Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет172/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   199
Байланысты:
pub2 167

жайлы айтылған ойлары келтіріліп құатталады. Ислам дінінде күнәларды жасаудан ада болып, 
мәңгілік бақытқа кенетелетіні діни мәтіндер келтіріледі. 
Түйін cөздeр: бақыт, концепт, ислам, дін, Құран, Хадис, араб, мұсылман, бақытты, рухани 
құндылық, ойшыл, дүниетаным

Адамзат баласы бақытты болудың жолын ертеден бері іздеп келеді. Әр халық өзінің 
дүниетанымы мен діни түсініктерінің аясында бақытқа қол жеткізудің жолын сілтейді.
Біз осы мақалада араб-мұсылман қоғамындағы діни түсініктерге негізделген «Бақыт» 
ұғымы жайлы мәліметтерді топтастырып, «Бақыт» концептісінің мұсылман қоғамындағы 
орнын анықтауға тырысатын боламыз.
Алдымен «Бақыт» сөзінің араб тіліндегі баламасы мен оның мән-мағынасына 
тоқталсақ, араб тілінде түбірі «Саъида» (دﻌﺳ) сөзінен өрбитін «саъа:датун» (ةدﺎﻌﺳ) сөзі ‒ 
тіліміздегі бақыт ұғымына балама ретінде қолданылады. Бұл сөздің мән-мағынасы жайлы 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
327 
«Лисан әл-Араб» атты араб тіліндегі танымал сөздікте: «Саъадатун» сөзі «Бақыт», «Бақ» 
деген мағынаны беретіндігі, бұл сөздің антонимі ретінде «шақа:уа» (ةوﺎﻘﺷ) «бақытсыздық», 
«мүшкіл жағдай» мағынасындағы сөз қолданылатындығы жазылған. Араб халқында: 
«Йаумун саъдун уа йаумун нахс» ٌسْﺣَﻧ ٌم ْوَﯾ َو ٌدْﻌَﺳ ٌم ْوَﯾ «Бір күн ‒ қуаныш, бір күн ‒ қайғы» [14] деген 
қанатты сөз бар. Осы тіркесте қуаныш сөзі жоғарыда бір келтірген сөзбен түбірлес «сәъдун» 
сөзімен берілсе, бұл сөзге антоним ретінде «нахсун» сөзі қолданыс тапқан. Бұл негізі қай 
тілде болмасын жиі кездесетін синоним сөздер немесе бір сөздің көп мағыналығы, оның 
фразологизмдік қолданысқа түскен кезіндегі ерекшеліктерімен байланысты болатындығын 
алға тартамыз. Сөздікте келген бұл сөз тіркесі арабтардың дүниетанымдық көзқарасы 
бойынша күнделікті өмірді бақытты немесе бақытсыз деп топшылайтындығының тілдегі 
көрінісі ретінде түсінуге болады.
Араб-мұсылман қоғамында адамдардың негізгі шоғыры бақыт жайлы түсінікті діни 
түсініктермен байланыстырып, рухани болмысын тыныштандыру үшін өз бақытын діни 
жоралғыларды орындаумен байланыстырып жатады. Яғни, Ислам дінінде бұйырылған парыз 
бен уәжіп, сүннет пен мустахаб амалдарын уақытында орындап, тақуалыққа бет бұрып, ізгі-
сауапты істерін мүмкіндігінше жаратушы Алла тағаланың разылығын табуға тырысып 
бағады. Барша жақсылық пен жамандық атаулының келіп-келмеуі бір Алладан деп шын 
сеніп, иман шарттарына барынша мойынсұнған адам, қолынан келмеген, орындауға шамасы 
жетпеген нәрселерін құдіреті күшті бір Аллаға тапсырып, осының негізінде өз бойындағы 
мазасыздық, шарасыздық сезімінен арыла алады. 
Құран Аллаға сенген мұсылмандар үшін адам өмірі мен бақыт мәселелері бойынша 
ілімнің барлық негізгі бағыттарын сипаттаған қасиетті кітап саналады. Құран мәтінінде 
«саъада» («бақыт») сөзі екі орында ғана кездеседі. Алғашқысы «Һуд» сүресінің 105 аятында: 
«Ол күн келсе, Алланың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді. Олардың сорлысы да 
бақыттысы да бар» (11:105) [21] деген үлгіде қиямет күні бақытты мен бақытсыздың хал 
ахуалы жайында баяндалса, екінші осы «Һуд» сүресінің 108-аятында: «Ал енді бақытты 
болғандар, жаннаттық болады. Олар жаннатта көктер мен жердің тұруынша мәңгі 
қалады...» (11:108) [21] деген мағынада шынайы бақыттың «жұмақта» екендігі меңзеледі. 
Демек, әрбір мұсылман адам бақытты болуын өзінің о дүниелік өмірінде жұмаққа кіруімен 
байланыстырады. Олар үшін жаман нәрселерден аулақ болып, шариғат әмірлерін орындаса, 
сонда ғана бақытқа қол жеткізе алады деген пікір қалыптасады. 
Десекте түрік зерттеуші ғалым Хасан Йылдыз (Hasan Yıldız) өзінің «Kur’an’da mutluluk» 
(«Құрандағы бақыт») атты зерттеуінде: «Құран мәтінде кездесетін «саъада» сөзі екі түрлі 
мағынаға қатысты екенін айта кету орынды. Біріншісі, ақиреттегі бақыт, яғни жаннатқа кіру, 
ал екіншісі, осы дүниедегі бақыт, яғни осы дүниенің рахатын көріп, ешқандай сынақтарды 
көрмеу деген мағынаны білдіреді» [23], − деген тұжырым жасайды. 
«Cаъада» («бақыт») сөзінің антонимі болған «шақа:уа» («бақытсыз») сөзі Құран 
мәтінінде 12 орында, яғни «
،ﻰﻘﺷﺗﻓ ،اوﻘﺷ ،ﻰﻘﺷﯾ ،ﺎًﯾﻘﺷ ،ﻰﻘﺷأ
ﺎھﺎﻘﺷأ ،ﺎﻧﺗوﻘﺷ ،ﻰﻘﺷﺗﻟ
» деген үлгілерде 
кездеседі. 
Ал енді «бақыт» сөзінің синонимдері жайлы айтар болсақ, әл-Маъани атты сөздікте: 
«حرﻓ» (фарах), «رورﺳ» (сурур), «حرﻣ» (марах), «جﺎﮭﺗﺑا» (ибтиһаж) [7] сынды сөздер тізбегі 
берілген. Құран мәтінінде бұл сөздер кейде есім сөз, етістік, жекеше және көпше түрдегі 
үлгілерінде қолданыс тапқан. Нақтырақ айтқанда, «Фарах» сөзі 21 орында, «сурур» сөзі 3 
орында, «марах» сөзі де 3 орында қолданылған. 
Бұған дейін ислам ғалымдары дінді сипаттаған кезде дін адамдарға бақыттың 
жолдарын көрсететін және олардың бақытқа қол жеткізетіндігін білдіретін илаһи заң деп 
айтқан. Сондықтан ислам ғалымдарының пікірінше бақытты болу үшін діннің өсиеттерін 
ұстану керек. Себебі ислам жеке адамның бақытына негізделген.
Жоғарыда айтылғандай, «саъада» «бақыт» сөзі Құран мәтінінде тек екі аятта кездессе, 
мұнан бөлек басқа да аяттарда «тозақ отынан құтылатын, тұра жолмен жүретін» және кейін 
адам жұмаққа кіргізіліп, жаннат бақшаларында мәңгі қалатын адамды шексіз бақытқа 
жетелейтін басты нәрсе деген мағынадағы аяттар дәлел бола алады [22]. 
Ислам дінінде Құран Кәрімнен кейінгі екінші қайнар көзі Мұхаммед пайғамбардың 
хадистері болып табылады. «Бақыт» жайында түсініктер мынандай хадистерде кездеседі: 
«Адамның бақытты болуының бір себебі – Алланың үкіміне келісіп бойсыну. Ал, адамның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет