Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет169/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   199
Байланысты:
pub2 167

Бұл мақала Америка Құрама Штаттары мен Ресейдің биполярлық жуйе құлағанынан кейінгі 
кеңестік дәуірден соңғы кеңістіктегі саяси дамуы тарихы туралы. Авторлар тарихи және 
хронология, жүйелеу және салыстыру әдістерін қолданады. 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
318 
Эмпирикалық материалға сүйене отырып, олар екі мемлекеттің сыртқы саясаты геосаяси 
бәсекелестік екендігін дәлелдейді. Әр тарап өзінің кеңестік дәуірден кейінгі жеке жаңа ішкі және 
сыртқы саяси моделінің параметрлерін посткеңестік кеңістікте калыптастыруға тырысты. 
АҚШ және Ресей карым-қатынастарының тарихы өте күрделі және бірнеше даму 
кезеңдерінен тұрады. Ең өткір жаңа "қырғи-қабақ" соғыстың бастауына себеп болған Қырымды 
«аннексиялау» мәселесі. Авторлар АҚШ пен Ресейдің бұрынғы кеңестік мемлекеттерге қатысты 
саясатының механизмдеріне де назар аударады, атап айтканда, демократия мен либералды 
құндылықтарды насихаттау. 
Түйін сөздер: Америка Құрама Штаттары, Ресей, геосаясат, сыртқы саясат, 
республикалар, демократия. 
GEOPOLITICAL RIVALRY BETWEEN THE US AND RUSSIA IN THE POST-SOVIET SPACE 
A. Askerbek, A. Yesdauletova 
The article is devoted to the history of the development of the policy of the United States of America 
and Russia in the post-Soviet space after the collapse of the bipolar system. The authors used the methods 
of historicism and chronology, systematization and comparison. On the basis of empirical material they 
proved that the foreign policy of the two states has the character of geopolitical rivalry. Each of the parties 
seeks to establish its own parameters for the formation of a model of foreign and domestic policy of young 
states in the post-Soviet territory. The history of relations between the United States and Russia is quite 
complex and has several periods of development. The most pressing issue is the “annexation” of Crimea, 
which was the beginning of a new “cold war”. The authors also payd attention to the mechanisms of U.S.A. 
and Russian policy towards the former Soviet States, highlighting such as the promotion of democracy and 
liberal values. 
Key words: United States of America, Russia, geopolitics, foreign policy, republics, democracy. 
МРНТИ: 03.01.09 
Э.А. Мусаева, Ж.С. Аубакирова 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Өскемен қ. 
БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІН ЗЕРТТЕУ ТУРАЛЫ 
Аңдатпа: Аймақ мәселесін зерттеу қазіргі ұлттық Қазақстан тарихының зерттеулерінің 
маңызды талабы ретінде дамуда. Мақалада авторлар білім мен ғылымның аймақтық аспектісін 
зерттеу тарихына қысқаша шолу жасайды. Мақала авторлары аймақтың дамуы мен бәсекеге 
қабілетті білім мен ғылымды дамыту бағдарламалары басым және өзара байланысты бағыттар 
болып табылатындығын атап өтті. Мақалада білім мен ғылымның аймақтық аспектісі ретінде 
ХХ ғасырдан бастау алған теоретиктер еңбегінен бастап, қазіргі кездегі шет елдік және отандық 
ғалымдар еңбегіне сараптама жасалады. Атаулы зерттеу тақырыбы бойынша нақты 
зерттеулер жоқтың қасы болғандықтан авторлар білім мен ғылым, аймақ төңірегінде 
еңбектермен жұмыс жүргізген. Сонымен қоса мақалада аймақтық аспекті арқылы ғалымдардың 
еңбектері педагогикалық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, тарихи бағыттарда көрініс тапқан.
Түйін сөздер: білім, ғылым, аспект, теория, аймақ, аймақтық білім. 
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы ең алдымен ғылым мен білім саласында үздіксіз 
модернизация жүргізу қажеттігін байқады. Алайда бірқатар себептерге байланысты бұл 
тұжырымдама білім мен ғылымды модернизациялаудың барлық желісінде негізге алынатын 
қағидаға айнала алмады [1]. 
Аймақтық білім беру жүйесінің ерекшелігі − бұл бір жағынан мемлекеттік және 
халықаралық білім кеңістігінің сақталуы мен қолдауын қамтамасыз ететін әлеуметтік-
педагогикалық құбылыс, екінші жағынан, аймақтың экономикалық және әлеуметтік-мәдени 
ерекшеліктерін көрсетеді, мәдени әртүрлілік жағдайында ұлт пен ұлттық сипатқа кепілдік 
береді. Аймақтық білім беру кеңістігі отандық және әлемдік тәжірибеге интеграциялануы үшін
керек, яғни ғаламдық және жергілікті, қоғамдық және жеке, бірегей және әмбебап, аймақтық 
қажеттіліктерін әлемдік стандарттар деңгейіне дейін көтеру қажеттілігін біріктіреді. Өмір 
бойы білім беру жүйесін модернизациялау барысында «білім беруді аймақтандыру» 
тұжырымдамасының мәнін нақтылау қажет болды. 
Зерттеу тақырыбының өзектілігі сол, қазіргі қоғамдағы аймақтардың білім мен 
ғылымға ерекше көңіл бөлінуімен анықталады, өйткені елдің жаңа адами капиталын 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
319 
қалыптастыруда және рухани мәдениеті және зияткерлік тәрбиелені басты элемент ретінде 
қарастыру керек. 
Білім және ғылым деңгейінің жоғарылауы жалпы білім беру және ғылыми кеңістік құру 
мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді, бұл қазіргі білім беру жүйесін еуропалық нормалар мен 
стандарттарға бейімдеуге ықпал етеді. 
Батыс елдерінде XX ғасырдың 50 жылдарында аймақ ғылымы идеологы, аймақтық 
экономика қауымдастығын құрушы Изард У. (Айзард У.) зерттеулерімен қалыптаса бастаған 
болатын [2]. 
Американдықтар аумақтарын аймаққа бөлуде тек қана халықты аумақ, аймақ, штат 
бойынша емес, сонымен қатар басқа ұстанымдар мен салт – дәстүрге, сөйлеу мәнері, 
экономикалық және әлеуметтік, тіпті саяси- ұлттық талғамдарға ие сияқты қағидаларға да 
сүйенді. У.Изард «аймақтық ғылым» терминін қолданды. Оның пайымдауынша, аймақтық 
ғылым аймақтық экономикадан гөрі кең, ол кеңістікті, аймақтарды (аудандарды), орналасқан 
жерлерін (орналасуы) және олардың жүйелерін зерттеуі керек деп санады [3]. У. Изардтың 
білім мен ғылым саласына қатысты тұжырымдары біздің зерттеуімізге сай және қолайлы. 
Шетелдік аймақтанушы ғалымдар «аймақ» ұғымын өздерінше талқылайды. 
Американдық профессорлар П. Джеймс және Дж. Мартин «аймақ» және «аудан» ұғымдары 
арасындағы өзгешеліктер барын айтып, өздерінің «Барлық мүмкін дүниелер» атты 
зерттеулерінде: «Әдетте, «аудан» белгілі бір бірліктігімен ерекшеленетін, бірақ нақты 
шекараларға ие емес тұтас аумақ аймақ (участок) деп түсіндіріледі. Сонымен қатар бұл сөз 
жиі континенттердің басты бөлімшелерін құрайтын аса үлкен аумақты көрсету үшін 
қолданылады. Бірақ географтардың кәсіби тұрғысынан қолданылып жүрген «аймақ» немесе 
«аудан» терминдері әртүрлі ауданның аумақтарға қатысты қолданылады», – деп жазады. 
А. 
Гранберг 
нарықтық 
экономика 
жағдайындағы 
аймақтық 
дамудың 
төрт 
парадигмасын сипаттайды: аймақ – квазимемлекеттік, аймақ – квазикорпорация, аймақ – 
нарықтық және аймақ – қоғам, аймақтарды көп функционалды жүйе ретінде қарастырады[4]. 
Академик Н.Н. Некрасов 1975 ж аймақтың экономикасына көңіл бөліп аймақтарды 
(Орал, Еділ, Сібір, Қиыр Шығыс және т.б.) деп жіктеп берді. Оның ойынша «аймақ – бұл 
біртектес табиғи жағдайлары бар және табиғи ресурстар кешені бар әлеуметтік 
инфрақұрылымымен үйлестіруге негізделген өндіргіш күштердің дамуына ерекше назар 
аударатын елдің үлкен аумағы.
Қазақстанның ерекше мемлекеттік құрылымы, аймақтардың табиғи-климаттық, 
географиялық, демографиялық жағдайларының әралуандығы, олардың әлеуметтік-
экономикалық даму теңсіздігінің күшеюі Қазақстан Республикасы әр аймағының ерекшелігін 
зерттеу, олардың дамуы мен қызмет етуінде ұтымды тәсілді анықтау, мемлекет пен оның 
жеке аумақтарының мүдделерін сәйкестендіру жолдарын іздеу қажеттілігін нақты 
шарттандырады [2]. 
Көптеген ресейлік ғалымдар аймақтық қауымдастықтың қалыптасуындағы негізгі және 
әкімшілік факторларды басшылыққа алады (Л.Г. Романова, Т.Г. Морозова, И.В. 
Аржановский. В.И. Бутов, В.Г. Игнатов) аймақтар экономикалық аймақтар емес, 
Федерацияның субъектілері деп қарастырады. Оқу және ғылыми процестер әлеуметтік 
мәдени қоғамдастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Біз сонымен қатар 
көптеген факторлардан әлеуметтік-мәдени факторларды бөліп көрсете отырып, осы 
көзқарасқа тоқталамыз. 
«Білім беруді аймақтандыру» ұғымына кең ауқымдағы әр түрлі мағыналар салынады. 
Бір жағдайда, білім беруді аймақтандыру аймақтар мен білім беру мекемелерін 
автономизациялаумен, басқаруды орталықтандырудың саяси аспектісіне аймақтандырудың 
ықтимал тетіктерінің арсеналын жинақтайды, білім берудің кәсіптік – мазмұнды аспектісін 
жеңілдетеді. 
Білім беруді аймақтандыру үрдісі жастардың өз аймағының және тұтастай елдің 
болашағы үшін жауапкершілігін, олардың ұлттық мәдениетімен мақтаныш сезімін дамытуға 
әсер етеді. 
Біздің елімізде білім беруді аймақтандыру ұлттық бірегейлікті, ұлттық тілді сақтауға, 
руханияттың жандануына да әсер етеді. Тиісінше, білім беруді аймақтандыру білім беру 
нәтижелеріне және еліміздің білім беру жүйесінің дамуына оң әсер етеді. Бұл білім берудің 
барлық деңгейлерінде танылған қағидасы, бірақ кәсіптік білім берудің өзіндік ерекшеліктері, 
ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
320 
Орта кәсіптік білім беруді аймақтандыру мәселесімен ресейлік ғалымдар П.Ф. 
Анисимов, М.А. Данилов, М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер, Ю.К. Бабанский, М.И. Махмутов және 
басқалардың еңбектерінде қарастырады. С.М.Вишнякова «Кәсіптік білім беру сөздігінде» бұл 
аймақтық жағдайлар мен қажеттіліктерге білім берудің жоғарылауымен сипатталатын кәсіптік 
жүйенің қазіргі даму бағыттарының бірі ретінде анықталған. кәсіптік білім аймақтың әртүрлі 
экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелерін шешуге арналған деп тұмшалайды [5]. 
Білім мен ғылым қоғамның барлық проблемаларын шешу үшін табылмаса да, 
қоғамның дамуына қарай мемлекеттің зияткерлік әлеуетін құру мәселесінде ғана емес, 
азаматтардың өмір сүру әл-ауқатын қамтамасыз етуде де оның маңызы арта түседі, бұл 
дамыған елдердің тәжірибесімен көрнекі түрде расталады. 
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса 
ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Білім мен ғылым қоғамның барлық проблемаларын 
шешу үшін табылмаса да, қоғамның дамуына қарай мемлекеттің зияткерлік әлеуетін құру 
мәселесінде ғана емес, азаматтардың өмір сүру әл-ауқатын қамтамасыз етуде де оның 
маңызы арта түседі, бұл дамыған елдердің тәжірибесімен расталады. 
Қазіргі зерттеулерде білім беру мен ғылыми жүйені толық зерттеу әр түрлі саланың 
шешімін таба алмай отырғандықтан пәнаралық байланыстар арқылы бірнеше пәндер 
арасында қызу талқыға түсу обьектісіне айналды. 
Атаулы тақырыбтың төңірігінде шетелдік ғалымдар өз ойларын білдірген, үлкен үлес 
қосқан. Мысалы: Жан Франсуа Лиотар білім – бұл ғылым ғана емес, сонымен қатар білім ол 
– мәдениет десе, Т. Парсонстың пікірінше, жыл сайын мұғалімнің ауысуы специфизм 
тенденциясын бұзады, осылайша әр бала мұғалімнің рөлі мен жеке тұлғасын ажырата 
біледі, сонымен бірге балалардың жалпыға бірдей мінез-құлқын қабылдауға ықпал етеді 
деген.
П. Бурдьенің пікірінше, білім агенттері мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде 
қарастырады, ал, ғылым ешқашан аяғына дейін танылмайды деп ой тұмшалайды ал, 
П.Фейерабенд болса ғылым деген бұл тірі үлгі, ғылымды кез-келген ғылыми әдіс деп 
таныған. 
Карл Поппер білімді (кез-келген түрде) дайын, жүйе ретінде ғана емес, өзгеретін, 
дамушы жүйе ретінде қарастырады. Білімде өмір формасы ретінде оның өзегі – ойлау 
қабілеті, тәртіп орта-білім ретінде болу керек деп түсінген К. Ясперс болды. 
Ғылым туралы М.Полани өзінің үш көзқарасын білдіре алды оған: 
– ғылымды жасау керек және оны нақты факті ретінде мойындау керек; 
– ғылымды жариялау үшін білімді оқулықтардан қарастыру керек; 
– қазіргі ғалымның құндылығын ғылыми тәжірибеден, ғылымға сенім, жеке 
жауапкершілік ретінде енгізуге тырысады деген нақты ойын жеткізе білген.
К. Маркс білім беру жан-жақты дамыған және үйлесімді жеке тұлға қалыптастыруға 
керек, білім беру ашық және ақысыз болса, ал отбасылық тәрбиенің қызметі маңызды деп 
санайды. 
М. Вебер білім институты біріншіден, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға, 
екіншіден, құндылықтарды бір ұрпақтан екіншісіне беруге арналған деп ой қорытады [5]. 
Қарастырылып отырған мәселенің жекелеген салаларын зерттеуге шетелдік 
ғалымдармен бірге өз үлесін ресейлік педагог ғалымдар да қоса білген оларға: 
Я.А.Коменский., Д. Локк., Д. Дидро., В.Г. Белинский., К.Д. Ушинский., А.С.Макаренко., В.А. 
Сухомлинский құрайды.
Ян Амос Коменский жаңа заман педагогикасының негізін қалаушы, Коменскийдің 
педагогикалық көзқарастарының ерекшелігі ол, тәрбиені адамдар арасындағы әділ және 
достық қарым-қатынасты орнатудың маңызды алғышарттарының бірі ретінде қарастырған 
болатын.
Джон Локк оқытудың мақсаты, дені сау денеде сау ой қалыптастыруды білетін және 
қоғамда өзін-өзі ұстауды білетін «джентльменді» тәрбиелеу деген тамаша ой тастады. 
Дени Дидро халықты тәрбиелеуге бағытталған білім беруді дамытудың жалпы 
бағдарламасын берді. Ол барлық азаматтар алғашқыда орта кейін жоғары білім алуы керек 
деп ой тұмшалайды.
Виссарион Григорьевич Белинский тәрбиенің басты міндеті – балаларға Отанға, оның 
табиғаты, тілі мен тарихына деген сүйіспеншілік сезімін ояту және балаларды алты жастан 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
321 
бастап оқыту керек деп есептесе ал, К.Д. Ушинский болса, ұлтты оқу мен құрметтеу арқылы 
тіл мен туған тарихын бірдей жақсы көруді ұсынды.
Сухомлинский білім беру үрдісін еңбек құралы ретінде, ал оқушылардың 
дүниетанымын қалыптастыруға, мұғалімнің сөзі, рөлі, стилі, біліміне жоғары көңіл бөлді [6].
Нақты білім мен ғылымның аймақтық аспектісімен айналысқан шетелдік, ресейлік 
және отандық ғалымдар жоқ болғанымен білім саласының аймақтық жақтарын, аймақтың 
қалыптасу тарихы мен аймақты экономикалық басқаруға қатысты еңбектер жетерлік. 
Отандық еңбектерде білім мен ғылымның аймақтық аспектісін зерттеудің теориялық негізін 
бірнеше топтарға бөліп қарауға болады. Сол бағыттардың бірінші топтамасын экономикалық 
сала алады.
Білім мен ғылым саласын зерттегендер бұл жүйенің қаржыландыру мәселесі ең басты 
элементі деп қарайтындарын жасырмады. Оларға З.Е. Атыгаев, Ж.Н. Ерниязова, М.Т. 
Кужимов, М.Т. Рахимжанова, Г.Н. Сраилова, Л.А. Фрезоргер, С.М. Омирбаев, Ғ.Ә. 
Садықовты жатқызуға болады. 
Зерттеу тақырыбына сай педагогикалық тұрғыдан өздерінің ой тұжырымдарын 
жеткізуде білім саласы біліктілікті арттыру, ынталандыру, реформалау, кәсіби білімнің, 
технологиялар жетістігі ретінде білім мен ғылымды басқарудың аймақтық жүйесі арқылы 
таныған авторлар Б.А. Альмухамбетов, А.Б. Альчимбаева, А.М. Екибаева, А.Ж. Усенова, 
Т.Н. Сайтимова, А.У. Идрисова, Қ. Кенжебаев, Ж.Е. Сманқұлова, М.Т. Утеубаевтар. 
Қазіргі кезде білім мен ғылымды ұлттық мүдде немесе тарихи ұрпақ жалғасы, 
қоғамдық 
стратификация 
ретінде 
зерттеушілер 
әлеуметтану, 
саясаттану, 
тарихи 
диссертацияларында М.А. Басшыбаев, А.Н. Оспанова, Ә.С. Жақсыбеков, И.С. Сарыбаева
Ю.Р. Галиханова, Д.П. Попов, Е.В. Игнатовалар көрсете білген.
Жоғарыда ұсынылған еңбектер тек белгілі бір саланың мәселелерін талқылаумен 
айналысқан. Аймақ төңірегінде зерттеген және аймақты топтау арқылы осал жерлерін 
анықтауға тырысқан ғалымдарымыз да бар олардың тізбесін: В.Изард, А.Гранберг, Н.Н. 
Некрасов, Э. Куклинский, Э.Б. Алаев, А.М. Новиков, И.Б. Романова, А.М. Коптяев, А. Фремон, 
Н.Н. Баранский, Ж.С. Аубакирова, З.Х. Валитовалар құрайды. 
Жоғарыда біз білім мен ғылыми зерттеулердің аумақтық теоретиктері жайлы 
қарастырып өттік, бұл аспектілер қазіргі таңда ауданның немесе өлкенің жан-жақты дамуына 
бағытталып, қолға алына бастады. Қазақстандық ғалымдардан қарағаны бұл салаға 
көршілес ресейліктер өз еңбектерін көп арнаған. Қазіргі таңда жаңа дамушы ғылым ретінде 
аймақ мәселелерімен шұғылданатын аймақтану ғылымының теоретиктері жан жақты 
зерттеулерді қолға ала бастады. Дүнеге келген жас ғылым ретінде аймақтану бірнеше 
пәндері әсіресе тарих, педагогика, география, әлеуметтану, экономика және т.б. салалардың 
қарқынды дамуына өз үлесін қосатыны сөзсіз. 
Аудандастыруда экономикалық аудандар шаруашылығының мамандануына, өндіріс 
кешендерінің құрылымына қарай топтастырылды. Бұл аудандар аумақтық-өндірістік 
кешендердің қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Белгілі ғалым Н.Н.Баранский Қазақстан 
аумағын бес экономикалық ауданға бөлді. 
Экономикалық-географиялық белгілеріне қарай Қазақстан аумағы – Орталық 
Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан 
деген экономикалық аудандарға бөлінді [2]. Аудандардың экономикалық мән-жайымен қоса 
бұл жерде автор сол аумақтардың демогрфиялық және әлеуметтік жағдайына да акцент 
жасаған. 
Егемендіке жеткенше Қазақстан территориясы бірнеше рет әкімшілік-аймақтық 
бөліністі басынан кешірді. Қазіргі таңда да қазақстандықтардың санының өсуіне қарай 
өзгерістер тоқталған жоқ. Алайда аймақтарды дамытудың көптеген мәселелері әлі шешілген 
жоқ [7]. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының мақсаты 
экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымын құру және халықтың өмір сүруіне 
қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Оқу мен оның ошағына айналған ғылыми зерттеулерді дамыту, жаңадан ашылымдар 
мен ғылыми еңбектерді жүзеге асыру аймақтың алғашқы көрінісі болып табылады. 
Аймақтардың дамыған, дамушы және орта деңгейлерін көтерудің элементі ретінде білім мен 
ғылыми аспектіге Қазақстан Республикасы назар аударуда. Соңғы бес жылдың көлемінде 
мемлекет білім гранттары мен бизнес – инкубаторлар, зерттеу институттары мен бизнес 
жоспарларды қолдауды қолға ала баста бастады.


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
322 
Қорытындылай келе, қазіргі кезде «аймақтық білім» термині қолданысқа енді, ол біздің 
ойымызша «білім берудің аймақтық компонентіне» қарағанда кең мағынаға ие. Аймақтық 
білім беру аймақтағы білім беру мекемелері жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйе 
аймақ азаматтарының білімге деген жеке қажеттіліктерін, кадрлар қажеттіліктерін толығымен 
қанағаттандыра алатын өмір заңдылығы. Білім саласы дамыса, ғылым да өз орын таба 
біледі. Білім мен ғылымды біріктіре отырып сауатты түрде қолданысқа аймақтық 
бағдарламалар аясында ұсына білсе, аймақтың әлеуетін көтеріп, басқа аймақтармен 
бәсекеге қабілеттілігін арттырар еді деп ойлаймыз.
Әдебиеттер 
1. Қазақстандағы білім мен ғылым: жасампаздық хроникасы. Образование и наука Казахстана: 
хроника созңдания / Құраст. Б.Ғ. Аяған, А.Н. Қашқымбаев, М.С. Бекенова, М.О. Оташев. Б.Ғ. Аяғанның 
ред. – Алматы: Раритет, 2011. – 404 б. 
2. Қусаинов Х.Х., Әжмұрат Н.Т. Аймақтық экономика және басқару: Оқу құралы. /Х.Х.Кусаинов., 
Н.Т.Әжмұрат. – Алматы: «Бастау» баспасы, 2013. – 216 бет. 
3. Региональные исследования в трудах зарубежных и отечественных экономистов. [Электронный 
ресурс]. – Режим доступа:https://www.economy-web.org/?p=441 
4. Развитие экономических основ мезоуровня в переходный период: теоретико-методологические 
основы анализа. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://bstudy.net/619107/ekonomika/razvitie_ 
ekonomicheskih_osnov_mezourovnya_perehodnyy_period_ teoretiko_metodologicheskie_osnovy_analiza 
5. Региональная экономика и управление (Коваленко Е.Г.) Взгляды зарубежных ученых на 
определение 
«регион». 
[Электронный 
ресурс]. 
– 
Режим 
доступа: 
https://uchebnik-
online.com/128/825.html 
6. Великие педагоги и их труды. Учебный блог Сидоркиной Алены, ВШП [Электронный ресурс]. – 
Режим доступа: http://alenasid.blogspot.com/2014/10/blog-post.html
7. Екатерина Беркутова. Основные контуры региональной политики Республики Казахстан: 
стратегическое планирование, власть и экономика. Институт мировой экономики и политики (ИМЭП) 
при Фонде Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации. – Астана – Алматы, 2015. – 
72 с. 
ИЗУЧЕНИЕ РЕГИОНАЛЬНЫХ ТЕОРЕТИЧЕСКИХ АСПЕКТОВ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
Э.А. Мусаева, Ж.С. Аубакирова 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет