7. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
60. 2- сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын;
қарапайым музыкалық терминологияны білу және оларды қолдануды;
ырғақ, екпін, динамика, тембр, әуен, сүйемел (аккомпанемент), лад сынды негізгі музыкалық терминдерді;
асатаяқ – қасықтар, қоңырау – бубенцы, сақпан – трещотка, даңғыра – дойра, дабыл – барабандар, сырнай – гармонь, жетіген – гусли, цимбало, домбыра – комыз – дутар сияқты музыкалық аспаптарды;
шумақ және әннің қайырмасы, күйдің буыны, бүтін шығарма сынды қарапайым түсініктерді.
61. 2-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
1) халық музыкасы, халық әні, халық күйші-композиторы ұғымдарды анықтауды;
2) вокалдық, аспаптық, жеке, хор және оркестр сынды музыка түрлерін ажырата білуді;
дыбыс бояуына қарап халық аспаптары үнін меңгеруі тиіс;
әнді дұрыс яғни дер кезінде бастап және аяқтау, әуен бойынша орындау, әннің тыныс белгілерін дұрыс қолдану, әннің мәтінін нақты әрі түсінікті айту, дирижердің нұсқауын түсіну;
әндерді өзінің сүйемелдеуімен музыкалық аспаптарда орындай алу.
Достарыңызбен бөлісу: |