13
Жаман балықшы не істейді? Ол, керісінше, шыдамсыз болып, тіпті балық аула-
май кетіп қалуы да мүмкін. Мінеки, бизнесте де жақсы балықшы секілді шыдам-
дылық, біліктілік пен дағды қажет.
1.3. ІСІНЕ ЖАУАПСЫЗ КӘСІПКЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
Адамдардың көбі жағдайларға байланысты, заңдарды білмей әрі бизнестің жа-
уапкершілігін түсінбей, бизнеспен жауапсыз айналысуға құмар.
Төменде ісіне жауапсыз кәсіпкерлердің бірқатар іс-әрекетін келтіреміз:
• несиені төлеу бойынша қарыз алушының міндеттемесін орындамау немесе
орындауды лайық деп таппау;
• несиені мақсатсыз қолдану;
• несиені жаппай тұрып тіркелген жеке кәсіпкерлігін жауып тастау;
• салықты төлеуден жалтару;
• алаяқтық, қолдарды, мөрлерді, құжаттарды және сату-сатып алу шартын қол-
дан жалған жасау;
• жалған кәсіпкерлік.
Кәсіпкердің жосықсыз әрекеттерінің бірі несиені төлеуде қарыз алушының
міндеттемесін орындамау немесе орындауды лайық деп таппау.
Достарыңызбен бөлісу: