Барлығы – 45 сағат


Пәннің оқу - әдістемелік қамтамасыз етілу картасы



бет3/4
Дата04.11.2016
өлшемі0,68 Mb.
1   2   3   4

4.Пәннің оқу - әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра «Вокал және аспаптық өнер»тьютор Каженова Ляззат Жукеновна

Пән : Вокалдық ансамбль

Кредит саны – 1



Әдебиет атауы

Барлығы

Ескерту

Кітапханада

Кафедрада

Студенттердің қамтылу пайызы %

Электрон.

түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Қазақ-совет энциклопедиясы. Алматы, 1975.


10




100 %




оқытушыда

2

А.Жұбанов. «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» Алматы,1942



10




100 %







3

«Қазақтың халық әндері» Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы Алматы-1960 ж.















оқытушыда

4

Ә. Молдағайынов, Ж. Рахимова «Уроки музыки и пения» Алматы-2007ж.





30




100 %




оқытушыда

5

А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі»-А.,1975

10




100 %







6

А.Жұбанов «ән-күй сапары»-А.,1975

6




100 %







7

С.Өтебаева «Көзімнің қарасы» Алматы «Өнер» 1995ж





2




100 %







8

Б. Қабылбаев «Әсем әуендер»Алматы «Өнер» 1991








100 %







9

К.Сахарбаева «Атырау ән-күй мұхиты»-А.,2002

10




100 %







10

М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы «Өнер» 1993 жыл.



15




100 %




оқытушыда

5. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі) - қарастырылмаған


6. Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.




Тақырып

Мазмұны

Ап

та


Әдебиет

1.

Кіріспе сабақ.Абай «Көзімнің қарасы»


Әр ұлттың өзіндік болмысын ерекшелейтін тұстары салт – дәстүрі, тұрмыс – тіршілігі – осыған орай бедерленетін мәдениеті, өнері.

1

С.Өтебаева «Көзімнің қарасы»

Алматы-1995


2.

Сегіз серінің әні «Гауһартас»


«Гауһартас» әні өмір мен әсемдіктің байланысын түсінетін әрбір адамның рухани қажеттігін қанағаттандыра алады.


2

М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы-1993

3.

А. Жұбанов «Қарлығаш»



Композитор ән әуенін еркін де кең көлемде дамытып, тереңдете түсу үшін төрт жолдан тұратын он бір буынды өлең сөзінің екінші және төртінші жолдарынан кейін «Қарлығаш» деген сөзді қосып отырады.

3

М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы-1993

4.

Б. Байқадамов «Ақ бидай»




Оның шығармаларында лирикалық, жігерлі әуен де, байсалды баяу саз да тасқынды, асқақ юмор сатиралық лебіз де бар.

4

М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы-1993

5.

Халық әні

«Япурай»





Әннің мазмұнын және түрлер бірлестігінде дауыс-ырғақтық және сезімдік тұрғыда қабылдау. Әннің стильдік және жанрлық дауыс ырғақтық ерекшеліктері бойынша жұмыс жасау.

5

Б. Ғизатов «Халық әндері» Алматы – 1960жыл.


6.

Халық-әні «Назқоңыр»



шығарманың жанры, стилі, композитор қақында түсініктеме; өмірі, өмір сүрген уақыты шығарманың қағидасы.


6

Б. Ғизатов «Халық әндері» Алматы – 1960жыл.


7.

Естай «Құсни – Қорлан»



Әнді мәнерлі түрде орынау, содан кейін мақамдық дәлсіздіктерін жөндей отырып, әннің шапшаңдығы менсипатына сай сөз орамдары бойынша бірге оқу.


7

Б. Қабылбаев «Әсем әуендер»Алматы «Өнер» 1991


8.

С.Мұхамеджанов Абайдың өлеңіне арналған романс «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да»



Романс – поэзия мен терең сазды, бейнелі әуен үндестігінен туған өзіндік стилі, музыкалық көркемдік шиеленісі, формалық музыкалық драматургиялық ерекшелігі бар, түрлі мазмұнмен дараланатын жаңа жанр.

8

М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы-1993

9.

М. Ержанов « Паравоз»


ән Қазақстан тарихында ерекше маңызды оқиға болған Түркісіб құрылысына байланысты шығарылған.


9

С.Өтебаева «Көзімнің қарасы»

Алматы-1995

М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы-1993


10

халық әні «Қараторғай»

.


Әннің әсерлі үні, нақышы, ырғақты сазы әрбір жүрекке жол таба білгендіктен, жанға жылы әсер етеді.

10

«Қазақтың халық әндері» Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы Алматы-1960


11.

Халық-әні «Тілеуқабақ»



Диапазонды кеңейтуге, мақамды, дем алу, дыбыстау дикциясын және басқаларды жақсартуға бағытталған жаттығуларды қоса, дауыс жаттықтыру тәсілдерін қолдану.



11

«Қазақтың халық әндері» Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы Алматы-1960


12.

К.Әзірбаев «Бозторғай»


«Бозторғай» әнінен бұрынғы кездегі қазақ қойшысының өмірге наразылығы, теңдікке ұмтылған сәулелі үміті сезіледі.

12

М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы-1993

13.

Аралық бақылау.Өткен тақырыптарды қайталау.



Өткен тақырыптардағы әндермен танысу, әндерде кездесетін әдіс-амалдарды меңгеру, әннің көркемдік мәнін ашу.Әннің музыкалық көркемдік тұрғысынан үйрену үшін оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеруге жаттығу.

13

М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы «Өнер» 1993 жыл. 97- бет. құрастырушы С.Өтебаева «Көзімнің қарасы» 3- бет. жинақ «Қазақтың халық әндері» Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы Алматы-1960 ж., 39-бет. Ә. Молдағайынов, Ж. Рахимова «Уроки музыки и пения» Алматы-2007ж., 185-бет.



14

А.Жұбанов «Ақ көгершін» әні


Керек дыбысқа байланысты қозғалыс жүйесін қалыптастыру, таза дыбыстың күшін (қатты, жай) сезініп естуге талпыныс жасау.



14

А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы, «Жазушы»-1975ж.,

7. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

Осы пән оқыту бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар: ПОӘК-нің тараулардың мұқият талқылау, пән ерекшеліктері бойынша қолданылатын оқыту әдістері, әдебиетпен жұмыс жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар, семинар, СОӨЖ, СӨЖ, практикалық сабақтарының орындалуы бойынша нұсқаулар, білімді бағалау жөніндегі мәліметтер, бағалау критериялары, сонымен қатар негізгі бақылау түрлері және дайындау материалдары бойынша нұсқаулар.
Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
1-апта

1 практикалық сабақ



Тақырып ; Кіріспе сабақ.Абай «Көзімнің қарасы»

Практикалық сабақ мазмұны ; Әр ұлттың өзіндік болмысын ерекшелейтін тұстары салт – дәстүрі, тұрмыс – тіршілігі – осыған орай бедерленетін мәдениеті, өнері.

Әдебиет; С.Өтебаева «Көзімнің қарасы»

Алматы-1995



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану,үнтаспа.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Унисон дегеніміз не?

Пайдаланылатын әдебиеттер: С.Өтебаева «Көзімнің қарасы»Алматы-1995

2-апта

2 практикалық сабақ

Тақырып: Сегіз серінің әні «Гауһартас»

Қарастырылатын сұрақтар: «Гауһартас» әні өмір мен әсемдіктің байланысын түсінетін әрбір адамның рухани қажеттігін қанағаттандыра алады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:Жалпы музыкалылық пен әншілік дауысын одан әрі дамыту жолдары.

Пайдаланылатын әдебиеттер: М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы-1993
3-апта

3 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: А. Жұбанов «Қарлығаш»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Композитор ән әуенін еркін де кең көлемде дамытып, тереңдете түсу үшін төрт жолдан тұратын он бір буынды өлең сөзінің екінші және төртінші жолдарынан кейін «Қарлығаш» деген сөзді қосып отырады.

3. мақсаты: Композитордың лирикалық бағытта жазылған ән творчествосының үлгісі есебінде «Қарлығаш» әнін атауға болады. Бұл ән бірден ел арасына кең тарап, халықтың сүйіп айтатын шығармасына айналды.

4. мазмұны: Әннің халықтық негіздегі интонациялық байлығы мен поэтикалық әсемдігі бірден құлаққа жылы тиеді. Сондықтан да болар, кіршіксіз махаббатты баяндайтын бұл ән арада бірнеше ондаған жылдар өтсе де, бұрынғы күйіндегідей қабылданады.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Әншілік нұсқауларды сақтаудың жолдары.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы-1993
4-апта

4 практикалық сабақ

1.Тақырып: Б. Байқадамов «Ақ бидай»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Б. Байқадамов - өзіндік ерекшелігі бар аса талантты композитор. Оның әндерінің тақырыбы мен көркемдік бейнелеу құралдары өте бай.

3. мақсаты: Оның шығармаларында лирикалық, жігерлі әуен де, байсалды баяу саз да тасқынды, асқақ юмор сатиралық лебіз де бар. Композитордың творчестволық принципі – мейлінше халықтық.

4. мазмұны: Ол қазақтың халық ән өнерінің ырғақ – нақыш әуендеріне сүйенді және оны кеңіне пайдаланды. «Ақ бидай» әні қазақтың халық әнін заман интонациясына сәйкестендіре пайдаланудың айқын мысалы, оның әуендік ырғағы халықтық фольклорлық дәстүрімен ұштасып жатады.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:Музыкалық шығарманың талдау жолдары.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы-1993

5-апта

5 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Халық әні «Япурай»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Әнді музыкалық көркемдік тұрғысынан үйрету үшін бірден оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеру, автордың ойын, әннің мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн.

3. мақсаты: . Ән мазмұнына байланысты орындау әдістерін талдау, дамыту деген сөз. Сабақта жаңа әнді үйренгенде оны бөлшектеу қателікке соқтырады. Тұтас басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап барып, бөлшектеп саралау қажет, ал оның орындау әдістерін, қиын тұстарын дұрыс игеріп болғаннан кейін түгелмен орындау керек.Осылайша қолға алынса ғана әнді белгілі бір мезгілде үйреніп меңгеруге болады.

4. мазмұны: Әрбір әннің техникалық қиын жерлері кездеседі.Мұндай жағдайда ұстаз шәкіртке осы іспеттес жаттығулар береді. Бұл жаттығулар әннің қиын жерлерін игеруге көмегін тигізетіндей болғаны абзал.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Музыкалық туындыны ьалдау барысында қолданатын әдіс – тәсілдер.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Б. Ғизатов «Халық әндері» Алматы – 1960жыл.

6-апта

6 практикалық сабақ

1. Тақырып: Халық-әні «Назқоңыр»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Міндетті түрде шығарма жөнінде мағлұмат беру. Яғни шығарманың жанры, стилі, композитор қақында түсініктеме; өмірі, өмір сүрген уақыты шығарманың қағидасы.

3. мақсаты: Шығарманың қиын тұстарына алдын-ала жаттығулар, жай екпінде нотадан оқу керек.

4. мазмұны: Нотадан оқығанда, көзбен жобалау, алыс перне аралықты тұстарын анықтап алу, динамикалық жобаларын анықтау, саусақ кестесі мен қағыс қарымын жобалау керек. Сабақ өту барысында бірден практикалық жүйеде іске асырылады.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Дауыс ырғақтары дегеніміз не?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Б. Ғизатов «Халық әндері» Алматы – 1960жыл.

7-апта
7 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Естай «Құсни – Қорлан»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Әнді жаттау кезінде, әуеннің дұрыс орындалуын мұқият қадағалау міндетін атқара отырып, бірнеше рет орындау.Қателіктер көрініс бере қалған жағдайда оларды дереу түзету қажет.

3. мақсаты: Әнді жаттаудың шапшаңдығы мен реттілігінің оны игеру үшін қисынды болуын қадағалап отыру

4. мазмұны: Әнді мәнерлі түрде орынау, содан кейін мақамдық дәлсіздіктерін жөндей отырып, әннің шапшаңдығы менсипатына сай сөз орамдары бойынша бірге оқу.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Өмір мен музыка арасындағы өзара байланыс орнықтырудың әдістемелік тәсілдерін сипаттау.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: құрастырған Б. Қабылбаев «Әсем әуендер»Алматы «Өнер» 1991 ж.34-бет

8-апта

8 практикалық сабақ

1. Тақырып: С.Мұхамеджанов Абайдың өлеңіне арналған романс «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Вокалдық саланың бірі – романс.Романс – аспап сүйемелімен жеке дауыста орындалатын лирикалық ән.

3. мақсаты: Романс – поэзия мен терең сазды, бейнелі әуен үндестігінен туған өзіндік стилі, музыкалық көркемдік шиеленісі, формалық музыкалық драматургиялық ерекшелігі бар, түрлі мазмұнмен дараланатын жаңа жанр.

4. мазмұны: Негізсіз өнер тумайды. Осы тұрғыда халқымыздың ән өнерінде европалық романс нұсқасынан кем түспейтін әндер бар. Сондықтан да көркем романс жанры халқымызға жат емес. Жанрдың ұлттық алғашқы нұсқалары Мұқан Төлебаев творчествосымен байланысты.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:Студенттердің музыкалық жанама іс - әрекеттерінің мәнін қалай көре аласыз?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы-1993

9-апта

9 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: М. Ержанов « Паравоз»

2. Қарастырылатын сұрақтар: :«Паравоз» әнінің музыкалық әуендік, ырғақтық бейнелілігі қазақтың жаңарған даласында жүйткіген паровозды көз алдымызға елестетеді.

3. мақсаты: «Паровоз» әні көкейге қона кететін әсем әуезділігі арқасында жұртшылық арасына кең тарады. Композитор халық арасында жиі айтылатын терме үлгісін творчестволықпен пайдалана отырып, тың бояуы қанық көркем ән туғызған.

4. мазмұны: Бұл әнді қазақтың терме сарындас әуендердің барынша дамыған жаңа түрі деуге болады.Композитордың еңбегі қазақтың ән творчествосының дамуына маңызды үлес қосылды.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Дауыс ырғақтары дегеніміз не?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы-1993


10-апта

10 практикалық сабақ

1. Тақырып: халық әні «Қараторғай»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Әннің әсерлі үні, нақышы, ырғақты сазы әрбір жүрекке жол таба білгендіктен, жанға жылы әсер етеді

3. мақсаты: Ән – адамның жан дүниесін нұрландырып, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелейді., сәулелі өмірге баулиды, зор эстетикалық қуанышқа бөлеп, рухты көтереді. «Ақылың болса, ән тыңда» деген мақал содан шыққан.

4. мазмұны: Әнді мәнерлі түрде орынау, содан кейін мақамдық дәлсіздіктерін жөндей отырып, әннің шапшаңдығы менсипатына сай сөз орамдары бойынша бірге оқу.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Музыкалық шығарманың талдау жолдары.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: жинақ «Қазақтың халық әндері» Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы Алматы-1960 ж., 75-бет.


11-апта

11 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Халық-әні «Тілеуқабақ»

Қарастырылатын сұрақтар: Әннің әуенедерін үйрету алдында оның мәтіні, әрбір сөзі түсінікті екендігіне көз жеткізу керек.

3. мақсаты: Алғашқы сөз орамынан келесіге өтуде, әр сөз орамындағы ансамблмен ән айту тапсырмаларының негіздерін бағындырғанда барып жүзеге асыруға талпыну.Тыныс алу, мақам, дыбыстау және т.б.тәсілдерге жаттығуларын орындау

4. мазмұны: Әнді жаттау мен орындаудың бүкіл үрдісін жұмыстардың әрқилы тәсілдері мен әдістерін құрастыру.Әнді жаттау үрдісі негізінен өнімді әдістің – осы туындының әр сөз орамын қалай айту және қалай айтпау керектігін тұрақты көрсетіп тұру.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Музыкалық шығарманың талдау жолдары.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: «Қазақтың халық әндері» Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы Алматы-1960 ж.

12-апта

12 практикалық сабақ

1. Тақырып: К.Әзірбаев «Бозторғай»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Қазақстанның өмірін жырлайтындардың бірі - әнші әрі ақын, халық композиторы Кенен Әзірбаев еді. «Бозторғай» әнінен бұрынғы кездегі қазақ қойшысының өмірге наразылығы, теңдікке ұмтылған сәулелі үміті сезіледі.

3. мақсаты Әннің ішкі құрылысы да өзгеше. Мұнда әуендік даму заңдылығының да мол элементтері баршылық. Әннің қайырмасында өзгеше, әсерлі айтылған мұң бар. Кенен Әзірбаевтің әндерінің қайырмаларында жеке буын, сөздерді қайталап аарқылы әннің әуендік әсерін күшейтушілік айқын байқалады.

4. мазмұны: Кенен Әзірбаевтің әндері халық өмірімен тығыз байланысты, оның творчествосында халықтық ән дәстүрі берік сақталған.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Өмір мен музыка арасындағы өзара байланыс орнықтырудың әдістемелік тәсілдерін сипаттау.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» Алматы-1993

13-апта

13 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Аралық бақылау.Өткен тақырыптарды қайталау.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Өткен тақырыптардағы әндермен танысу, әндерде кездесетін әдіс-амалдарды меңгеру, әннің көркемдік мәнін ашу.

3. мақсаты: Әннің музыкалық көркемдік тұрғысынан үйрену үшін оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеруге жаттығу.Әндерде кездесетін қиын жерлер мен қателіктерге мән беру және оны болдырмаудың маңызы зор екендігін жете түсіну. Мәселен, қиын жерлерді бірге, соңынан өзі бірнеше мәрте орындау арқылы.


М. өтемісов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік университеті

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат
dmdocuments -> Саз құралдары (пәннің атауы) Пәннің оқу-әдістемелік кешені


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу