасын басып шығарды. Мұнымен қатар И. Федоров Әліппені де жаңа басылым етіп шығарды. Типографиялық өнерінің шарықтаған кезеңіндегі ең жақсы ескерткіштерінің бірі болды.
1583ж. И. Федоров қайтыс болды.Орыс баспа кітабының тарихында Федоров елеулі орын алады, оның кітап басатын станогы орыс халқын сауаттандыру ісінде үлкен роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |