Баскетбол – доппен ойналатын ойын



бет1/2
Дата13.12.2021
өлшемі34 Kb.
#126117
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
ref -basketbol


Баскетбол – доппен ойналатын ойын. Ойынның мәні – ережеде көрсетілген уақыт ішінде қарсылас команданың корзинасына көбірек доп салуға деген ойыгшылар ұмтылысынан көрінеді. Допты тек қана қолмен ойнайды. Команда құрамы 10 адам болады. Алайда алаңда әр жақтан 5 адам ғана ойнай алады. Алаңның көлемі онша үлкен емес (26х14) м.. Осылардың барлығы допқа ие болып және оны корзинаға лақтыруға немесе қарсыластың шабуылына белсенді түрде қарсылық жасап, допқа ие болуға ұмтылуға мүмкіндік жасайтын, серіктестердің өзара, дәл іс-әрекеті қажет болатындай ойын жағдайын жасайды. Ойында жүгіріс, жүріс, секірулер мен лақтырулар секілді қозғалыстың табиғи түрлері пайдаланылады. Олар қолданылатын жағдайдың көп түрлілігі мен өзгермелілігі, адамда дене қабілеттерінің дамуының белгілі деңгейін, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларының мол қорының болуын талап етеді.

Баскетболмен шұғылдануды дұрыс ұйымдастыра білсе, оның адам ағзасына жан-жақты, жақсы әсері мол.

Бұл ойын балаларды көбірек қызықтыруда. Төменгі жастағы балалар кіші баскетболмен көптен айналысады.

Қозғалыста (жүгіруде) допты беру және ұстау. Баскетбол ережесінде қолында добы бар ойыншының жүрісін (екі адым) шектейді. Допты қозғалыста ұстап және беру үшін баскетболшы тек екі адым ғана жасай алады. Жүгірудің бөліктеріне (фазаларына) тірелетін және тірелмейтін жағдайларын алмастырып отыру тән. Бұлай үйлестірудің жалпы құрылымы мынадай: тірелмейтін жағдайда допты ұстайды (аяқ жерге тірелгенде бір адым жасалады деп есептеледі). Сосын басқа аяқпен екінші адым жасалады да, одан кейінгі тірексіз жағдайда, яғни үшінші адым жасалып болғанша допты қолдан жібереді. Сөйтіп, бірінші адымның алдындағы тірексіз жағдайда допты ұстау үшін қолды алға созып, сосын оны кеудеге қарай тартады да, келесі екі адымда допты беру үшін алға шығарады.

Қозғалыс кезінде допты беру секіріс кезінде де, орындалуы мүмкін. Бұл ретте секіру екінші адымда бір аяқпен итерілу арқылы орындалады. Допты өте шапшаң беруді жүгірістің алғашқы адымында да жүзеге асыруға болады.

Тек тірексіз фазаның кезінде де орындалуы мүмкін: допты тірексіз жағдайда қабылдап, осы жағдайдан беруді орындайды. Баскетболшы бір адым жасамай, қолға тиген бойда, келесі адамға береді.

Шапшаңдықты және бағытты өзгертіп допты алып жүру. Шапшаңдық пен бағытты өзгертіп доп алып жүруді бастапқыда баяу жүгіріс кезінде орындау керек. Кейін шапшаңдықты бірте-бірте арттыра түседі. Бағытты өзгертіп алып жүру ептілігі ойын кезінде қорғаушының қарсы қимылын жеңу үшін қажет. Бағытты өзгерту үшін, мысалы, допты оң қолмен алып жүрсе, онда сол аяқпен адым жасалады, доп ілгері-төмен итеріледі және сол қолмен допты алып жүрсе, қозғалыстың бағытын өзгертеді.

Қозғалыс кезінде допты лақтыру. Әдетте лақтырулар жүгірістен кейінгі секірулерде орындалады. Сөйтіп, қозғалыс кезіндегі лақтыруларға қозғалыс уақытындағы допты берулер секілді қимылдар кескіндемесі тән. Бұл жағдайда секірулер тіке, жоғары қарай орындалады.

Қозғалыс кезінде 1800–қа және 3600-қа бұрылыстар жасалуы мүмкін.



Допты қозғалыс кезінде беру. Доп бұл тәсілмен командалас екі ойыншы бір бағытқа жүріп, не жүгіріп бара жатқанда беріледі. Қабылдаушы ойыншы қарсыласы жоқ ашық жерге шығуға тырысады, ал беруші ойыншы ыңғайлы сәтті пайдаланып допты екі қолмен кеудеден, бір қолмен иықтан, бүйірден немесе төменнен, не допты еденнен шоршытып өз серігіне қарай лақтырады. Жаттығуды жұптасып не үш бұрышта тұрып үйренеді.

Қозғалыс кезіндегі лақтырулар бір аяқпен итеріліп секіру кезінде орындалады. Орын ауыстыра жүріп, баскетболшы тірексіз жағдайда допты ұстап, жерге түскеннен кейін бірінші адымды, сосын екінші адымды жасайды. Секіру үшін ол осы аяқпен серпіледі. Қолдар бұл ретте жоғары қарай созылып және қолдың бір қалыпты қимылымен лақтыру жүзеге асырылады.



Допты айып алаңынан баскетбол себетіне лақтыру. Оқушылар төмендегі жағдайларда: айып добын лақтыратын алаңда тұрып, допты еденге бір-екі рет соғып-шоршытып, терең тыныс алып демді шығарғаннан кейін кеудеден екі қолмен немесе бір қолмен екіншісіне жәрдемдесе отырып, бір қолмен иықтан асыра лақтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет