Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша



Дата05.11.2016
өлшемі271,73 Kb.
#1061
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ



Бастауыш білім беру деңгейінің

«Өнер» білім саласы бойынша

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(1– 4-сыныптар)

Астана 2013


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.

Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Музыка», «Бейнелеу өнері» оқу бағдарламалары – Астана, 2013. – 32 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы



Ұлттық білім академиясы, 2013
«Музыка» пәнінен оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Бастауыш сыныптардағы «Музыка» пәні оқушылардың рухани және адамгершілік тұлғасын қалыптастыратын негізгі пәндердің біріне жатады. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін оятып, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелейді.

3. Музыка оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың қиялын, есте сақтау қабілетін, танымдық қызметінің белсенділігін арттыруына ықпалын тигізеді.

4. Оқыту мақсаты:

1) оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру;

2) көркемдік талғамын тәрбиелеп, шығармашылық қабілетін дамыту.

5. Оқыту міндеттері:

1) окушылардың музыка өнері жайында көзқарасын кеңейту, музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастыру;

2) музыкалық шығармаларға өзінің көзқарасын білдіре білу;


  1. музыкалық-шығармашылық әрекет барысында, тәжірибелік дағдыларын іске асыру;

  2. музыка тыңдау, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, мәнерлі қимылдар жасау, суырып салу.

6. Бағдарлама мазмұны қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнері және республикамыздағы өзге халықтардың музыкалық мұрасымен танысады. Бағдарлама музыка өнерінің даму заңдылықтарын түсінуге бағытталып, өмірімен байланысын көрсетеді.

7. Музыкалық білім беру мазмұнының негізінде келесі ұстанымдар іріктелген:

1) түсініктілік ұстанымы окушылардың жас ерекшеліктерін ескере отыра, музыкалық қабілетінің дамуына ықпал ететін тиімді әрі қолайлы оқу материалдарын қолданады;

2) үздіксіздік ұстанымы барлық сыныптар арасындағы сабақтастықты, мазмұн, шығармашылық жағынан жүйелілік пен бірізділікті білдіреді;

3) тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән айту және аспапта орындау тәсілін бойына сіңірудегі басты әдіс болып табылады;

4) шығармашылық ұстанымы оқушының бойындағы қабілетін аша түсіп, өнермен араласу барысында жетістікке жетуіне ықпал етеді.

8. Музыка сабағындағы негізгі әрекеттердің түрлері:

1) музыка тыңдау – музыка талғамын қалыптастыру: мәнерлі де көркем‑бейнелі ырғақтар, аңдар мен құстардың үні, адамның сөйлеу дауысы, табиғаттың үніне еліктеу сияқты музыкалық қиялын дамыта түседі; музыканы мән беріп, аса ұқыпты тыңдап, музыкалық аспаптардың тембрлік бояуын ажырату;

2) білімділік әрекеті ‑ музыка мәнерлігінің негізгі белгілерімен танысу; музыка сауаты: жоғары, орта және төмен дыбыстар; дыбыстың қатты немесе ақырын естілуі; тез, орташа және жай екпіндер; музыканың көңілді – мұңды, салмақты – үрейлі сипаты; музыканың мәнерлеу белгілері мен түрлері туралы қарапайым түсінік: екпін, ырғақ, дыбыс күші, ән шумағы, күйдің буыны, аяқталған шығарма;

3) ән орындау ‑ орындаушылық әрекеттің негізгі түрі болып табылады; мұғалімнің негізгі міндеті: әр түрлі сипаттағы әндерді көркем әрі мәнерлі орындауға машықтандыру; балаларды күш салмай табиғи дауысымен айтуға дағдыландыру;

4) музыкалық аспаптарда орындау ‑ топ болып домбыра және ұрмалы аспаптарды меңгеруге негізделген; домбыра үйрену тәсілдері халық әндерінің негізінде жасалған жаттығу – тұғыр орындау түрінде жүргізіледі; музыка сабағында таяқшалар, ағаш қасықтар, қоңырау, сылдырмақтар сияқты тағы да басқа ұрмалы аспаптарды қолдану ырғақтық сүйемел жасауға көмектеседі; музыка аспаптарында орындау және музыкаға сәйкес би қимылдарын жасау оқушыға шығарманың жалпы мінезін және екпіні мен бояу ерекшеліктерін сезінуге көмектеседі; жұмыстың бұл түрі баланың музыкаға деген сезімі мен ынтасын арттыра түседі.

9. Шығармашылық тапсырмалар баланың қиялы мен фантазиясына негізделген; шығармашылық импровизация музыка сабағында алған білімін пысықтаудың бірден-бір тәсілі болып табылады; сабақта төмендегідей жұмыс түрлерін пайдалануға болады: ырғақтық ойындар мен ырғақтық сүйемел, музыкаға сәйкес қимылдар жасау, музыканың мазмұнына сай сурет салу, әндерді, ертегілерді, аңыз-күйлерді сахналау.

10. Музыканы оқыту барысында мынандай пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:

1) «Қазақ тілі»: сөздің және музыкалық интонацияның байланысы; тілдік және музыкалық есту қабілетін дамыту; ойдың толық, түсінікті болуына, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына мән беру;

2) «Әдебиеттік оқу»: тілді дамыту; әннің мәтініне көңіл бөлу;

3) «Бейнелеу өнері»: музыкадағы табиғат құбылыстарын бейнелеу (су ағысы, аттың шабысы, құстардың ұшуы, жайлау көрінісі); музыка тыңдауға көркем сурет туындыларын пайдалану; тыңдаған шығармаларына сурет салып келу;

4) «Дүниетану»: табиғат бейнесін музыка тілімен сабақтастыру; музыка шығармаларында кездесетін жан-жануарлар атаулары мен жер атаулары;

5) «Математика»: қарапайым математикалық ұғымдарды, музыка шығармаларын талдауда қолдану (ырғақ, өлшем, екі-төрт буынды, т.с.с);

6) «Еңбекке баулу»: оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарын көрнекілік ретінде пайдалану;

7) «Дене шынықтыру»: ритмикалық қозғалыстарға музыка сүйемелін пайдалану; музыкалық ойындар.

11. Оқу жылындағы барлық сағат саны:

1) 1 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат;

2) 2 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;

3) 3 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;

4) 4 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.

1. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны
12. «Музыкалық аңыз әлеміне саяхат» – 9 сағат:

1) музыка суреттейді;

2) музыка бейнелейді («Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Тепеңкөк», «Жетім бала»);

3) музыка сөйлейді;

4) әсем әнге билейміз.

13. «Ғажайып сырлы аспаптар үні» – 7 сағат:

1) дархан даланың үні – сыбызғы;

2) табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз;

3) саздан туған сазсырнай;

4) аңыздан жаралған аспап – жетіген;

5) аспаптардың атасы – қобыз;

6) жақсылыққа жол ашқан сиқырлы аспап.

14. «Ән көңілдің ажары» – 9 сағат:

1) көңілді әндер;

2) музыкалық жанрлар жайлы түсінік: ән, би, марш;

3) музыканы кім шығарады;

4) менің сүйікті мерекем.

15. «Отан от басынан басталады» – 8 сағат:

1) бесік жыры;

2) ақ мамам;

3) асыл әже;

4) менің әліппем;

5) мұғалім ол біздің;

6) қазақы дастархан;

7) ҚР Гимні.

16. Ән орындау кезінде:

1) 1-сынып оқушысына ән айту дағдысын қалыптастыруға ұқыптылықпен қарап, дауыс диапазонының мүмкіндігіне лайық жұмыс жасау;

2) әннің мазмұнын ұғынып, сөзін дұрыс орындауға машықтандыру;

3) дауыс аппаратын дұрыс пайдаланудың алғашқы жолдарын үйрету;

4) сөйлеу және дикция тазалығына аса мән беру, ән айту мәдениетінің алғашқы жолдарын қалыптастыру талап етіледі.

17. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», «Бесік жыры», Н.Тілендиев «Ақ мамам», Н.Тілендиев «Әжеме», Б.Ғизатов, Ж.Нәжімеденов «Әліппе», Б.Ғизатов «Мұғалім ол біздің», М.Омаров «Қазақы дастархан», халық әні «Еркем-ай», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Ана», И.Нүсіпбаев, Х.Талғаров «Домбырасыз ән қайда», Б.Байқадамов «Айгөлек», М.Оразбаев «Бала уату», Г.Гусейнли, Т.Муталибов «Шөжелерім», А.Еспаев, А.Дүйсенбиев «Ақтайлақ», Е.Өміров, К.Елубаев «Қаздарым», К.Қуатбаев, А.Тоқмағамбетов «Ақша қар», Б.Аманжолов, Е.Утетлеуов «Наурыз – тәуір қыз».

18. Аспапта орындау кезінде:



  1. ұрмалы аспаптарды меңгеру арқылы ырғақтық есту қабілетін қалыптастыру;

  2. домбыра аспабын орындаудағы әдіс‑тәсілін меңгеру (халық әндерінің негізінде).

19. Музыка тыңдау:

1) 1-сыныпта музыка тыңдау оқушының ең басты жұмыс әрекетінің жетекші түрі ретінде ұсынылады, оқушы музыка тыңдау арқылы пәннің негізгі мазмұнын игеруге талпынады;

2) яғни, бұл жұмыс әрекеті оқушының музыканы түсініп қабылдауына, ішкі терең сезімін оятып, музыкаға деген көзқарасынының қалыптасуына және қоршаған ортаны суреттеп, бейнелей алуына бағытталады, музыка тыңдау – оқушының музыкалық әсерінің қалыптасуында ұзақ уақыттар бойына жинақтайтын маңызды процестердің бірі болмақ;

3) бұл арқылы әр түрлі музыкалық иірімдермен сусындап, мазмұны мен ерекшеліктерін ажырата біледі, халық әндері мен балаларға арналған түрлі әндердің ырғақтық ерекшелігі, күй‑аңыздарының мазмұнымен сабақтасқан музыка тілі, би және марштық ырғақ т.б.;

4) тыңдауға арналған шығарманың ұзақтығы бір немесе екі минуттан аспайды.

20. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», халық күйі «Ақсақ құлан», халық күйі «Нар идірген», халық күйі «Тепеңкөк», халық күйі «Жетім бала», халық күйі «Аңшының зары», халық күйі «Қасқыр», халық күйі «Сыбызғы сыры», халық күйі «Қос мүйізді Ескендір», халық күйі «Салкүрең», халық күйі «Бозінген», халық әні «Қара жорға», халық әні «Қамажай», халық әні «Елім-ай», Б.Жамақаев «Махаббат вальсі», А.Жұбанов «Би күйі», Т.Сарыбаев «Наурыз-думан», С. Майкапар «Бирюльки» («Полька», «Менуэт», «Маленький командир»), С.Прокофьев «Балалар музыкасы: 12 жеңіл пьеса» («Вальс», «Шегірткелер шеруі»), П.Чайковский «Балалар альбомы» («Вальс», «Мазурка», «Марш деревянных солдатиков»), Ғ.Жұбанова «Балалар мен жас өспірімдерге арналған 12 пьеса» («Күй аңыз»), М.Омаров, К.Қазыбекұлы «Әнші, күйші, биші балапан».

21. Музыкалық сауаттылық: дыбыс – төменгі, ортаңғы, жоғарғы; ұзақ, қысқа, қатты, жай; ырғақ – сөйлеу, музыкалық; динамика – қатты, жай, форте,пиано; екпін – жай, орташа, тез; алғашқы жанрлық ерекшеліктерді білу – ән, күй, би, марш; композитор‑орындаушы (жалпы мағлұмат беру) музыкалық аспаптар – домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, скрипка, труба, фортепиано, барабан; тембр – адамдар дауысы, музыкалық аспаптардың дыбысы, қоршаған ортадағы «музыкалық бояулар».

22. Шығармашылық тапсырмалар:

1) музыкадан оқушының алған әсерін әңгімелеп айту, суретпен бейнелеу, қимыл‑әрекет арқылы бағдарлау;

2) ертегі тыңдау; ән-күйдің шығу тарихы жөнінде әңгімелесу.



3. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
23. «Күйші композиторлар» – 9 сағат:

1) күй атасы Құрманғазы;

2) Күй шебері Тәттімбет;

3) Халық композиторы Дәулеткерей;

4) Күй шешені Қазанғап;

5) Арнау күй;

6) Күй анасы – Дина.

24. «Әлемді шарлаған музыкалық аспаптар» – 7 сағат:

1) көне аспаптар сыр шертеді – қобыз және скрипка;

2) халықтың мақтанышына айналған – домбыра-комуз, шертер-балалайка;

3) ежелгі музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз - барабаны, асатаяқ - ложки, қоңырау - бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка;

4) табиғатпен үндескен сыбызғы;

5) халық арфалары – жетіген, гусли, цимбало;

6) шырқа, сырнай.

25. «Концерт залына саяхат» – 10 сағат:

1) өнер ордасы – театр;

2) концерт залымен танысайық;

3) филармония – өнер шаңырағы;

4) камералық музыка;

5) ең үлкен музыка аспабы – орган;

6) хор капелласының концерті;

7) квартет өнер көрсетеді;

8) қазақ халқының биі;

9) эстрада музыкасының концерті.

26. «Туған өлкем» – 8 сағат:

1) «Алатау»;

2) «Ақ бұлақ»;

3) «Бір бала»;

4) «Сағындым Алматымды»;

5) «Атамекен», «Өз елім»;

6) «Туған жер».

27. Ән орындау кезінде:

1) әндердің әуенін сазды орындауға дағдылану, әндердің мәтінінің мазмұнына мән беру, түсініп орындауға дайындау;

2) әннің ырғағы мен әуенін дұрыс айтуға машықтандыру;

3) шумақ пен қайырманың кезектілігін ескеру, әндердің мінезі мен көңіл күйіне лайық интонациялық белгілерін сақтау;

4) дем алу ережесі және нақты дауыс мәнерімен жұмыс жасауын қадағалау.

28. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Ә.Бейсеуов, С.Асанов «Қошақаным», К.Дүйсекеев, Ш. Сариев «Ана», қазақтың халық әні «Гүлдерайым», қазақтың халық әні «Қалаулым», К.Шілдебаев, А.Асылбеков «Жаңа жыл», С.Мұратов, Б.Ысқақов «Наурыз тойы», Н.Тілендиев «Алатау», Б.Тәжібаев «Ақ бұлақ», Б.Тәжібаев «Туған жер».

29. Аспапта орындау кезінде:

1) ұрмалы аспаптарды меңгеру арқылы ырғақтық есту қабілетін қалыптастыру, үйренген әндері мен музыкалық шығармаларды ырғағына сай сүйемелдей білу;

2) халық әндерінің негізінде домбыра аспабын меңгеру.

30. Музыка тыңдау:

1) баланың мүмкіндігіне лайық әртүрлі сезімге құрылған музыканы тыңдай білу;

2) музыкалық шығармалардың өзіндік сипатын айыра білу, ең негізгі саздық мәнерін ерекшелеу;

3) музыканы өмірмен байланыстырып, табиғаттың түрлі құбылыстарымен салыстыра білу, музыкалық аспаптардың тембрлік ерекшелігін айыра білу, адам дауысы, табиғаттың дыбысы;

4) музыкадан алған әсерін әңгіме, сурет, бейнелеу, қимыл‑әрекет арқылы көрсете білу.

31. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Құрманғазы «Қайран шешем», «Аман бол, шешем», «Машина», «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Бұқтым-бұқтым», «Адай»; Тәттімбет «Саржайлау», «Сылқылдақ»; Дәулеткерей «Қосалқа», «Құдаша», «Көрұғлы»; Қазанғап «Көкіл», «Шынаяқ тастар», «Құс қайтару», «Өттің дүние»; Дина «Әсем қоңыр; Ықылас «Күй‑аңыз», «Аққу», «Жез киік»; халық күйі «Салкүрең»; орыстың халық әні «Коробейники»; халық күйі «Сары өзен»; халық әні «Қараторғай»; халық әні «Бір бала»; А.Қоразбаев «Сағындым Алматымды»; Е.Хасанғалиев «Атамекен»; Н.Римский-Корсаков «Хоровод» әні, Садко «Заиграйте, мои гусельки»; М.Мусоргский «Картинки с выставки» («Избушка на курьих ножках», «Старинный замок»); П.Чайковский «Времена года» («Масленица», «Подснежник»); В.А Моцарт, А.Глоба «Көктем әні», хорға өңделген; А.Рубинштейн, М.Лермонтов «Горные вершины», хорға өңделген; А.Алябьев, И. Козлов «Вечерний звон», хорға өңделген; П.Чайковский «Да исправится молитва моя», хорға өңделген; В.А. Моцарт. Квартет, ор.10, Ре минор, үзінді; Ғ.Жұбанова Квартет для струнных №1,үзінді; А.Жайымов «Шалқыма»; Бах И.С. Органға арналған «Токката және Фуга», ре минор, үзінді; Каччини Дж. «Аве Мария», дауысқа және органға арналған; А.Алябьев, А. Дельвиг «Соловей»; Л.Хамиди, Н.Әлімкұлов «Бұлбұл»; А.Варламов, М.Лермонтов «Белеет парус одинокий»; Түркеш «Көңіл ашар»; Құрманғазы «Сары-арқа».

32. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік: дыбыс, оның сипаты – жоғары, орта, төмен; созылмалы‑қысқа, қатты‑жай; әуен – шығарманың музыкалық сипаты, музыкалық бейне; түрі – әндегі шумақ пен оның қайырмасы, күйдегі буын, аяқталған шығарма; ырғақ – әр түрлі ырғақтық ерекшеліктер; қазақ халқының музыкалық аспаптарының тембрлік ерекшеліктері; композитор – орындаушы – тыңдаушы; музыканың негізгі түрлері – вокалды, аспапты, жеке орындау, хор, оркестр (жалпы түсінік); хор – балалар, ерлер, әйелдер, аралас; музыкалық аспаптар – ыспалы аспаптар – қобыз, скрипка; шертпелі аспаптар – домбыра-комуз, шертер- балалайка. Ұрмалы, сілкімелі аспаптар – асатаяқ-ложки, тұяқ тас-барабанка, қоңырау--бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка; үрмелі аспаптар – мүйіз сырнай-зурна, мес қобыз – волынка; сырнай – гармонь,баян; үрмелі аспаптар - тастауық-чопа чор, сыбызғы-свирель; жетіген – гусли, цимбалы.

33. Шығармашылық тапсырмалар:



  1. музыкалық шығармалардың сипатына сай қимыл‑әрекет жасау;

  2. би қимылдары мен қарапайым бірқалыпты музыкалық ырғақтарды орындау;

  3. музыкалық образдарға ену.



  1. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны

34. «Халқымыздың мақтанышы әнші композиторлар» – 9 сағат:

1) ел еркесі – Ақан сері;

2) аты әнге айналған – Балқадиша;

3) ән жүйрігі – Біржан сал;

4) Біржанның Теміртасы;

5) сұлу сазды – Гәкку;

6) Жаяу Мұса – Ақсиса;

7) Абай салған сырлы әндер.

35. «Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі» – 7 сағат:

1) халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?

2) домбыра мен қобыз аспабының түрленуі;

3) оркестр құрамындағы аспаптар;

4) оркестрдегі дирижердің міндеті;

5) қазақтың көне музыкалық аспаптарын жинаушы – Болат Сарыбаев;

6) «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрі;

7) көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы.

36. «Бүгінгі заман музыкасы» – 10 сағат:

1) үрмелі аспаптар оркестрі;

2) эстрадалық симфониялық музыка;

3) джаз оркестрі;

4) қуыршақ театры;

5) кино және музыка;

6) эстрада өнері.

37. «Қазақстан кәсіби композиторларының музыкасы» – 8 сағат:

1) бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан – А.Жұбанов;

2) қазақ операсының сазгері – М.Төлебаев;

3) кәсіби әннің шебері – Б.Байқадамов;

4) өмірге әнмен сән берген – К.Дүйсекеев;

5) қазақ музыкасының мақтанышы – Ғ.Жұбанова;

6) домбыраны күй сандықта сарнатқан – Н. Меңдіғалиев;

7) қазаққа вальс сыйлаған – Л.Хамиди;

8) музыка майталманы – Е.Брусиловский.

38. Ән орындау кезінде:

1) ән айту шеберліктерін меңгеру;

2) шығарманы орындау барысында музыкалық бейнелерге ене білу;

3) дирижердің нұсқауымен ән айтуды үйрену.

39. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Ә.Бейсеуов, Т.Молдағалиев «Ұстазым», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Туған жер», халық күйі «Келіншек», А.Жұбанов «Ақ көгершін», халық әні «Жар-жар», халық әні «Сәулем-ай», халық күйі «Салкүрең», Ш.Қалдаяқов «Ана туралы жыр».

40. Аспапта орындау кезінде:

1) ұжыммен бірге ұрмалы аспаптармен халық әндерін бір ырғақта сүйемелдеп үйрену;

2) домбыра аспабында халық әндері мен күйлерін орындаудағы шеберліктерін шыңдау.

41. Музыка тыңдау:

1) музыкаға аса мән беріп тыңдауға үйрету, жанрлық ерекшеліктерін білу, көңіл‑күйі мен оның сыр‑сипатын түсіну;

2) халықтық және кәсіби жанрларды ажырата білу, музыкалық образдың даму барысын қадағалау, музыканы жанды әрі образды өнер деген түсінігін қалыптастыру;

3) белгілі бір шығарманы әр түрлі орындауда тыңдатып салыстыра білу қабілетін дамыту (вокалдық, аспаптық, оркестрмен және жеке орындаудағы).

42. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Ақан сері «Маңмаңгер», Ақан сері «Балқадиша», Біржан сал «Адасқақ», Біржан сал «Теміртас», Үкілі Ыбырай «Гәкку», Жаяу Мұса «Ақ сиса», Абай «Көзімнің қарасы», қазақтың ғұрыптық әндері: Жар‑жар, Сыңсу, Беташар; халық әні «Япурай», Махамбет «Жұмыр Қылыш», Ортеке биі «Секіртпе», Н.Тілендиев «Саржайлау», Ж.Дәулетов «Қазақ елі», А.Жұбанов «Ақ көгершін», М.Төлебаев «Біржан-Сара» операсынан үзінді «Би», Б.Байқадамов «Су тасушы қыз», К.Дүйсекеев «Домбыра», Ғ.Жұбанова Скрипкаға арналған «Романс», Н. Меңдіғалиев «Домбыра туралы поэма», С.Бәйтереков «Әлия», Л.Хамиди «Қазақ вальсі», Е.Брусиловский «Бозайғыр», Б.Жұманиязов «Серпін», П.Чайковский «Пляска скоморохов», Н.Тлендиев «Ата толғау», «Көш керуен», М.Глинка «Камаринская», Л.Бернстайн «Дивертисмент», «Әскери марш», Е.Брусиловский 3-і симфония "Сары-Арка", скерцо; А.Зацепин «Біздің сүйікті дәрігер» фильміне музыка, Блюз «Бүги мен блюз айтамын», Дж.Гершвин «Менің сүйіктім», Миллс И., Эллингтон Д. «Керуен», Браун Джеймс. Би джаз.

43. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік, әндердің жанрлық ерекшеліктері ‑ лирикалық, бесік жыры, жар‑жар, сыңсу, беташар, халықтық және кәсіби (композиторлық) музыка, халық композиторлары – сал, сері, халық композиторларының әндері, халық аспаптар оркестрі, ансамбль, квартет, трио, дуэт, эстрада және рок тобы.

44. Шығармашылық тапсырмалар, халық композиторларының туындыларының мазмұны бойынша сахналық қойылымдар жасау.





  1. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны

45. «Ұлы ұстаздар көші» – 9 сағат:

1) күй дәстүрінің шежірешісі – Қали Жантілеуов;

2) ән өнерін паш еткен – Манарбек Ержанов;

3) әншілік өнердің хас шебері – Жүсіпбек Елебеков;

4) қара қобызды сарнатқан – Жаппас Қаламбаев;

5) әнін көкке қалықтатқан – Ғарифолла Құрманғалиев;

6) күй аңызын ардақтай жеткізген – Дәулет Мықтыбаев;

7) ұстазды ұлы тұтқан күйші – Төлеген Момбеков.

46. «Еуропа музыкасының шыңы симфониялық оркестр» – 7 сағат:

1) симфониялық оркестр қалай пайда болды;

2) симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар;

3) оркестрдегі үрмелі ағаш аспаптар;

4) жезді аспаптар қашан пайда болды;

5) ұрмалы аспаптар тобы;

6) арфа аспабы қайдан келді;

7) оркестрге үн берген аспап.

47. «Еуропа опералық театрларына саяхат» – 10 сағат:

1) опералық театр тарихы;

2) еуропаның атақты опера театры – Ла-скала;

3) әлемге әйгілі Метрополитен-опера театры;

4) орыстың Үлкен театры;

5) әйгілі Вена опералық театры;

6) Сидней опералық театры;

7) неміс опера театры.

48. «Қазақстан халықтарының музыкалық өнері» – 8 сағат:

1) орыс халық музыкасы;

2) қырғыз халқының музыкалық өнері;

3) өзбектің әндері мен билері;

4) ұйғыр халқының музыкалық мұрасы;

5) корей халық театры;

6) украин халқының әйгілі гопагі;

7) грузин халық биі лезгинка;

8) неміс маршы;

9) татар халқының сұлу сазды әндері.

49. Ән орындау кезінде:

1) ән айтудың түрлері – сұлулап әрі мәнерлеп жеке орындау;
2) өз бетімен және дирижердің нұсқауымен орындау,

3) әнді және оның орындалуын талдай білу, ән айту ережелерін сақтау.

50. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Абай. «Желсіз түнде жарық ай», Базар жырау «Терме», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Ана тілін сүйеміз», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Солдат болам мен ертең», Жаяу Мұса «Ақсиса», Халық әні «Құралай», А.Жұбанов, Н. Баймұхамедов «Ақ көгершін», И.Ильясов, Ж.Боранбаев «Қазақы дастарханым», Қазанғап «Шынаяқ тастар», С.Мұхамеджанов, Г.Жұмабаев «Қазақстан», И.Нүсіпбаев, Е.Елубаев «Достық», Б.Оралұлы, А.Асылбек «Астана».

51. Аспапта орындау кезінде:



  1. домбыра, ұрмалы және тағы басқа даңғыра аспаптарда ойнай білу;

  2. басқа да ұрмалы аспаптардың сүйемелдеуімен әндер мен музыкалық шығармаларды мәнерлеп орындай білу.

52. Музыка тыңдау:

1) образ жасаудағы музыкалық мәнерліктің маңызын түсіну;

2) халықтық және кәсіби жанрлардың ерекшелігін білу, хор және оркестр түрлерін тыңдау арқылы айыра білу;

3) музыкалық аспаптардың тембрлік ерекшеліктерін білу, музыканы тыңдау арқылы әрбір ұлтқа тән ерекшелігін айыра білу;

4) музыканы өмірдің тыныс‑тіршілігі яғни құбылыстармен салыстыра білу.

53. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Естай «Қорлан», Мәди «Қарқаралы», Ықылас «Жез киік», Мұхит «Үлкен айдай», Ықылас «Шыңырау», Сүгір «Бес жорға», Л.В.Бетховен «3-симфония» үзінді, Н.Паганини «24 каприс», Сен-Санс «Аққу», М.Равель «Балеро», А.Хачатурян «Гаянэ» балетінен қылышпен би, Ф.Шопен «Прелюдия», итальян халық әні «Күнім менің», Ж.Бизе «Кармен» операсынан Кармен ариясы, П.Чайковский «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариясы, орыстың халық әні «Светит месяц», қырғыз халық күйі «Ақ тамақ – көк тамақ», өзбек халық әні «Ялла», ұйғыр халық әні «Аппақ-аппақ тошканларым», корей халық әні «Мунген тауы», украин халық биі «Гопак», грузин халық биі «Лезгинка», неміс «Маршы», татар халық әні «Су бойлары».

54. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік: дыбыс, оның сипаты – жоғары, орта, төмен; созылмалы‑қысқа, қатты‑жай; музыкалық мәнерлілік – әуен, ырғақ, регистр, екпін, динамика, тембр, лад; композитор – орындаушы – тыңдаушы; халық композиторлары – күйші, сал, сері; халықтық және кәсіби (композиторлық) музыка; орындаушылар – домбырашы, қобызшы, пианист, скрипкашы, флейташы, әнші, әртіс; музыканың негізгі түрлері – вокалды, аспапты, жеке орындау, хор, оркестр; халық билері – лезгинка, гопак, сиртаки, бульба, мавриги, лендлер, мазурка, полька; кәсіби (композиторлық) музыка – әндер, аспаптық пьесалар, прелюдия, сюита, поэма, симфония, балет, опера; оркестрлер – симфониялық оркестр, оркестрлік топтардың құрамы; музыкалық аспаптар – скрипка, альт, виолончель; флейта, кларнет, гобой, фагот, труба, туба; барабан, литавра.

55. Шығармашылық тапсырмалар, барлық ішкі сезім, көңіл‑күйімен шығармаларды сезіну және музыка жайлы өзінің ойын әңгіме, сурет немесе қимылмен көрсете білу, теледидардан көрген, радиодан естіген музыкалық хабарлар жайлы өз ойын айта білу, музыкалық ертегілерден сахналық қойылымдар жасау, мектепте және басқа да музыкалық мерекелер мен фестивальдарға қатысу.





  1. 1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

56. Оқушылардың дайындығы пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелеріне қарай бағаланады.

57. Пәндік нәтижелері екі аспекттен қарастырылады: білу керек және орындай алу керек.

58. 1- сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:



  1. музыкалық сауаттылықтың негіздерін: музыкалық және ұрмалы дыбыстарды, жоғары және төмен дыбыстарды, қысқа және ұзақ дыбыстарды;

  2. музыкалық мәнерлілікті көрсететін негізгі белгілерін: тез, орташа, жай екпінділігі, динамикалық көрінісі, әуені;

  3. жанрлық ерекшеліктерін – ән, күй, би, марш;

  4. музыкалық аспаптардың аталуын (домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, балалайка, гусли, свирель);

  5. ән орындаудың негізгі ережелері.

59. 1 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:

  1. музыкалық аспаптар тембрін анықтауды;

  2. музыка шығармаларының көңіл-күйін айыра білуді;

  3. музыкалық шығармаларды тыңдауды;

  4. бағдарлама репертуарынан музыкалық шығарма мазмұнын айтуды;

  5. аспапта орындалған нақышты және таныс әндерді дауыс ырғағымен тани білуді меңгеруі тиіс;

  6. дирижердің сүйемелдеуімен ән айту;

  7. ұрмалы аспаптарда, домбырада қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орындау.



7. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
60. 2- сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын;

  2. қарапайым музыкалық терминологияны білу және оларды қолдануды;

  3. ырғақ, екпін, динамика, тембр, әуен, сүйемел (аккомпанемент), лад сынды негізгі музыкалық терминдерді;

  4. асатаяқ – қасықтар, қоңырау – бубенцы, сақпан – трещотка, даңғыра – дойра, дабыл – барабандар, сырнай – гармонь, жетіген – гусли, цимбало, домбыра – комыз – дутар сияқты музыкалық аспаптарды;

  5. шумақ және әннің қайырмасы, күйдің буыны, бүтін шығарма сынды қарапайым түсініктерді.

61. 2-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:

1) халық музыкасы, халық әні, халық күйші-композиторы ұғымдарды анықтауды;

2) вокалдық, аспаптық, жеке, хор және оркестр сынды музыка түрлерін ажырата білуді;


  1. дыбыс бояуына қарап халық аспаптары үнін меңгеруі тиіс;

  2. әнді дұрыс яғни дер кезінде бастап және аяқтау, әуен бойынша орындау, әннің тыныс белгілерін дұрыс қолдану, әннің мәтінін нақты әрі түсінікті айту, дирижердің нұсқауын түсіну;

  3. әндерді өзінің сүйемелдеуімен музыкалық аспаптарда орындай алу.


8. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
62. 3 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:

  1. жанрлардың атауларын, халықтық және кәсіби (композиторлық) музыкаға жататын жанр түрлерін;

  2. білетін шығармалардың атаулары мен олардың авторларын;

  3. әнші, сал-сері, халық композиторы сынды халық музыкасына жататын нақты ұғымдарды;

  4. музыкалық бейненің дамуына әсер ететін, музыкалық мәнерліліктің негізгі белгілерін;

  5. қазақтың халық аспаптары оркестрінің құрамын;

6) қазіргі заман Қазақстан композиторлар есімін.

63. 3 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:



  1. композитор – орындаушы – тыңдаушы – деген ұғымдарды түсінуді;

  2. халықтық және кәсіби музыка деген ұғымдарды түсінуді;

  3. халықтық және кәсіби музыканың түрлерін салыстыруды;

  4. тыңдаған шығармалардың көңіл‑күйін, жанрын аңықтауды;

  5. музыкалық терминдерді қолдана отырып шығарма жайлы өз ойын айта білуді;

  6. туған өлкедегі музыкалық дәстүрлер жайында баяндауды.



9. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
64. 4-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:

  1. жанрлардың анықтамасы, халық және кәсіби музыкаға жататын жанр түрлерін;

  2. ұлттық музыкалық мәдениеттің белгілі өкілдерін;

  3. симфониялық оркестр құрамын және оған жататын ішекті, ағаш және жезді үрмелі, ұрмалы аспаптардың атауларын;

  4. әлемге танымал театрлардың атауларын білуін;

  5. республикамыздың негізгі концерттік және театр мекемелерін;

  6. туған өлкесінің дәстүрін және өз елінің музыкалық өміріне байланысты оқиғаларды;

  7. білетін музыкалық шығармаларды есту арқылы ажыратып, олардың ұлттық ерекшелігін анықтай білуі тиіс.

65. 4-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:

  1. сыныптан, концерттен, радиодан, теледидардан көріп естіген музыкалық шығарма және орындаушы жайлы өз пікірін ашық айта білуді;

  2. музыка жайлы әңгіме қозғағанда, қарапайым музыкалық терминдерді қолдана отырып, музыкалық сауаттылығын көрсете білуін;

  3. әндер мен қүйлерді музыкалық аспапта өз мәнерінде орындауды меңгеруін;

  4. музыкалық сахналық қойылымдар жасау, мектепте және басқа да музыкалық мерекелер мен фестивальдарға қатысуын.

66.Тұлғалық нәтижелер:

  1. Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың музыкасын түсініп, бағалай білуі;

  2. қоршаған ортадағы сұлулықты сезінуі;

  3. Қазақстан музыка өнерінің жетістіктеріне мақтаныш сезімінің қалыптасуы;

  4. музыка өнері мен адам өмірінің байланысын түсіне білуі;

  5. сапалы мәдени талғамын дамытуы;

  6. өз көңіл күйімен сезімін білдіру үшін музыканы пайдалануы.

67. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер:

  1. естіген шығармасына өзінің көңіл күйі мен әсерін білдіре алады;

  2. музыканың негізгі көркемдеуші құралдарын ажыратып, музыкалық шығармаларға жалпылама талдау жасай алады;

  3. мектеп, сынып өміріндегі қоғамдық мәдени жұмыстарда белсенділік танытады

  4. қосымша деректермен өз бетімен жұмыс жасай алады;

  5. музыка өнері жайлы әңгіме жүргізе алады.

Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
blogs -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет