9. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
64. 4-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
жанрлардың анықтамасы, халық және кәсіби музыкаға жататын жанр түрлерін;
ұлттық музыкалық мәдениеттің белгілі өкілдерін;
симфониялық оркестр құрамын және оған жататын ішекті, ағаш және жезді үрмелі, ұрмалы аспаптардың атауларын;
әлемге танымал театрлардың атауларын білуін;
республикамыздың негізгі концерттік және театр мекемелерін;
туған өлкесінің дәстүрін және өз елінің музыкалық өміріне байланысты оқиғаларды;
білетін музыкалық шығармаларды есту арқылы ажыратып, олардың ұлттық ерекшелігін анықтай білуі тиіс.
65. 4-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
сыныптан, концерттен, радиодан, теледидардан көріп естіген музыкалық шығарма және орындаушы жайлы өз пікірін ашық айта білуді;
музыка жайлы әңгіме қозғағанда, қарапайым музыкалық терминдерді қолдана отырып, музыкалық сауаттылығын көрсете білуін;
әндер мен қүйлерді музыкалық аспапта өз мәнерінде орындауды меңгеруін;
музыкалық сахналық қойылымдар жасау, мектепте және басқа да музыкалық мерекелер мен фестивальдарға қатысуын.
66.Тұлғалық нәтижелер:
Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың музыкасын түсініп, бағалай білуі;
қоршаған ортадағы сұлулықты сезінуі;
Қазақстан музыка өнерінің жетістіктеріне мақтаныш сезімінің қалыптасуы;
музыка өнері мен адам өмірінің байланысын түсіне білуі;
сапалы мәдени талғамын дамытуы;
өз көңіл күйімен сезімін білдіру үшін музыканы пайдалануы.
67. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер:
естіген шығармасына өзінің көңіл күйі мен әсерін білдіре алады;
музыканың негізгі көркемдеуші құралдарын ажыратып, музыкалық шығармаларға жалпылама талдау жасай алады;
мектеп, сынып өміріндегі қоғамдық мәдени жұмыстарда белсенділік танытады
қосымша деректермен өз бетімен жұмыс жасай алады;
музыка өнері жайлы әңгіме жүргізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |