«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»


Сурет 4. MS ClipArt сұхбаттасу терезесі



бет3/19
Дата11.02.2018
өлшемі5,9 Mb.
#37518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Сурет 4. MS ClipArt сұхбаттасу терезесі






Бекіту сұрақтары

  1. Колонтитул деген не? Ол не үшін қажет?

  2. Колонтитул саймандар тақтасы экранға қалай шығарылады? Ол қандай қызымет атқарады?

  3. Биәріп деген не? Оның орналасу жағдайын сипаттаңыз? Биәріпті қайтадан алып тастауға бола ма?

  4. Word мәтіндік редакторында қандай объектілер енгізуге болады?

  5. WordArt объектісі қалай енгізіледі?

  6. WordArt объектісін өңдеуге бол ма?

  7. MS ClipArt жинағын қалай, не үшін қолданамыз?

Дәріс 10

Тақырыбы: Microsoft Office Publisher интерфейсінің баспа жүйесі

Мақсаты: Microsoft Office Publisher баспа жүйеснің интерфейсімен танысу.

Біз өзіміз жұмыс істейтін жердің бюллетенін шығару керек болсын. Жұмысымыз кәсіби мамандардың жұмысындай, жаңа ғана типографиядан шыққандай етіп жасауымыз керек. Publisher қосымшасы міне осындай графикалық элементтері мен әртүрлі стилдегі жазулары өте көп құжаттарды жасауға арналған.

Publisher қосымшасында әртүрлі элементтерді бір бетке орналастыруға болады. Барлық көңіл құжаттың жалпы түріне бөлінеді. Ұстақ-түйектерді де ұмытпау керек, бірақ та құжаттағы элементтердің бір бірімен қалай орналасқаны әсер қалдырады.

Publisher қосымшасында открыткалар, бюллетень, күнтізбелер, брошюралар, каталогтар және т.б.с.с көптеген баспа өнімдерін компьютерде орындап, принтерден шығара аласыздар.



Microsoft Office Publisher 2003 үстел үсті принтерінде немесе типографияда баспаға шығаруға, электронды пошта арқылы таратып немесе Интернет сайтына орналастыруға арналған әртүрлі материалдарды құрып, жариялау жасайтын әмбебап жүйе.

  • Веб-түйіндерді жасаудың жаңа шеберлерін қолдану арқылы әртүрлі бизнес-жарияланым дайындау, мысалы электронды пошта арқылы таратылатын бюллетеньдерді құру шебері сияқты веб-түйіндерді ыңғайлы құрушы мен электронды пошта шебері. Сонымен қоса баспадан шығаруға арналған жариялауды құру, оның ішінде брошюралар, бюллетеньдер, открыткалар, компакт CD және DVD-дисктерге жабыстырғыштар және т.б. баспаға шығарылатын материалдар.

  • Кеңейтілген шаблондар жиынының көмегімен өзіндік жариялауды құрушы, оның ішінде өзіндік бланктер жиыны, сонымен қатар құттықтау открыткалары мен іскерлік бағыттағы шақырулар.

  • Күрделі каталогқа қосуға электронды кестеден өзіндік модуль құру үшін каталогтың бірігу функциясын пайдалану арқылы мәліметтер көзінен (мысалы, Excel 2003 немесе Microsoft Access 2003-тен) суреттер мен текстің бірігуі орындалатын жариялаудың автоматты құрылуы.

  • Баспаға шығару жұмыстарының ең жоғары сапасына жету үшін және Publisher 2003 қосымшасындағы CMYK Composite Postscript форматының көмегімен ірі тираждың баспаға шығару үшін типографияның тиімді жұмысы.

  • Бір материалды әртүрлі тәсілдермен жариялау көмегімен дайын жұмысты пайдалану – үстел үсті принтерімен баспаға шығару, типографияда баспаға шығару, Интернетте орналастыру немесе электронды пошта хабарламасы түрінде жөнелту немесе салып қою.

Publisher 2003 қосымшасында іскерлік бағыттағы нәтижеге жетуге қажетті барлық мүмкіндіктерді береді – түрлі-түсті және қаріптік сызбаларды, әртүрлі өзіндік дизайнерлік ойлар мен разметка параметрлерін қолданып баптауға болатын іскерлік шаблондардан басталады. Сонымен қатар, жұмысты бос жариялаудан бастап күрделі типографиялық және беттерді разметка жасау мүмкіндіктерін қолданып, өзінің шығармашылық ойларын жүзеге асыруға болады.

  • Ұйымның барлық ақпараттық материалдарындағы келісілген дизайнді қолдауы. Өзінің қайталанбас безендіруі бар 10 жаңа макеттер (барлығы 45) жиынынан немесе кең қолданыс тапқан бизнес-жариялау (бюллетень, открыткалар, хабарламалар, веб-түйіндер және т.б. жариялаулар) жиынынан таңдау жасау мүмкіндігі.

  • Баспаға шығару кезіндегі келіспеушіліктерді идентификациялау, веб-түйіндерге орналастыру және макетті тексерудің жетілдірілген мүмкіндіктері арқасында оларды түзетуде көмек алу.

  • Жетілдірілген бағытталған белгілеулер қолдану, тірек сызығының және тірек сызығының бағыттауыштары, беттердің реттері мен бірнеше негізгі беттердің қолдауы арқасында жариялауды басқару мүмкіндіктерін кеңейту.

  • Кеңейтілген мүмкіндіктердің артық жері оларды жоспарлау мен разметка жасау кезіндегі баптауда. Жариялауға ең соңғы суреттер жиынын таңдағанға дейін толықтыру ретінде суреттердің бос жақтауларын (рамка) қоюға болады.

Publisher шаблондар жиынының кеңейтпесі. Жүктелетін шаблондардың жаңа категориясының көмегімен жаңа Publisher шаблондарын «Жаңа жариялау» есептер облысында (область задач) жүктеуге және сақтауға болады. Қосымша шаблондар мен суреттерді Интернет арқылы Microsoft Template Gallery шаблондар кітапханасынан алуға болады.

Microsoft Office-тің барлық қосымшаларында тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктері ұсынылады. Publisher 2003 қосымшасының Microsoft Office-тің басқа қосымшаларымен функционалдануы мен интерфейстерінің бірлігі қамтамасыз етілген, бұл қандай да бір есепті шешуде Office-тің тиісті құралдарын таңдауды жеңілдетеді, сонымен бірге Office жүйесімен жұмыс істеудегі тәжірибе мен білімді пайдалануға мүмкіндік береді. Келесідей жаңа мүмкіндіктер көрсетіледі.



  • Word 2003 қосымшасымен абзацты форматтау құралдарының үйлесімділігі, оның ішінде «Отступы и интервалы» және «Положение на странице».

  • Менюдің жаңа «Список»(тізім) пункті.

  • Текстік өрістер мен текстік болктардағы іздеу және алмастыру(замена).

  • Құжаттарды бірлесіп қолданудың ыңғайлылығын қамтамасыз ететін кері үйлесімділік, бұл Publisher 2003 құжаттарын тікелей Publisher 2002 қосымшасында.

Жетілдірілген Publisher 2003-тегі «Жаңа жариялау» есептер облысының арқасында жұмысқа кірісу бұрынғыдан да жеңіл.

  • «Жаңа жариялау» есептер облысындағы жаңа категорияларды пайдаланып, баспаға шығаруға қажетті керекті жариялауды, веб-түйіндер мен электронды пошта хабарламаларын, макеттер жиынтығы мен бос жариялауларды таңдауға болады.

  • Есептер облысы көмегімен жариялауды тез баптауға болады — түсті схемалар, шрифтік схемалар, разметка параметрлері, макет және  т.б. Содан кейін жариялауға өз суретің мен текстеріңді қосуға болады.

1 суретте. Microsoft Office Publisher интерфейсі.


Сурет 1. Microsoft Publisher программасының интерфейсі

1-суретте көріп тұрғанымыздай, бұнда Windows-тың барлық принциптері сақталынған. Терезе дәстүрлі. Программа-қосымшасының жұмыс терезесінің барлық элементтері анық көрініп тұр.Олар міне, үстінен астыға қарай:Тақырып жолы, Меню командаларының жолы, Жол (екі жолда), Басқару панелі. Жасақшы-фира шаблондар ғана көрініп тұрған жұмыс кеңістігінің барлық мүмкін жағдайларын қарастырған. Докер бұнда MS Word 2002 ХР-дан өзгеше Навигатордың сол жақ терезесі ролін атқарады.

Интерфейстің төменгі жағында орналасқан қалып-күй қатары курсор координаттарын аса зор дәлдікпен бейнелейді. Сызғыштар (көлденең және тік) жұмысқа ұсынылатын варианттардың бірін шақырғанда пайда болады. Олар, негізгі сызғыштар, сұр түсті болады. Бірақ біз фреймді (мәтінді басу немесе суретті қою облысы) салғанда, сұр сызғыштарда терезелер көрінеді, осы терезелер шегінде сызғыштар белсенді (активный) болады, ақ-қара. Және олар жылжытпалармен «жабдықталады». Сонымен қоса форматталған мәтін құруға қажетті барлық құралдармен де, Word-тағы – табуляция белгілері, шегініс(отступ), шығып тұру(выступ), мәтін шекарасы сияқты.

2-суретте біз қосымшаның толық жұмыс интерфейсін көріп тұрмыз. Бұл бос құжат (программада ол өздеріңіз аңғарғандай Жариялау деп аталады).




Сурет 2. Microsoft Publisher-тің №2 интерфейсі.
Құралдар тақтасы экранның сол жағында орналасқан, жұмыс өрісінің сол жағында. Төменде, барлық батырмалардың астында бағдаршасы бар батырма орналасқан, ол бізге Word-тан таныс батырмаларға ұқсас. Оның артында Панельді баптау менюі бар – батырмаларды қосу және жою. ХР Офисінің принципі ұсталынады: сіз бұл менюастын(подмею) 3-суретте көресіз.



Сурет 3. Құралдар тақтасының баптау менюасты.
Бұл жерде сіздер Құралдар тақтасындағы барлық құралдардың толық тізімін көресіздер. Әрқайсысының алдында өз жалаушасы тұр — бұл барлық құралдардың барлығы бізде бар және олар белсенді екенін айтады.

Құралдар тақтасының барлық құралдарын атап өтейік, жоғарыдан төмен қарай: Select Objects (Объекттерді таңдау, немесе бұл құралды әдетте жай ғана Бағдарша деп атайды), Text Box (Мәтіндік Блок, Фрейм), Insert Table... (Кесте қою...), WordArt... (Объект қою WordArt), Picture Frame (Көрініс(изображение) фреймі), Clip Organizer Frame (Клип шебері Фреймі), Line (Сызық), Arrow (Бағдарша), Oval (Сопақ(овал), Эллипс), Rectangle (Тіктөртбұрыш), AutoShapes (Автофигуралар), Hot Spot (Горячая Вставка, Вставка Ссылки), Form Control (Формаларды басқару), HTML Code Fragment... (HTML коды фрагмент ...) және Design Gallery Object... (Дизайндер Галереясындағы объект ).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет