Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет173/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   199
Байланысты:
pub2 167

бақытсыз болуы – ол Алладан жақсылық сұрауды тоқтатып, бұйрық етуіне разы болмау» 
[13]. Осындай хадистерде «бақыт» туралы түсінік араб тілінде бірнеше сөзбен берілген, 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
328 
келтірілген. Оның ішінде: «туба» ﻰﺑوط , «саъадатун» ةدﺎﻌﺳ, «фархатун» ﺔﺣرﻓ , «сурур» رورﺳ , 
«қуррату әл-ъайн» 
نﯾﻌﻟا ةرﻗ деп тек бір сөзбен ғана емес, бірнеше сөздер арқылы беріліп 
отырған. Әнәс ибн Мәликтен жеткен Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) хадисінде бақыт сөзі 
ретінде «туба» ﻰﺑوط сөзі қолданылған: 
ﻲﻧرﯾ مﻟ و ﻲﺑ نﻣآ نﻣﻟ ﻰﺑوط و ﻲﻧارأ و ﻲﺑ نﻣآ نﻣﻟ ﻰﺑوط
«Мені көріп сенетіндер қандай бақытты және мені көрмей сенетіндер де қандай 
бақытты»[11]. Яғни араб тілінде бақыт сөзінің мұндай алуан түрде кездесуі, Құранның неге 
араб тілінде түскеніне дәлел бола алады деп ойлаймын. 
Адамдар аналарының құрсағында жатқан кезде, бақыт пен бақытсыздық әлеуетімен 
жаратылады. Өмірінде өзінің қалауы мен іс-әрекеттерінің арқасында адам бақытты да, 
бақытсыз да болуы мүмкін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) келесі бір хадисте: 
Саъд ибн Әбу Уаққастан тағдыр - бақытқа байланысты туралы хадисінде: 
ﮫﻟ ﷲ ﻰﺿﻗ ﺎﻣﺑ هﺎﺿر مدآ نﺑا ةدﺎﻌﺳ نﻣ 
«Алла тағала үкім еткен бұйрықтарына разы болған адам баласы – бақытты 
болады»[12], − деген. Демек, Жаратушының бізге бұйырылған әмірлерін орындау және оған 
разы болу, бақытқа кенелуге нәсіп етеді. 
Қиямет күні Пайғамбардың шапағатына кім иеленетін болады деген сұраққа Абу 
Хурайрадан риуаят етілген хадисте: 
ﮫﺳﻔﻧ وأ ﮫﺑﻠﻗ نﻣ ﺎﺻﻟﺎﺧ ﷲ ﻻإ ﮫﻟإ ﻻ لﺎﻗ نﻣ ﺔﻣﺎﯾﻘﻟا موﯾ ﻲﺗﻋﺎﻔﺷﺑ سﺎﻧﻟا دﻌﺳأ 
«Қиямет күні менің шапағатыммен ең бақытты адам, Алладан басқа құдай жоқ деп 
қабылдаған адам болып есептеледі»[17]. «Ең бақытты» деген тіркес барлығына оның 
шапағатқа риза болатындығы туралы хабарлайды және мүмін бұл тұрғыда ең бақытты адам 
екендігі егжей-тегжейлі айтылған. 
Пайғамбарымыз қиыншылықтарды жеңілдету мақсатында, бақытқа жету үшін ұсынған 
тәсілдердің бірі – истиғфар айту, яғни кешірім сұрау. Осыған орай, Абдулла ибн Аббастан 
риуаят еткен бойынша, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) өз хадисінде:
ارﺎﻔﻐﺗﺳا ﮫﺗﻔﯾﺣﺻ ﻲﻓ دﺟو نﻣﻟ ﻰﺑوط
ارﯾﺛﻛ
«Өз амал дәптерінен истиғфарды көп айтқандығын тапқан қандай бақытты адам» [16]. 
Бұл хадис истиғфарды айтып, Алладан кешірім сұрау арқылы бақытқа қол жеткізуді жайында 
баяндап жатыр.
Жоғарыда айтылған хадистерге мән беріп қарасақ, Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) 
«бақытқа» қол жеткізу үшін, бақытты болу үшін көптеген хадистерді келтірген, оның нақты 
жолдарын көрсетіп отырады. Осы айтылған хадистердің мақсаты Алланың мейірімімен, 
Пайғамбардың шапағатымен жәннатқа кіру болып табылады. Адамзат баласының 
дайындығы мәтіндерде жазылған бұйрықтарды орындау арқылы бақытқа қол жеткізеді. Яғни 
нағыз бақыттың дәмін татады, шынайы бақытты адам болады. Адамгершілік қасиеттері
жоғары адам, оны жетілдіруге тырысқан жеке тұлға бақытқа жете отырып, өмірінің кемелдігін 
айқындайды.
Мұндай этикалық идеяларды, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йүгінеки, Ахмет 
Йасауи т.б, сынды орта ғасырлық ойшылдардың шығармаларынан аңғаруға болады. Аталған
ғұламалардың 
шығармаларында 
«бақытты» 
білімнің, 
әділеттіліктің, 
адамгершілік 
қасиеттердің мәйегі деп көрсетеді. Ислами құндылықтар мен адамгершілік мәселелерді 
біртұтас дүние ретінде қарастырады. Орта ғасыр ойшылдарының ілімдерінде Құранда 
айтылатын қайырымдылық, сүйіспеншілік, сабырлылық, ,шыдамдылық және тағы да басқа 
адамгершілік қаиеттерді жетілдіру бақыт ретінде ақиқатты ұғынуға әкелетінін байқауға 
болады. Яғни ислам діні арқылы әрбір адам Аллаға сыйыну, оның Құранда жазғандарын 
орындап, ол арқылы бақыттың кілтін табуға болатынын аңғаруға болады. 
Бақыт дегеніміз ‒ үлкен, кіші деп өлшенбейтін, керісінше, адамның белгілі бір мақсатқа 
жету не жетпеуімен, орындалуы не орындалмауымен өлшенетін, адам бойындағы сезімге 
негізделген қалып саналады. 
Қай халықта болмасын бақыт деген не? оның моральдық құндылығы, белгілі бір өлшемі 
бола ма? деген сұрақтар төңірегінде сан түрлі жауаптар бар екендігі ақиқат. Десек те жалпы 
адамзат баласы көп жағдайда қол жеткізген қаржысына, салып алған зәулім үйіне, астына 
мінген соңғы үлгідегі көлігіне, табысты қызметіне т.б. салыстырмалы түрде қарап, өзін 
бақытты не бақытсыз жандар санатына жатқызады.
Ал ислам діні бойынша бақыт материалдық құндылықтармен өлшенбейді. Оның 
тамыры терең, ауқымы кең. Ислам бойынша жақсы өмір сүру үшін сенім болу керек. Барлық 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
329 
мұсылмандар ислам сенімінің негіздеріне (Құдайдың бір екеніне сенім, қайта тірілуге сену 
және т.б.) сену керек [24]. Ислам ‒ өмірдің барлық (жеке, рухани, экономикалық, әлеуметтік, 
саяси және отбасы) жақтарын қамтиды. Сондықтан мұсылмандар дінді өмірдің барлық 
аспектілерінен ажыратуға болмайды деп санайды. Яғни бақыт осы аспектілермен тығыз 
байланысты. 
Жоғарыда айтқанымыздай бақыт туралы сонау ғасырлардан бері толғамаған ақындар, 
том-том кітап арнамаған ойшылдар аз емес. Соның бірі – екінші ұстаз әл-Фараби. әл-Фараби 
ислам дініндегі бақыт жайында арнайы трактаттар жазған. Нақтырақ айтсақ, «Бақытқа жету 
жайында», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Азаматтық саясат», «Бақытқа 
жол сілтеу» және басқа да еңбектерінде бақытты этикалық және әлеуметтік-саяси 
мәселелермен тығыз байланысты қарастырған. 
Бақытты алғаш рет жүйелі түрде қарастырған шығыстың ұлы ойшылы философы – Әбу 
Насыр әл-Фараби. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» (әл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет