Басқару психологиясының пәні, басқару эволюциясы


- өндіріс процесі мен сатыларын байланыстыра отырып, дәл есептеу менжоспарлау



бет3/7
Дата08.02.2022
өлшемі38,38 Kb.
#123059
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Басқ псих -1-лек

- өндіріс процесі мен сатыларын байланыстыра отырып, дәл есептеу менжоспарлау;
- қажетті жұмыс пен басқа ресустарды әзірлеу;
- стандартты технологиялар мен механизмдерді қолдау;
- өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі қарастыру.
Аталған ғалым практиктер және басқа да еңбектері нәтижесінде басқарудағы ғылыми қағидалар тұжырымдамасы осылайша қалыптасып дамыды.
Басқарудың классикалық және әкімшілік басқару мектептері. Классикалық мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша басқару - белгілі мақсатқа жетуде орын алатын қатаң әкімшілік қағида, әдістердің жиынтығы. Мәселен, осы бағыттағы көрнекті өкілі Файольдің пікірінше, әкімшілік ету жан - жақты ауқымын белгілейтін басқарудың бір бөлігі, және де техникалық, коммерциялық, қорғаныстық, бухгалтерлік, әкімшілік салаларын қамтиды.
Осы қызметтер арасында әкімшілік әрекет ең маңызды есептелініп, оның элементтері: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру және бақылау анықталған. Сонымен қатар, А.Файоль тәжірибеде кең қолдану тапқан басқарудың 14 қағидасын жасап шығарды. Оларға: жауапкершілік, жеке дара басшылық, иерархиялық басқару, жеке және жалпы мүдделер үйлесімділігі, мамандандыру, тәртіп, әділеттілік, ынта - ықылас, лауазымға сәйкестілік, қызметкерлер тұрақтылығы, орталықтандыру және т.б. енеді.
Ұйымдағы басшылық, билік және құрылым құру проблемаларына көңіл бөліп зерттеуде әкімшілік мектептің келесі бір өкілі ерекше орын алады. Ол әртүрлі ұйымдарды талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш кезеңін, яғни харизматикалық, дәстүрлі және идеалды кезеңдерін ажыратып берді. М.Вебер ұйымдастырудың аталған түрлерін зерттей келіп, үшінші кезеңге үлкен көңіл бөле отырып, «бюрократиялық жүйе қағидаларын» жасап шығарды. Оларға:
нақтылы еңбек бөлінісі;
басқару деңгейлерінің жіктелуі;
міндеттер бірыңғайлығымен үйлестіріле қажетті ресми ережелер мен стандарттар жүйесін жасау;
әлеуметтік аралық пен әділеттілік;
жұмысқа қабылдауда қатаң орын алуы жатқызылады.
Адамдық қатынастар мектебі және тәртіптік тәсілі. ХХ ғасырдың орта шеніне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептердің адам факторына жеткіліксіз көңіл бөлуіне жауап ретінде жаңа бағыт адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшіліктерді шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамдық қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды. Адамдық қатынастар мектебінің көрнекті өкілдеріне М.Фоллет, Э.Майо, Д.Макгрегор т.б жатқызылады.
Бұл бағыттың негізгі қағидасы ұйымдағы бейресми топтардың рөлін анықтау, басқару тәжірибесіндегі психологиялық және әлеуметтік тәсілдерді қолданудың жолдарын қарастыру болып табылады. М.Фоллет басқаруды «өзгелерді пайдаланып нәтижеге жету» деп анықтаған болса, ал Э. Майо еңбек тиімділігіндегі психологиялық жағдай маңызын атай келе, «бақытты жұмысшы дегеніміз – тиімді жұмысшы» деп тұжырымдады. Яғни, осы мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша, басшылық қызметкерлерге көбірек көңіл бөліп, қамқорлық жасаса, онда жұмысшылардың қанағаттану сезімдері де, еңбек өнімділігі де жоғары болады.
Тәртіптілік тәсіл, жалпы алғанда, ұйымдастыру тиімділігін арттыруды жеке адамдардың мүмкіндігіне ықпал ету, тиісті қатынастарды қалыптастыру мақсаттарын көздеді. Бастапқы өкілдер ретінде В. Герцберг, Г. Арджерис, Р. Лайкерт табылып, олар өз зерттеулерінде мінез-құлық туралы ғылымдарын қолдануға әлеуметтік әрекеттестікті, басшылық пен билік, ынталандыру жүйелерін сипаттау бағыттарына баса назар аударды.
Ғылыми басқару мектебі. Ғылыми түрде басқарудың негізі Фредрик Уинслоу Тейлор (1851-1915) тарапынан қаланған. Ғылыми басқару философиясының ең негізгі элементі - өнімділік. Ғылыми басқарудың әдісі, тәсілі мен құралдары өнімділікпен қамтамасыз етуге тән.
Ғылыми басқару, сонымен қатар жұмысшы мен басқарма мүдделері арасындағы өзара тығыз байланыстың болуы, сол себептен ынтымақтасып бірге жұмыс істеулерінің қажетті және міндетті екендігі туралы ой-пікірге сүйенеді. Ф.Тейлор «ғылыми басқару» деген ой-пікірлерін «Ательені басқару» және «ғылыми басқарудың принциптері» атты екі шығармасында атап көрсеткен. Тейлор, ғылыми кәсіпкерлік саласында, қазіргі кезде де сөз етілетін «ғылыми басқарудың принциптерінің» мақсаттарын төмендегідей көрсетуде:
- қымбатқа соққан тиімсіз жұмыстарды және шығындарды қарапайым мысалдармен келтіру;
- осы тиімсіз жұмыстардың себебін, бірнеше төтенше күш пен адамдардың болмауынан емес, жүйелі басқару түсінігінің болмағандығын халыққа түсіндіру;
- ең тиімді басқарудың белгіленген заңдарға, принциптерге және ережелерге негізделіп, шын мәнінде ғылыми тұрғыда болғандығын дәлелдеу.
Тейлор осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегі принциптерге сүйену қажеттілігін айтады:
- шын мәніндегі білімнің жетілдірілуі;
- жұмыс істеудің ғылыми тұрғыдан таңдалуы;
- таңдалған жұмыстың ғылыми түрде білім берілуі және жетілдірілуі;
- басқарма мен жұмысшылар арасында жақсы қарым қатынастар орнатылуы.
Алайда, Тейлор осы принциптердің қолданылуының да жеткілікті болмағандығын, белгілі бір маңызды түсініктердің мағыналы түрде топтастырылуы туралы сөз қозғаған. Бұның жүзеге асырылуы үшін де:
- саусақ есебінің орнына білімділік;
- тәртіпсіздіктің орнына үйлесімділік;
- жеке жұмыс істеудің орнына бірігіп жұмыс істеу;
- минимум шығыстың орнына максимум шығыс;
- әрбір жұмысшының ең жоғары деңгейдегі өнімділікке жетуі сияқты ұғымдарды жүзеге асыруы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет