Тақырып: Дизайн. Қағаз немесе картоннан көлемді бұйым жасау(1 сағат). Дизайн - әр түрлі материалдардан жасалған бұйымдарды және заттарды құрастыра көркем безендіру болып табылады. Бұл өнер саласын игеру үшін қарапайым бұйымдардың моделін қағаз немесе картоннан жасап көрейік. Ол үшін тұрмыстық бұйымдарды таңдайық. Оқушы үйдегі кез-келген тік төртбұрышты бұйымның(телевизор, стол, орындық, үй-жиһазының бөліктері, диван, сөре және т.б.) бірін таңдайды. Бұл жұмыс түрін оқушы екі-үш бала болып біріге жасауға болады. Алдымен нобай түрінде бұйымның қызметін, жаңа конструкциясындағы пішінін, өлшемін, түсін анықтап картоннан немесе қағаздан бүге отырып жасайды. Жұмысты орындауда қолайлы басқа материалдарды да қолдануға болады. Мысалы, полимер материалынан жасалған жартылай фабрикаттарды қолдану. Олардан бұйым жасауға қосымша арнайы полимер желімдері керек болады.
Тексеру сұрақтары.
Тақырыптық оқу материалының мазмұны өзгерді ма?
Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?
Практикалық сабақтың мазмұны толық оқу материалымен сәйкес келді ме?
Практикалық сабақта қандай технологиялық процесс қолданылды?
Қағазды бүгу жұмысында, қандай көркемдік тәсілдермен ұштасты?
Ұсынылатын әдебиеттер.
Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (2 - класс). Оқулық. -Алматы, 2002 ж.
Аубакирова Р. Ж. и др. Изобразительная деятельность (методическое пособие). -Алматы, 2003 ж.
Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.
Болатбаев К.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж.
Жеделов К. О. и др. Бейнелеу өнері (Әдістемелік құрал – 12 жылдық). -Алматы, 2003 ж.
Калмыкова Н. В. и др. Макетирование из бумаги и картона. -М., 2000 ж.
Кузин В. С. Изобразительная искусства и методика его преподавания в школе. -М., 1998 ж.
Кузин В. С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1 – 3 классах. -М., 1983ж.
Ростовцев Н. Н. История методов обучения рисованию. -М., 1982 ж.
Смирнова И. М. В мире многогранников. -М., 1995 ж.
Сержантова Т. Оригами для всей семьи. -М., 2001 ж.