8. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
62. 3 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
жанрлардың атауларын, халықтық және кәсіби (композиторлық) музыкаға жататын жанр түрлерін;
білетін шығармалардың атаулары мен олардың авторларын;
әнші, сал-сері, халық композиторы сынды халық музыкасына жататын нақты ұғымдарды;
музыкалық бейненің дамуына әсер ететін, музыкалық мәнерліліктің негізгі белгілерін;
қазақтың халық аспаптары оркестрінің құрамын;
6) қазіргі заман Қазақстан композиторлар есімін.
63. 3 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
композитор – орындаушы – тыңдаушы – деген ұғымдарды түсінуді;
халықтық және кәсіби музыка деген ұғымдарды түсінуді;
халықтық және кәсіби музыканың түрлерін салыстыруды;
тыңдаған шығармалардың көңіл‑күйін, жанрын аңықтауды;
музыкалық терминдерді қолдана отырып шығарма жайлы өз ойын айта білуді;
туған өлкедегі музыкалық дәстүрлер жайында баяндауды.
Достарыңызбен бөлісу: |