Бастауыш мектепте бейнелеу өнерді оқытудың теориясы мен технологиясы



бет50/98
Дата12.09.2020
өлшемі1,01 Mb.
#63663
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   98
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ


  1. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы

  2. Элькониннің дамыта оқыту технологиясы

  3. Занковтың дамыта оқыту технологиясы

  4. Ұжымдық оқыту

  5. Модулді оқыту

  6. Біріктіре оқыту

  7. Саралай оқыту

  8. Бағдарламалап оқыту

  9. Жеке оқыту

  10. Білімді толық игерте оқыту

  11. Оқу дидактикалық бірліктерді ірілете оқыту

  12. Проблемалық оқыту

  13. Интерактивті оқыту

  14. Түсіндіре-көрсете оқыту

  15. Милы атқылау әдістерімен оқыту

  16. АРИЗ негізінде оқыту

  17. ТРИЗ негізінде оқыту

  18. Имитациялық ойындармен оқыту

  19. Қашықтықта оқыту

  20. Ақпараттық технологияда оқыту

Бақылау сұрақтары:

  • бейнелеу өнерінің білім беру стандарты дегеніміз не?

  • Мектептегі бейнелеу өнерінің түрлері;

  • Оқытудың мазмұны дегеніміз не?

  • Оқытудың құралдары дегніміз не?

Әдебиет:


  1. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. М.,1982

  2. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М.,1993

  3. Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. М., 1998

  4. Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. М., 1982

12- Лекция. 1-4 сыныптарда натурадан сурет салу әдістемесі.

Мақсаты: натурадан сурет салу әдістемесіне үйрету.

Лекция мазмұны.


Натурадан сурет салу тапсырмасының екі түрі болады: ұзақ уақытта орындау және қысқа мерзімде орындау болып табылады. Бірінші тапсырма бірнеше сабаққа созылса, екінші тапсырма 5-10 минутқа созылады. Бейненің нобайы, наброскасы сабақтың басында, ортасында және соңында орындалуы мүмкін. Оқушының есін және кеңістікті ойлау қабілеттерін дамыту үшін натурадан сурет салу кезінде есі және ұғынуы бойынша да сурет салуға көңіл бөлу керек.

1-2 сынып оқушыларына предметтің кеңістікте орналасуын, формасын, пропорциясын, түсін анықтап бейнелеуге бағытталған орынды. Предметтің аумақтылығын беру, натурадан сурет салу фронтальды жағдайда орынадалады.

3-4 сыныптарда бейне кескіндерін перспектива заңдарына негізделе орындауға көшеді. Олай болса дененің бетіндегі аумақтылық жарық түсі мен көлеңкелері арқылы орынадау қажет етеді. Яғни, суретті орындау фронтальды жағдайда ғана емес, сонымен бірге бұрышты перспективада кескіндеу де орын алуы тиіс.

1 сынып оқушылары түс бойынша, олардың түрін тануға үйренсе, 2 сыныпта оқушылар хроматикалық және ахроматикалық, жылы және салқын түстермен танысады.

Натураларды сабақтарда отыратын столдың биіктігінен төмендеу жерде қойылады. Натураның өлшемдері үлкен емес, сондықтан көп натура болса, оларды әрбір оқушының столына қоюға да болады. 1-2 сыныптарға арналған тапсырмалар: натурадан сурет салу, еспен салу, ұғынуымен салу болып табылады. Негізгі объектілерге: жазық предметтер, ойыншықтар, әшекейлі бұйымдар жатады. 2 сынып оқушыларына қарапайым геомтериялық предметтерді орындауға бағытталған орынды. Мысалы, шарауашылық қарапайым аспаптар, құс, жануар, балықтар, сонымен бірге, сфералы предметтерді де орындатуға болады. 3-4 сыныптарда үш өлшемді предметтерді салуға үйрету керек. Яғни, перспектива заңдылықтарына негізделе дененің аумақтылығын және көлемділігін өң түстермен беру.

Бақылау сұрақтары:



  • оқытудың әдістемесі деген не?

  • Натурадан сурет салу әдістемесінің мазмұны.

Әдебиет:

  1. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. М.,1982

  2. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М.,1993

  3. Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. М., 1998

  4. Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. М., 1982

13- Лекция. 1-4 сыныптарда декоративті жұмыстар сабағының әдістемесі.

Мақсаты: декоративті суреттерді орындаудың әдістемесіне үйрету.

Лекция мазмұны.


Сәндік – қолданбалы өнер сабағында алғашқы сабақтарда, оның даму тарихы, түрлері және мұра болып сақталған бұйымдармен таныстуры мазұнда өткені дұрыс. Бұл сабақтың практикалық жұмыстарында өрнектерді салу, жолақ бетте қайталанатын бейнеде тапсырма орындайды. Бұл тапсырмалар бірінші сынып оқушыларына тән. Бірінші жарты жылдықта өрнектерді үлгілер бойынша көшіріп салатын болса, екінші жарты жылдықта өзбетімен жолақтарға өрнектерді құрастыруға кіріседі. Екінші сывныптарда ою композицияларын жазық бетке салуға үйретілуі тиіс. 3-4 сыныптарда бұйым бетіндегі оюларды кескіндеуге үйренеді. Сондай –ақ, бұйым бетіндегі ою композициясын құру өз бетімен орындалады.

Сабақ барысында бейнелеудің бірнеше құралдарымен жүзеге асырылады: акварель, түсті қалам, гуашь, түсті қағазда және т.б..

3-4 сыныптарда оқушыларға үйрететін оқу материалы әсемдеу техника түрлерімен танысады. Мысалы, ағаштан жасалған бұйымдардың бетін әсемдеу түрлері, бояу, кесу, нақыштау, мозайка, маркетри , металдан, зергерлік жұмыстар, чеканка, металлопластика және т.б...

Бақылау сұрақтары:

- декоративті суреттерді орындаудың мазмұны.

Әдебиет:


  1. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. М.,1982

  2. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М.,1993

  3. Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. М., 1998

  4. Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. М., 1982

14- Лекция. Бейнелеу өнер шығармалары мен даму тарихымен танысу әдістемесі.

Мақсаты: бейнелеу өнер шығармаларымен таныстыру әдістемесіне үйрету.

Лекция мазмұны.


Оқу бағдарламасы бойынша бейнелеу өнер тарихымен таныстыруда оқушы туынды жұмыстардың мазмұнымен таныса отырып, өздерінің ойларын ортаға салуға бағытталған.

Бірінші сабақтарда шығарма жұмыстардың ішідегі табиғат көрінісіне байланысты картина мазмұнымен таныстырады. Тақырып міндетті түрде жалпылама түрде болғаны орынды. Бұл сабақта әңгіме және пікір алысу мазмұнды өтеді. Суретшілердің жұмыстарымен таныстыруда бейне кескіндері реалды жағдайда болады. Сол реалды жағдай оқушының табиғаты түсінуге, оны сүюге, қадірлеуге сияқты қасиеттер белгіліері қалыпатсады. Сабақ барысында жұмыспен танысу үшін мұғалім нәзік, жай мәнердегі музыка қоюда ұтымды тәсіл бола алады. Музыка сол жұмыстың мазмұнына сәйкес келуі тиіс. Олай болса мұғалім сабаққа қажетті барлық шарттар жасауы тиіс.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес картина мазмұны таңдалуы дұрыс. 1-2 сыныптарға жұмыстың мазмұны жалпылама түрде болса жоғары бастауыш сыныптарға оның терең мазмұны, суретшінің танымдық ойларына көңіл бөлінеді. Сондай – ақ, картинамен таныстыру барысында оқушыларған мұғалім шығарма жазған суретшінің өмірі мен шығармашылық жұмысына да тоқталған жөн болады.

Екінші класста бейнелеу өнерінің түрлерін ажыратуға, көркемдік формаларын түсінуге, мазмұнын ұғынуға, өзінің көзқарасын айта білуге үйрету болып табылады. Бұл сыныпта сәндік – қолданбалы өнер түріне ерекше көңіл аударылады. Пікір алысу кезінде оқушылардың ұғымдарды дұрыс меңгеруге, оның практикадағы мәніне көбірек көңіл бөледі.

Үшінші сыныпта пікір алысу кезінде бейнелеу өнерінің шығармаларындағы ерекшелік белгілерін тануға, оларды бірі – бірінен ажырата алуға үйретеді. Шығарма жұмыстарының мазмұнын айта алу сияқты біліктілікке үйретеді.

өнер туралы пікір алысу сабақтары әр алуан. Соның ішіндегі кең тараған түрі, сабақтың басында пікір алысу, яғни, мұғалім пікір алысудың тақырыбын баяндайды. Суретшінің қандай шығармаларын білесіңдер, оларды қандай көрмеде көрдіңдер. Оның мазмұнын айтып беріңдер.

Келесі сатыда сол суретшінің жұмысын талдауға кіріседі. Сол тақырыпта көптеген картиналарды демонстрациялайды. Олардың авторларын және тақырыптарын атайды. Ол картиналар туралы оқушыларға сұрақтар қояды.

Сабақты бекітуде картинаның мазмұны туралы көптеген сұрақтар дайындап оларға қояды. Оның мазмұны туралы дұрыс жауап берген оқушыларға баға қояды.

Бақылау сұрақтары:


  • бейнелеу өнер шығармаларымен таныстыру формалары;

  • бейнелеу өнер шығармаларымен таныстыру әдістемесінің мазмұны.

Әдебиет:

  1. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. М.,1982

  2. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М.,1993

  3. Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. М., 1998

  4. Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. М., 1982

15 – Лекция. Бейнелеу өнер бойынша сабақтан тыс жұмыстардыә әдістемесі.

Мақсаты: сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне үйрету.

Лекция мазмұны.


Бастауыш сынып оқушыларына арналған сабақтан тыс жұмыстардың міндеттері:


  • Бейнелеу өнер құралдарының түрлерімен баланың эстетикалық қасиеттерін дамыту;

  • Оқушылардың бейнелеу өнерге қызығушылығын және бейімділігін дамтыа, дүниенің әсемдігін тануға үйрету;

  • Бейнелеу өнер сабағындағы біліктілігін арттыру;

  • Оқушының көркемдік-шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту.

Баланың сабақтан тыс жұмыстарының бір формасы үйірме. Үйірме сабағында оқушының жасына қарамай, әртүрлі жастағы оқушылар бірге шұғылданады. Бейнелеу өнер құралдарының әр алауан түрлері қолдануға мүмкіндік алады. Бейнелеу өнер түрлерімен, жанрларымен терең және кең түрде таныса алады. Үйірме жұмысында оқушылар тақырып бойынша қалаған тапсырмалар орындауға мүмкінді алады. Кейде жұмыстарды топ болып орындайды.

Сабақтан тыс жұмыстың мәнді бір түрі мұражайға, көрмеге, суретшілердің шеберханасына саяхаттау. Ол формадағы сабақтан тыс шара оқушының сабақта алған білімін кеңейтеді, эстетикалық талғамын дамтады, шығармашылық қиялын қалыптастырады. Саяхаттауға дейін мұғалім оның жоспарлы жұмыстар орындап алады. Сабақтың жоспарын жасап, сол объектіге барып экспозициялармен танысып алуы керек.

Сабақтан тыс жұмыстағы кең тараған форма – бейнелеу өнері туралы әңгімелесу. Оқушылардың қызығушылық қасиеттеріне негізделе бейнелеу өнердің даму тарихы, көне және орта ғасырдан мұра болып қалған экспонаттармен таныстыру, оларды талдау, суретшілердің өмірімен толық таныстыру, бейнелеу өнердің түрлерімен, техникасымен өте терең танысу болып табылады. әңгімелесудің негізгі міндеттері тәрбилілік бағытта білімдеріне негізделе жүргізіледі.

Тағы мәнді жұмыс формасы оқушлыардың орындаған жұмыстарына байланысты көрме ұйымдастыру. Сол жұмыстар бойынша көрмеде байқаулар ұйымдастыру.

Осы аталған сабақтан және мектептен тыс сабақтардың формасы оқушының қызығушылығын дамытуға және өздерінің қажеттлігіне сай ұйымдастыруы тиіс.

Бақылау сұрақтары:


  • сабақтан тыс жұмыстардың түрлері;

  • сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнына сипаттама.

Әдебиет:

  1. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. М.,1982

  2. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М.,1993

  3. Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. М., 1998

  4. Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. М., 1982




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет