Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептің бейнелеу өнер пәнінің білім беру стандарты, 3 сыныпқа арналған бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, 3 сыныптың оқу - әдістемелік құралдар, ұсыныстар, көрнекіліктер, қағаз, көркем-техникалық құралдар: сурет альбомы, қаламдар, түсті қаламдар, кетіргіштер, қаламды ұштау аспабы, реквизиттер, акварель бояуы, кисть, су құятын ыдыстар, палитра, қалам, кетіргіш және т.б...
Жұмысты орындауға нұсқау.
3 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнын тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнын негізгі нормативті құжаттармен салыстыру керек. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып және оқу бағдарламасынан анықталынады. Тақырып мазмұнына сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды оқушыға қалыптастыру қажетті оқу материалдарын іріктеп, сабақтың тиімді және қолайлы формасын, әдістерін, құралдары негіздей таңдайды. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын құрастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, қосу, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушының өз бетімен шығармашылықта орындайтын тақырыптардың бағыттарын анықтайды. Қажетті кескіндемені орындаудың тиімді әдіс-тәсілдері мен құралдарын, материалдарды іріктеп дайындайды.
Келесі кезеңде оқушының өз бетімен жұмысты шығармашылық дәрежеде орындау сапасын анықтайтын бақылау критериясын көрсетеді. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық құрастыруға кіріседі. Оның үлгісі қосымшада көрсетілген. Сабақтың барысындағы оқыту мазмұнының әдістемесі көлемі, нақты анық және кең ашылған түрінде орындалады. Сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.
Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген уақыт мөлшеріне сәйкестігін дәл анықтау міндетті орын алады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада немесе жетекшінің көмегімен талқылай түзете отырып, мұғалімнен рұқсат ала тәжірибеде (мектепте) тиімдігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, оның қанағаттанарлық бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысын орындалуы туралы оқытушыға есеп беріп жұмысын тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |