49
Кредитке, лизингке, кепілге онлайн-өтінім беру
Фермерлер несие
алуға онлайн өтініш бере алады, оны «ҚазАгро»
холдингі
порталында тіркеуге болады. E-KazAgro порталының
көмегімен әлеуетті қарыз
алушы холдингтің несиелік компанияларының кеңселеріне келместен,
несие не-
месе лизинг үшін өтініш бере алады, бұл уақытты және қаржылық шығындарды
айтарлықтай азайтады.
Несие алу үшін сізге қажет:
1. Біздің порталда ЭЦҚ-мен тіркеліңіз.
2. Алдын ала қажетті құжаттарды дайындаңыз.
3. Өтінім беру, қажетті құжаттарды жүктеу, өтінімге ЭЦҚ-мен қол қою және жол-
дау (нұсқаулықтар төменде келтірілген).
Порталмен жұмыс істеу нұсқаулықтары:
Тіркелу: https: //wiki.e-cloud.kz/pages/viewpage.action? page ...
Қызмет алу үшін өтінім беру:
https: //wiki.e-cloud.kz/pages/viewpage.action?page ...
Өтінімге құжаттарды жүктеу:
https: //wiki.e-cloud.kz/pages/viewpage.action?page...
Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен өтінімге қол қою:
https://wiki.ecloud.kz/pages/viewpage.action?page...
(Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуды 11-модульде «Бизнес үшін элек-
трондық қызмет негіздері» тақырыбында қарастырамыз).
Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігін қолдау
«Атамекен» ҰКП іскер әйелдер кеңесі Еуразиялық топпен (ERG)
және Халық
банкімен әйелдердің бизнес-жобаларына қаржы бөлу туралы меморандумдар жасасты.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ микрокредиттеу бағдарламасына қатысу, кәсіпкер-
лік қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, қарыз қаражатын нысаналы пайдала-
ну қағидаты негізінде жүзеге асырылады. Тұтынушылық мақсаттарға қарыз қара-
жатын тарту, бұрынғы несиелерді өтеу, несиелік қарыздарды қайта қаржыландыру,
тұрғын үйді сатып алуды қарастыратын үміткерлер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
микрокредит беру бағдарламасына қатыса алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: