Бастауыш білім беру деңгейінің «Технология» білім саласы бойынша



Дата19.02.2017
өлшемі217,41 Kb.
#10966
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ



Бастауыш білім беру деңгейінің

«Технология» білім саласы бойынша

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(1– 4-сыныптар)

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.

Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Еңбекке баулу» оқу бағдарламасы – Астана, 2013. –14 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013

«Еңбекке баулу» пәнінен оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Пәннің негізгі ерекшелігі – адам және қоршаған әлем арасындағы өзара байланысы, қоғам дамуындағы адам қызметінің рөлі туралы түсініктерін, алғашқы технологиялық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Еңбек оқушы дамуының (адамгершілік, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық) ең бір басты факторы болып табылады. Осы сатыда қалыптасатын дағды оқушының одан әрі дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, меңгеретін білім және білікті белсенді түрде қабылдауы мен түсінуіне мүмкіндік тудырады.

3. Негізгі мақсаттар:

1) бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын, іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту;

2) сенсорика, қол саусақтарының кіші моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту;

3) қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту;

4) адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштігін тәрбиелеу.

4. Міндеттер:

1) алғашқы жалпы еңбек және арнайы біліктерін, еңбек және экологиялық мәдени негізін қалыптастыру;

2) ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау және қолдану үшін практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін пайдалану;

3) жеке гигиена ережесін сақтау, материалдар және құралдармен қауіпсіздік жұмыс тәсілін қолдану дағдысын дамыту;

4) өздігінен қажетті материалдардан түрлі бұйымдар құрастыру;

5) оқушылардың шығармашылық қабілетін, көркем сезімін, шығармашылық қиялын, кеңістік ой-өрісін, эстетикалық талғамы мен құрастырушылық қабілеттерін дамыту;

6) ұжымдық жұмыс істеуді ұйымдастыру.

5. Типтік оқу жоспары бойынша «Еңбекке баулу» пәніне аптасына 2 сағат, бағдарламалық материалды меңгеру үшін жылына: 1-сыныпқа – 66 сағат, 2–4-сыныптарға 68 сағат қарастырылған.

6. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру кезінде оқушылар басқа пәндерден алған біліктіліктері мен дағдыларын еңбекке баулу сабағында пайдалана алады:

1) қазақ тілі, әдебиеттік оқу. Көркем шығармаларды оқи отырып, сәндік-қолданбалы өнер туралы мәліметтермен танысу, білімін тереңдету, өз еңбегінің нәтижесін ауызекі тілде толық, нақты, жүйелі жеткізе білу;

2) математика. Бұйымдарды жасауда өлшем бірліктерін қолдану;

3) дүниетану. Табиғатқа саяхат барысында табиғи материалдармен танысу, оларды жинау, табиғи құбылыстар туралы мағлұматтар алу;

4) бейнелеу өнері. Бұйымдар мен заттардың пішінін, түсін салыстыру, сызу, бояу, сурет салу, мүсіндеу жұмыстарын орындау, үйлесім туралы түсінігін тереңдету, оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, бұйымдардың шығу тарихымен танысу;

5) дене шынықтыру. Қол саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту, бұлшық еттерді шынықтыру, жұмыс істеу барысында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау ережесімен танысу және оны орындау арқылы пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

2. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны
7. Еңбекке баулу пәнінің білім мазмұны екі бөлімнен тұрады:

1) техникалық еңбек. Табиғи материалдармен жұмыс, ермексаз, қағаз және қатырма қағазбен жұмыс, техникалық құрастыру, тоқыма материалдармен жұмыс;

2) көркем еңбек. Ұлттық киімдер, зергерлік өнер және ұлттық бұйымдармен танысу.

8. «Техникалық еңбек» бөліміне 40 сағат берілген.

9. Табиғи материалдармен жұмыс (10 сағат):

1) табиғатқа саяхат. Табиғи материлдардың түрлері мен оны сақтау жағдайы;

2) табиғи материалдардан түрлі аппликация жасау. Аппликация жасау реті. Үлгі бойынша жұмыс түрлері;

3) аппликация жасауда кептірілген түрлі жапырақтар, тұқымдардан және гүлдерден аппликация дайындау;

4) мозайка туралы мәлімет. Ұсақ тастардан «қадам» және «табақша» құрастыру.

10. Ермексазбен жұмыс (10 сағат):

1) ермексазбен жұмыс істеу ережесі мен тәсілдері (жұмсарту, домалақтау, созу, сопайту, басу, тегістеу, бөлшектерді біріктіру). Қажетті құрал-жабдықтар;

2) ермексаздан түрлі құрамақтар жасау реті;

3) ермексаздан түрлі мүсіндеме жасау;

4) үлгі бойынша мүсіндеу: домалақ, сопақ пішінді заттар (жемістер, көкөністер, ойыншықтар т.б). Құрастыру реті мен жұмыс жоспары.

11. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс (14 сағат):

1) қажетті құрал-жабдықтар. Қауіпсіздік ережесі;

2) тізбек құрастыру тәсілі. Қағазды қатпарлап бүктеу, қию тәсілдері;

3) үлгіні пайдалану (тілше, дөңгелек пішінді құрамақтар, шам, ат т.б.). Жұмыс істеу тәсілдері;

4) қалып үлгіні пайдаланып түрлі пішіндер жасау. Пішінді белгілеу, салу, кесу. Шартты белгілер;

5) пішіндерден түрлі фигуралар құрастыру. Бөлшектерді құрастыру реті, желімді дұрыс пайдалану;

6) қағаз және қатырма қағаздан түрлі ойыншықтар жасау, аппликация құрастыру;

7) түрлі түсті қағазбен жұмыс түрлері (өрнектер, фигуралар, мозаика, аппликация);

8) қағаздан көркем бұйымдар модельдеу. Құттықтау хаттарын безендіру. Оригами құрастыру (сулық, саңырауқұлақ, мысық, күшік).

12. Техникалық құрастыру (2 сағат):

1) үлгі, схема, сурет бойынша (материалдар: қатырма қағаз, қораптар, жіп, желім, ермексаз және т.б.) түрлі ойыншықтар құрастыру (әткеншек, қоларба).

13. Тоқыма материалдармен жұмыс (4 сағат):

1) маталар туралы қысқаша мәлімет. Қажетті құралдарды пайдалану және қауіпсіздік ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау;

2) матаның өңі мен теріс бетін анықтау. Шаршы пішінді мата қиып алу, шетін шашақтау;

3) жіптің түрлері және оның ұзындығын анықтау, үзу, инеге жіпті сабақтау, ұшын түю әдістерін орындау. Тігін және тоқыма жіптерінің ерекшеліктері, қолданылуы;

4) иненің түрлері. Тігіс түрлерін орындау: инені ілгері, кері шаншып тігу, көктеп тігу. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру.

14. «Көркем еңбек» бөліміне 24 сағат берілген.

15. Ұлттық киімдер (6 сағат):

1) ұлттық киімдермен (қазақ, орыс және т.б. халықтардың) танысу, қысқаша мағлұмат;

2) қағаздан аппликация (сәукеле, тақия, бөрік) жасау.

16. Зергерлік өнер (6 сағат):

1) зергерлік бұйым үлгілерімен таныстыру, әшекей бұйымдарды жасауға қолданылатын материалдар;

2) фольга туралы түсінік. Фольгадан, кәмпит қағаздарынан түрлі әшекейлі бұйымдар құрастыру (алқа, моншақ, жүзік және т.б.);

3) қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау.

17. Ұлттық бұйымдар (12 сағат):

1) ұлттық бұйымдар туралы жалпы түсінік, олардың ерекшеліктері. Ұлттық бұйымдарды ою-өрнектермен безендіру (сырмақ, құрақ көрпе, жастықша, т.б. бұйымдар жасау);

2) мата және жіпті қолданып түрлі бұйымдар жасау;

3) тоқыма жіптен шашақ жасау;

4) геометриялық фигураларды қолдана отырып әр түрлі мата түрлерінен композиция құрастыру;

5) кестелеп тігу тәсілдері;

6) сәндеу. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру;

7) қауіпсіздік ережелерін және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.

18. Қорытынды. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру (2 сағат).

3. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
19. Еңбекке баулу пәнінің білім мазмұны екі бөлімнен тұрады:

1) техникалық еңбек. Табиғи материалдардан құрамақ құрастыру, мозаика құрастыру, орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру, сызба-суретпен жұмыс істеу, қағаздан бұйым құрастыру, техникалық модельдеу және құрастыру, матамен жұмыс;

2) көркем еңбек. Ұлттық киіммен танысу, ұлттық зергерлік бұйымдар, ұлттық ою-өрнектерінің ерекшеліктері, ермексазбен жұмыс.

20. «Техникалық еңбек» бөліміне 42 сағат берілген.

21. Табиғи материалдардан құрамақ құрастыру (14 сағат):

1) табиғи материалдардың алуан түрлілігі. Табиғи материалдарды жинақтау. Еңбекке қажетті құрал-саймандар;

2) берілген үлгіні қағазға түсіру ережесі. Табиғи материалдарды пайдаланып түрлі бұйымдар жасау;

3) орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру. Бөлшектерді біріктіру тәсілі. Бұйымдарды жасау схемасы;

4) үлгі бойынша жасау (саңырауқұлақ, бұғы, қой, ат, тасбақа). Пайдаланған материалдардың қасиетін анықтау;

5) табиғи материалдарды қолдана отырып кейіпкерлер бейнесін құрастыру. Қолданылатын құралдар мен материалдар. Бұйымдарды дайындау реті. Бөлшектерді біріктіру тәсілі;

6) бұйымдарды ермексазбен біріктіру түрлері (ермексазбен біріктіру, желімдеу);

7) мозаика құрастыру. Ұсақ тастардан мозаика құрастыру. Мозаика құрастыру реті (мысық, балық, қадам-жол, табақ);

8) малта тастардан қарапайым өрнектер, бейнелер құрастыру. Малта және ұсақ тастардан түрлі мозаика құрастыру. Мозаика құрастыру реті.

22. Қағаздан бұйым құрастыру (12 сағат):

1) қағаздың шығу тарихынан қысқаша мәлімет. Қазіргі кезде қағазды дайындау. Қағаздан бұйымдарды жасау ережесі мен реті;

2) сызба-суретпен жұмыс істеу. Қажетті құралдар. Материалды үнемді пайдалану;

3) өлшеу. Қалып үлгі, трафарет, торкөз, бүктеу сызығы бойынша белгілеу. Суретті қию. Сурет бойынша бұйымды құрастыру;

4) симметрия және асимметрия туралы түсінік. Симметриялық және асимметриялық аппликация жасау. Табиғатта кездесетін симметриялық заттар;

5) дөңгелек пішіннен аппликация құрастыру. Қағаз және қатырма қағаздан бұйымдар жасау;

6) оригами. Мыжылған қағаз, жұлынған қағаздан әртүрлі бейне, композиция құрастыру;

7) қағазды сұлба бойынша жырту, ғажайып бейне жасау;

8) сюжетті аппликация;

9) жолақтардан құрастыру және модельдеу. Қағаз жолақшаларынан мерекелік күндерге арнап ойыншықтар жасау, қозғалмалы модельдер құрастыру.

23. Техникалық модельдеу және құрастыру (6 сағат):

1) техникалық модельдеу және құрастыру туралы мәлімет. Металл құрастырғыш бөлшектер;

2) сурет бойынша түрлі ойыншықтарды модельдеу және құрастыру. Жылжымалы және жылжымайтын құрастырмалардың байланысуы (экскаватор, тікұшақ, т.б.);

3) «Лего» құрастырғыштарынан түрлі бұйымдар құрастыру. Әртүрлі материалдардан құрастыру (парашют, батпырауық).

24. Матамен жұмыс істеу (10 сағат):

1) табиғи және жасанды маталар туралы мәлімет. Қазақстанда мақта өсетін өңір туралы қысқаша мағлұмат;

2) мата түрлері. Жіп туралы мәлімет. Жіппен жұмыс түрлері. Жіптен, тоқыма баудан, иірілген жіптен модельдеу, өрнектер элементтерін құрастыру, аппликация жасау (тырна, мысық аппликациясын құрастыру, түйме-шашақ жасау, бетбелгі өру);

3) түйме қадау. Тігіс түрлері (торлап, көмкеріп (жөрмеп) тігу);

4) матаны өлшеу, тігуге дайындау (тұтқыш, құрт дорба), өрнектеу;

5) матадан аппликация жасау: бөлшектерді дайындау, белгілеу. Тақырыптық, сюжеттік аппликация құрастыру;

6) түрлі ойыншықтар. Дөңгелек пішінді жұмсақ ойыншықтар жасау (қауын, қарбыз, гном, бауырсақ). Ойыншықтар жасау реті. Қауіпсіздік ережелері: ине және қайшымен жұмыс істеу;

7) қазақ халқының және Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық кестесі туралы мәлімет;

8) ою-өрнекті матаға түсіру тәсілі, кестелеу, материал таңдау. Кестеленген бұйымдар түрлері.

25. «Көркем еңбек» бөліміне 24 сағат берілген.

26. Ұлттық киіммен танысу (6 сағат):

1) наурыз мерекесі. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің тарихы туралы қысқаша мәлімет;

2) ою-өрнектердің Қазақстан халықтарының киімдерінде қолданылуы. Қазақ ою-өрнектерінің шығу тарихынан («Айша бибі», «ботамойын», «құсқанаты» ою-өрнектері);

3) қазақ ою-өрнектерінің киімде орналасуы (қамзол, белдемше, жилет).

27. Ұлттық зергерлік бұйымдар (4 сағат):

1) ұлттық зергерлік бұйымдар туралы мағлұмат;

2) зергерлік бұйымдар түрлері (шашбау, білезік, сырға, жүзік, салпыншақ).

28. Ұлттық ою-өрнектерінің ерекшеліктері (6 сағат):

1) Қазақстанда тұратын халықтарының киім өрнектерінің ерекшеліктері;

2) сым-темірден зергерлік бұйымдар жасау. Ою-өрнекті дұрыс пайдалану;

3) қатырма қағаздан, ою-өрнекпен безендіріп, көлемді бұйымдар жасау (шыны аяқ, қобдиша);

4) геометриялық пішін ою (аяқ қап, кілемше модельдеу).

29. Ермексазбен жұмыс (8 сағат):

1) ермексазбен жұмыс істеу кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау. Ермексазды үнемді пайдалану. Қолданылатын құралдар;

2) түрлі-түсті ермексазды пайдаланып жануарлар бейнесін құрастыру;

3) ермексаздан ыдыс-аяқ сомдау (кесе, қасық, тегене, құмыра).

30. Қорытынды. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру (2 сағат).



4. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
31. Еңбекке баулу пәнінің білім мазмұны екі бөлімнен тұрады:

1) техникалық еңбек. Табиғи материалдар, қағаз және қатырма қағаз, тоқыма материалдармен жұмыс, техникалық модельдеу;

2) көркем еңбек. Ұлттық киімдер, ермексаз және қағазбен жұмыс түрлері, сәндік бұйымдарды құрастыру тәсілдері, ұлттық бұйымдар туралы мағлұмат.

32. «Техникалық еңбек» бөліміне 34 сағат берілген.

33. Табиғи материалдармен жұмыс (12 сағат):

1) жұмыс орнын дайындау. Еңбек қауіпсіздік ережесін сақтау. Еңбек мәдениеті ережесі;

2) табиғатты бақылау. Табиғаттан үйрену. Табиғат және адам қолымен жасалған әлемнің байланысы;

3) үлгі схема бойынша түрлі табиғи материалдардан бұйымдар құрастыру. Құрастырылған заттардың айрықша ерекшеліктерін түсіндіру;

4) қауырсыннан, қайыңның қабығынан құрастырудың ерекшеліктері (құс, күшік, гүл);

5) қиял аппликациясын жасау. Композиция;

6) мозаика. Дән тұқымынан мозаика құрастыру;

7) аппликация құрастыру.

34. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс (12 сағат):

1) адамның өмірі үшін қағаздың рөлі. Қағазды жасауда қолданылатын шикізат. Қағазды үнемді пайдалану;

2) сызба. Сызбаны қолданатын мамандар туралы мағлұмат. Сызба сызықтары. Сызықтарды пайдалану үлгілері. Белгілеу және өлшеу. Қолданылатын құралдар: сызғыш, қарындаш, трафарет, циркуль;

3) шеңбер. Шеңберді пайдаланып қағаздан түрлі бұйымдар құрастыру;

4) қағаздан құрамақтар, бұйымдар, қозғалатын ойыншықтар құрастыру. Құрастыру реті;

5) фольга. Фольганың шығу және оны қолданатын өнеркәсіп туралы қысқаша мәлімет. Фольгадан түрлі пішінді ойыншықтар құрастыру (құлын, барыс). Жұмысты орындау реті, қолданылатын құралдар;

6) қатырма қағаз. Қатырма қағазбен жұмыс. Қауіпсіздік ереже;

7) қағаз және қатырма қағазды пайдаланып түрлі тақырыптағы композиция, қызықты ойыншықтар, геометриялық пішіндер құрастыру;

8) жобалық жұмыс.

35. Тоқыма материалдармен жұмыс (6 сағат):

1) мата туралы алған білімдерін қайталау. Матамен жұмыс істеуде қажетті құрал-жабдықтар. Мата қиындығынан үй шаруашылығына қажетті бұйым дайындау;

2) тігіс түрі: айқас, шынжыр. Айқас және шынжыр тігістерінің орындалу реті. Қауіпсіздік ережені сақтау;

3) сыртетпе, ілгек пен ілмек қадау;

4) кестелі панно дайындау. Тігіс түрлерін пайдалана отырып, әртүрлі бұйымдар тігу;

5) жұмсақ ойыншықтар тігу.

36. Техникалық модельдеу (4 сағат):

1) адамның өз еңбегіне қажетті түрлі техникалық машиналарды пайдалануы және оның шығу тарихы туралы қысқаша мәлімет (самокат, велосипед);

2) металл құрастырғыш бөлшектерінен ойыншықтар құрастыру;

3) ұшу аппараты тарихынан. Ұшақ туралы қысқаша мағлұмат. Үлгі бойынша ұшақ, зымыран құрастыру. Құрастыру реті. Құрастырғыш бөлшектері. Бөлшектерді біріктіру тәсілдері;

4) ұжымдық жұмыс (жоба).

37. «Көркем еңбек» бөліміне 32 сағат берілген.

38. Ұлттық киімдер (5 сағат):

1) наурыз мерекесі;

2) ұлттық киімдер. Қазақ, орыс және ұйғыр халқының ұлттық киім үлгілері;

3) киім үлгілері мен ою-өрнектері арасындағы ерекшеліктер;

4) түрлі-түсті қағаздарды (қатырма) пайдаланып үлгі бойынша ұлттық киім моделдерін құрастыру.

39. Ермексаздан ыдыс жасау (6 сағат):

1) ыдыс жасау. Ыдыс жасау тарихына қысқаша шолу;

2) ыдыс дизайны;

3) ермексаз, қағаз және қатырма қағаздан ұлттық нақыштағы ыдыс жасау;

4) қағаздан ыдыс құрастыру.

40. Сәндік бұйымдар құрастыру (4 сағат):

1) ұсақ моншақ тарихынан қысқаша мәлімет. Сәндік бұйымдар үлгілерін жасайтын суретшілер және сәнгерлер;

2) ұсақ моншақтан әшекейлі бұйымдар құрастыру. Сәндік бұйымдарды құрастыруға қажетті материалдар және оны жасау реті;

3) әшекейлі бұйымдар жасауда ермексаз қолдану. Қолөнер шеберлерінің әшекейлі бұйымдарымен танысу.

41. Ұлттық бұйымдар (6 сағат):

1) қазақтың үй жиһаздары: кілем, тұскиіз;

2) түрлі бейнелі өрнектерді пайдалануы. Шеңбер, шаршы ішінде қарапайым ою-өрнекті салып орналастыру, оны жасау жолдары.

42. Тоқыма материалдармен жұмыс түрлері (3 сағат):

1) көркем құрастыру. Үлгі бойынша дорба құрастыру;

2) қуыршаққа арналған киімдер модельдеу;

3) композиция құрастыру.

43. Әртүрлі материалдардан бұйымдар мен фигуралар құрастыру (8 сағат):

1) табиғи материалдар, композиция туралы білімдерін, сымнан құрамақ құрастыру дағдыларын кеңейту. Қажетті материалдар мен құрал-саймандарды таңдау. Еңбек қауіпіздік ережесін сақтау;

2) табиғат ғажайыптары. Табиғи материалдардан түрлі тақырыптағы композиция құрастыру;

3) үлгі бойынша шиден ыдыс қойғыш тоқу;

4) кепкен өсімдіктерден гүл шоғын құрастыру. Құрастыру реті және дайындау технологиясы;

5) сымнан құрастыру. Сымнан қысқы спорт түрлерімен айналысатын спортшылардың, биші қыздардың қимыл-қозғалысын көрсететін силуэттер құрастыру. Қолданылатын материалдар түрлері;

6) силуэтті жасау технологиясы.

44. Қорытынды. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру (2 сағат).



5. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
45. Еңбекке баулу пәнінің білім мазмұны екі бөлімнен тұрады:

1) техникалық еңбек. Қағаз және қатырма қағаз, тоқыма материалдар, табиғи материалдармен жұмыс, техникалық модельдеу үлгілері.

2) көркем еңбек. Көркем еңбек туралы білік пен дағдыларын кеңейту.

46. «Техникалық еңбек» бөліміне 42 сағат берілген.

47. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс (12 сағат):

1) қатырма қағаз туралы қысқаша мағлұмат. Қатырма қағаздың жасалуы және оның түрлері;

2 ) қатырма қағаздың жай қағаздан айырмашылығы, оны пайдалану мақсаты. Қатырма қағазбен жұмыс кезіңде қауіпсіздік ережені сақтау;

3) қатырма қағазға түрлі өрнектер салу және оны қию. Оюдың жасалу тәсілі;

4) модель құрастыру. Модельді құрастыру тәсілі, қажетті құрал-жабдықтар;

5) қатырма қағаздан тоқылатын бұйымдар құрастыру.

48. Тоқыма материалдармен жұмыс (12 сағат):

1) мата түрлері, олардың алыну жолдары, пайдаланылуы, қасиеттері туралы білімдерін тереңдету;

2) табиғи және жасанды маталар. Жасанды маталар, олардың ерекшелігі, қасиеттері және алыну жолдары;

3) қол тігісі түрлері (көркемдік тігістер);

4) жіппен бейнелеу тәсілімен таныстыру. Қажетті құрал-жабдықтар. Қауіпсіздік және санитарлық-гигиеналық ережені сақтау;

5) жұмсақ ойыншықтар тігу. Ойыншықтың пішініне талдау жасап, оның бөлшектерін атау. Материал таңдап, оны жұмысқа дайындау;

6) бөлшектерін пішу, біріктіріп тігу. Жеке бөлшектеріне пішін беру.

49. Табиғи материалдармен жұмыс (12 сағат):

1) табиғи материалдардың түрлері және одан жасалатын бұйымдар. Санитарлық-гигиеналық ереже;

2) табиғи материалдардан панно, композиция, түрлі бұйымдар жасау. Қажетті материалдар, құрал-жабдықтар, орындау реті;

3) кептірілген өсімдіктермен орындалатын жұмыс түрлері;

4) тал шыбығынан қарапайым бұйым тоқу;

5) тоқу технологиясы.

50. Техникалық модельдеу (6 сағат):

1) түрлі материалдардан модельдеу. Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар. Қауіпсіздік ереже;

2) пластмасса қорабынан әсем ойыншықтар жасау. Ойыншықтарды жасау тәсілі;

3) «Лего» құрастырғыш бөлшектерінен модельдер құрастыру.

51. «Көркем еңбек» бөліміне 24 сағат берілген.

52. Ұлттық киімдер мен бұйымдар (12 сағат):

1) қатырма қағаз, мата, фальганы қолданып қазақтың ұлттық қуыршағын, ұлттық бас киімдерінің түрлерін жасау;

2) ұлттық бұйымдар: сырмақ сыру, түскиіз, жастықша тігу және т.б. Қажетті құрал-материалдар және оны орындау тәсілі;

3) үй жиһаздары – сандық, диван, стол, жүкаяқ, кебеже жасау. Заттардың қолданылуы, тұрмыста атқаратын қызметі туралы қысқаша мәлімет;

4) ермексаздан музыка аспаптарын, аттың ер-тұманын жасау. Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау;

5) қазақ халқының музыка аспаптары, ат әбзелдері туралы тарихи шолу.

53. Әртүрлі материалдардан бұйымдар құрастыру (12 сағат):

1) әртүрлі материалдар (былғары, пластмасса, тері, сумоншақ, қамыс, мамық материалдар, синтетикалық материалдар (паралон, пенопласт) және т.б.) туралы қысқаша мағлұмат беру;

2) әртүрлі материалдардан бұйымдар жасау: гүлдер, ойыншықтар, қасық, кәмпит, гүл салатын ыдыстар, және т.б.;

3) композиция және панно құрастыру. Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау, санитарлық-гигиналық талаптарды орындау.

54. Қорытынды. Шығармашылық жұмыс (2 сағат).

6. 1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
55. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар:

1) қазақтың ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдары туралы қысқаша мағлұматты;

2) еңбек сабағына қажетті құралдар мен материалдардың атауын.

56. 1-сыныптың соңында оқушылар:

1) табиғи материалдардан қарапайым бұйымдар жасауды;

2) ермексаздан түрлі мүсіндеме жасауды, оның жасалу жолдарын;

3) үлгі бойынша қағаздан түрлі ойыншықтар, аппликация, құрамақтар құрастыруды меңгеруі қажет.

7. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
57. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар:

1) пайдаланатын материалдардың қасиеттерін анықтауды;

2) қайшы және инемен жұмыс істеу қауіпсіздік техникасын;

3) жіптен, баудан жасалатын заттар туралы;

4) ұлттық зергерлік бұйымдары мен ою-өрнектер туралы қысқаша мағлұматтарды;

5) матадан ойыншықтар жасау ретін;

6) қағаздың адам және өндірістегі рөлі туралы;

7) сызба үшін қолданылатын құралдарын атауларын;

8) тамбур тігісінің түрлерін;

9) мата туралы қысқаша мағлұматты.

58. 2-сыныптың соңында оқушылар:

1) қағаздан аппликация құрастыруды;

2) модельдерді құрастыруды;

3) үлгі бойынша қағаз және сымнан сәндік бұйымдар жасауды;

4) ермексаздан сурет-сызба бойынша сомдауды меңгеруі қажет;

5) түйме қадауды;

6) табиғи материалдарды таңдауды және үлгі бойынша құрастыруды.

8. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
59. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар:


  1. табиғат және адам қолымен жасалған заттар туралы;

  2. қағаздың адам өмірі, өндіріс мекемесі үшін рөлі туралы;

  3. сызбада қолданатын құралдардың атауын;

  4. мата туралы мағлұматты;

  5. ұсақ моншақ шығу тарихынан қысқаша мағлұматты.

60. 3-сыныптың соңында оқушылар:

  1. қағаз және қатырма қағаздан түрлі бұйымдар, геометриялық пішіндер, ойыншықтар, ұлттық киім үлгілерін құрастыруды;

  2. үлгі бойынша легоқұрастырғыш бөлшектерінен ұшақ, зымыран құрастыруды;

  3. ермексаздан ұлттық нақыштағы ыдыстар, әшекейлі бұйымдар жасауды;

4) қуыршаққа арналған киімдер модельдеуді меңгеруі қажет.

9. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
61. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:

  1. еңбек сабағына қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар атауын;

  2. қатырма қағазды пайдалану мақсатын білуі қажет.

62. 4-сыныптың соңында оқушылар:

  1. қатырма қағаз, мата, фальга, ермексаз, пластмасса немесе шыны бөтелкесі, түймелер, жіп, ұсақ моншақтардан тоқылатын бұйымдар, жаңа жылдық маска, композиция, панно, бағдарлама көлемінде берілген басқа да түрлі заттар жасауды;

  2. матадан қарапайым ойыншықтар жасау мен киім үлгісін пішу және тігуді;

  3. кесте тігу түрлерін, жіпті түйіндеуді;

  4. кептірілген өсімдіктерден панно жасауды меңгеруі қажет.

63. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

1) түрлі ойыншықтар, құрамақтар және аппликация жасау кезінде қауіпсіздік ережесі мен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау білімінен;

2) еңбек сабағында қарым-қатынас жасай білу дағдысынан;

3) еңбекке деген ынта-ықылас білігінен;

4) қазақ халқының ою-өрнегі, ұлттық зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер мен салт-дәстүрге құрметпен қарау білімінен;

5) түрлі тақырыптағы композиция, мозаика құрастыру, бұйымдар жасау дағдысынан;

6) қазақтың ұлттық үй жиһазы, музыка аспаптары, ат әбзелдері туралы білімінен көрінеді.

64. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:



  1. көркем және техникалық қабілеттілігі бойынша жеткен жетістігі мен түрлі әдістерді қолдану білігінен;

2) бұйымдарды құрастыруда қарапайым дағдыларды пайдаланудан;

3) еңбекке қажетті құралдар мен материалдарды дұрыс қолдану дағдысынан;

4) әртүрлі материалдардан бұйымдар, фигуралар құрастыру және модельдеу білігінен;

5) бұйымдарды бірізділікпен орындау дағдыларынан көрініс табуы қажет.




Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет