Барлығы флоридаға ұшуға дайындалып жүреді, ал Кевин жатын бөлмеде теледидар қарап отырады. Ол бағдарламада Нью Йорктағы қонақ үй туралы айтып жатады. Кевин оны диктафонға жазып отырады



Дата25.12.2022
өлшемі15,93 Kb.
#164345
Байланысты:
Home alone 2
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM

HOME ALONE 2
Барлығы флоридаға ұшуға дайындалып жүреді, ал Кевин жатын бөлмеде теледидар қарап отырады. Ол бағдарламада Нью Йорктағы қонақ үй туралы айтып жатады. Кевин оны диктафонға жазып отырады. Сол кезде әкесі келіп қуаттағышты қосамын деп сағатты ауыстырып жібереді. Содан кейін Кевин душқа барып ән айтып жатқан Фрэнк көкесінің дауысын диктафонға жазып алады. Сосын кевин балалармен рождетствоға қарсы кешке барып ән шырқайды. Кевин ән айтқан кезде Базз оны артынан мазақтап тұрады. Кевин оны көріп бір ұрады. Солай қасындағы барлық бала құлап қалады. Базз үйге келіп бәрінен кешірім сұрайды. Бірақ Кевин кешірім сұрамайды. Сосын ол бөлмесіне кетіп қалады. Кевиннің анасы Кевинге келіп алдыңғы жылғыдай жалғыз қалғың келеді ме дейді, ал Кевин ия деп жауап береді. Сосын азанда ата анасы тағы да ұйықтап қалады. Олар асығып үйден шығып кетеді. Көлікте Кевиннің анасы билеттерді таратып беріп жатады, сол кезде ең соңғы билетті Кевин алады. Әуежайға келген кезде әкесі өзінің сумкасын Кевинге береді. Кевин оның ішінен конверттегі ақшаны көреді. Кевин камераның батареясын ауыстырып жатқанда әкесі асығып кетіп қалады. Кевин мені күт, мені күт деп артынан жүгіреді. Бірақ ол әкесіне ұқсайтын адамның артынан жүгіріп кетеді. Сосын Кевин Нью Йоркке баратын ұшаққа мінеді, ал оның отбасы флоридаға қарай ұшады. Кевин Нью Йоркке келеді. Ол ата анасынан адасып қалғанын түсінеді. Ата анасы ұшақтан түсіп барлық сумкаларды өздеріне береді. Бірақ Кевиннің сумкасын берген кезде, Кевиннің жоқ екенін біледі. Кевин биік ғимараттың үстіне шығып бүкіл қаланы қарап, суретке түсіріп тұрады. Сол кезде Нью Йорктің бір жерінде бір жүк көлігі келіп тоқтайды. Оның ішінде әлгі екі ұры отырады. Олар түрмеден қашып кеткен екен. Сосын олар қаланың ішінде келе жатып Кевинді байқайды, бірақ кім екенін есіне түсіре алмайды. Сол кезде Кевиннің ата анасы полиция пунктінде баласын іздестіріп жатады. Полиция мұндай оқиға болған беді деп ата анасынан сұрайды. Сол кезде ата анасы біз әр жыл сайын отбасымызбен мереке кезінде қыдырып кетеміз. Ал Кевин алдыңғы жылы үйде жалғыз қалып қойған еді деп айтады. Сосын Кевин қонақ үйге келеді. Сосын ол өзінің дауысын диктафонға жазып оның дауысын жуандатып қонақ үйге тапсырыс береді. Сосын ол қонақ үйге кіріп әкесінің кредит картасымен төлем жасайды. Сосын ол бөлмесіне кіріп тәттілер мен балмұздақ жеп отырып теледидар көреді. Сол кезде қонақүй қызметшісі тексеруге бөлмені тексеруге келеді. Кевин теледидарды өшіріп душқа кіріп кетеді. Ол диктафонға жазып алған Фрэнк көкесінің әнін қосады. Сол кезде қызметші есікті ашып қарағанда оған Фрэнктің дауысымен ұрысып береді. Таң атады. Сол уақытта Марв коньки теуіп сырғанап жүреді, Гарри оны шақырып Дунканның ойыншық дүкені туралы айтады. Олар қайырымдылыққа жұмсалатын ақшаны ұрлаймыз деп жоспарлайды. Сосын Марв пен Гарри ойыншық дүкеніне бет алады. Азанда кевин қонақүйден шығады. Қонақүйдің алдында ірімшік қосылған пицца мен лимузин күтіп тұрады. Ол жүргізушіге хабарласып мені ойыншықтар дүкеніне апар дейді. Сосын ол қаладағы ең танымал ойыншық дүкеніне келеді. Дәл осы уақытта қонақ үй қызметшісі Кевиннің картасын тексереді. Сонда қызметші оны ұрланған деп ойлайды. Сосын екі ұры дүкенге келіп кішкентай үйшіктің ішінде тығылып отырады. Кевин келіп өзіне от шашу мен тағы басқа ойыншықтар алады. Дүкеннің иесі Дункан ойыншықтардан түскен ақшаға қайырымдылық жасайтынын айтады. Кевин оған көмек ретінде 20 доллар береді. Сосын дүкен иесі оған шыршадан кез келген ойыншықты тегін алуға рұқсат береді. Дүкен иесі оған қос көгершінді береді. Біреуін өзіңе, ал екіншісін жақын адамыңа бересің. Сол кезде сендер мәңгілік дос болып қаласыңдар дейді. Кевин қонақүйдің алдында карта қарап тұрғанда артынан Марв пен Гарри шығады. Гарри Кевинді танып оның артынан барып ұстап алады. Сосын үшеуі біраз жол жүріп бағдаршамның алдында тоқтап тұрады. Сол кезде Кевин алдында тұрған әйелді түртеді. Ал әйел екі ұрыны шапалақпен ұрады. Сосын Кевин қашып кетеді. Кевин жолдан моншақтар сатып алып оны үзіп жолға шашады. Ал артынан қуып келе жатқан ұрылар моншақтарды басып құлап түседі. Кевин қонақүйге кіреді. Сол кезде қызметші оны ұрлықшы деп ойлап ұстауға тырысады. Бірақ Кевин жүгіріп бөлмесіне кіріп кетеді. Ол өзіне аздаған пішнәй алып алады. Сол кезде бөлмеге қызметшілер мен күзетшілер кіреді. Кевин теледидарды қосып оларды актерлардың дауысы арқылы қорқытады. Кевин артқы есіктен қашып шығады. Бірақ алдында Марв пен Гарри ұстап алады. Марв біз кешке Гарри екеуміз Дунканның ойыншық дүкенін тонаймыз деп айтады. Гарри оны неге айтасың дегенде, Марв бәрі бір бұл кішкентай бала ғой, ол не істей алады дейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет