Байланысты: «Бастауыш мектепте дене т рбиесін о ыту дістемесі» п ні Д рісте
Дәріс 9-10 Дене шынықтыруды ұйымдастыруда бастауыш мектеп жасындағы балалардың жас және физиологиялық ерекшеліктерін есепке алу Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы оқушылар жатады. Олар көп қимылдағысы келедi. Бiркелкi, ұзаққа созылатын ойындар оларды жалықтырып жiбередi. Сондықтан да ойындар, жаттығулар әр түрлi, қысқа демалу аралықтарымен болса жақсы.
Бастауыш сынып жасы кездерiнде балалардың бойлары, дене мүшелерi, әсiресе, аяқтары тез өседi. Бала жылына екi килограмм салмақ қосады.
Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бiрақ сүйек тканьдерiнда әлi де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемдi, созылмалы, әлi толық қатаймай, шемiршектi түрде болады. Осы ерекшелiктерiн ескерiп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар жүктемесiн аз беремiз. Үлкен биiктiктен секiру, қатты жерге секiру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.
Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттерi әлсiз, омыртқа арасындағы шемiршек қалың болып келедi. 7 жаста барлық омыртқа айқын бiлiнiп тұрады. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесi мен эпифиздерiнiң арасында жұқа болса да шемiршектi қабат сақталады. Омыртқаралық шемiршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлi де өседi, олар 14-15 жаста бекiп, қатаяды. Омыртқа өте икемдi, бiрақ оқыс жағдайларда қисайып кетуi мүмкiн. Сондықтан да осы жас кездерiнде әр түрлi омыртқа қисаюлары: скалиоз, лордоз, кифоз байқалады. Омыртқа эпифиздерiнiң сүйектенуi 18-20 жаста аяқталады.
Балалардың бұлшық ет тканьдерiнда су көп те, белоктық заттар аз болып келедi. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдерi олардың жалпы салмағының 27%-ын алады. Салыстырмалы түрде қарасақ 18 жастағыларда 40% болады. Бұлшық еттер әлсiз болады, әсiресе, арқа және iш бұлшық еттерi ұсақ бұлшық еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезде бала бұлшық еттерiнiң жұмыс қабiлеттiлiгi төмен болады. Осы бұлшық ет жүйесi ерекшелiктерiне байланысты ұзаққа созылатын статикалық-қозғалыссыз жаттығулар, бiржақты жүктемелер, қайта-қайта бiр түрлi қозғалыстар беруге болады. Жүктемелердi әр бұлшық еттер тобына ауыстырып берiп, дененi үйлесiмдi дамыту қажет. Жаттығуларды үлкен амплитудамен кiшi бұлшық ет тобына көбiрек беру керек.
Балалардың бұлшық еттерi жыл сайын бiр қалыпты және тұрақты түрде өсiп отырады. Алайда, әр түрлi бұлшық ет топтары күшiнiң жыл сайынғы өсуi бiр қалыпты болмайды. Дене жаттығуларының тоғыз жастан бастап дененi тiк ұстайтын бұлшық еттердiң күшi елеулi түрде артады да, саусақ бұлшық еттерiнiң күшi бiршама тежеледi. Бұлшық еттер күшiнiң үдемелi түрде өсуi қыз балаларды 11–12 жаста, ал ер балаларды бiршама кейiнiрек 12–13 жас аралығында басталады. Балаларда күш қабiлетiн жетiлдiретiн жаттығулар негiзнен жүйелi түрде орындалып отыруы қажет. Күш қабiлетiн жетiлдiру кезiнде денеге түсетiн күш өте көп болмауы қажет. Бұл адамның жалпы өсуiн кiдiртедi. Күштi арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштiлiк, төзiмдiлiк қасиет-қабiлеттерiн дамытудың негiзi болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздiксiз және жеткiлiктi мөлшерде орындап отыруы қажет. Өз беттерiмен жаттығу кезiнде күштi молайтатын жаттығулар икемдiлiк пен жылдамдық қабiлеттерiн арттыратын жаттығулардан кейiн, ал көп жағдайда төзiмдiлiктi арттыратын жаттығулрадың алдында орындалғаны жөн. Күш қабiлетiн жетiлдiру үшiн жаттығулардың төменгiдей түрлерiн орындау керек. а) кермеге тартылу, биiкке өрмелеу, аяқты көтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа екпетiмен жатып, қолды бүгiп, жазу жаттығуларын орындау қажет. ә) басқа ауыр салмақтар көтеру (бiрнеше бала болып гимнастикалық орындықты және оны үстiнде отырған оқушылармен бiрге қөтерiп алып жүру) серiппелi спорт құралдарымен, баппен (гантель) көтерумен жаттығу. Күш қабiлетiн жетiлдiретiн өзге де жаттығу түрлерi бар. Дегенмен, жоғарыда аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиi қолданылады. Өйткенi ол мектеп жасындағы балалардың ең қолайлы жаттығуы. 10–13 жастағы оқушыларға белгiлi бiр деңгейдегi күш, төзiмдiлiк қабiлеттерiн жетiлдiретiн жаттығулар керек. Себебi 10 жасқа дейiнгi балалар жиi алаңдап, белгiлi бiр деңгейде күш жұмсауға қабiлетсiз болса, 10 жастан кейiн күш қабiлетi едәуiр артады. Төзiмдiлiк қабiлетiн жетiлдiру үшiн бiрiншi кезекте күрделiлеу жаттығулар пайдаланылады. Бұлар: аласа кермеге тартылу, гимнастикалық қабырғаға және орындыққа қолды тiреп, бiрнеше рет бүгiп — жазу, онша ауыр емес заттарды көтеру. Жылдамдық қабiлетiн жетiлдiру үшiн ең бiрiншi қозғалыс шапшаңдығын арттыруға арналған жаттығулар пайдаланады. Қозғалыс шапшаңдығын дамытуда қайталау тәсiлi қолданылады. Әрбiр келесi қимыл — әрекет бұрын көрсетiлген шапшаңдықты арттыру мiндетiн алға қоюы керек.
Шапшаңдық дене тәрбиесi теориясында «тiкелей және басымдығы жағынан қозғалыстың шапшаңдық сипатын, сондай-ақ қимыл реакциясының уақытын айқындайтын адамның функциялық қасиетiнiң комплексi» ретiнде қарастырылады. Iс-жүзiнде бұл қимыл әрекеттерiн ең қысқа мерзiм iшiнде орындау қабiлетiнен көрiнедi.
Шапшаңдық қимыл реакциясының, жекелеген қозғалыстардың жылдамдығымен, әлденеше рет қайталанатын қозғалыстардың жиiлiгiмен анықталады.
Жылдамдық қабiлетiн жетiлдiруге арналған жаттығулар шапшаңдық қашан төмендей бастағанша қайталана беруi керек. Оларды сабақтың басында немесе ептiлiктi арттыратын жаттығуларды орындаудан кейiн өтқiзген жөн. Ептiлiк қабiлетiн жетiлдiру үшiн гимнастикалық жаттығулармен қоса әдеттегi қимыл-қозғалыс жаттығуларын күрделендiре қолдануға болады. Әдеттегi қозғалыстарды кездейсоқ бастапқы қалыптардан орындау (мысалы бiр орыннан ұзындыққа секiру бiр жақ жанымен немесе терiс қарап тұрып орындау), бiр орында тұрып 180–360 қа бұрылып секiру, ал ең бастысы — акробатика мен әр түрлi қимыл- қозғалыс ойындары ептiлiктi жетiлдiруге пайдалы болмақ. Ептiлiк қабiлетiн жетiлдiруге арналған жаттығулар әдетте кiрiспе бөлiмiнен кейiн, сабақтын негiзгi бөлiмiнiң басында орындалады. Дене шынықтыруда пайдаланылатын жаттығулар адам организмiне белгiлi бiр дәрежеде әсерiн тигiзедi. Денеге түсетiн күштi, яғни жүктеме мөлшерiн белгiлеген кезде оның жүйесi және дәйектi болуын мейлiнше дұрыс сақтау қажет. Дұрыс ұйымдастырылған дене жаттығулары адамға қажеттi күш, жылдамдық, ептiлiк, төзiмдiлiк т.б қасиет -қабiлеттерiнiң қалыптасуына белсендi түрде әсер етедi.
Бастауыш сынып оқушыларының жүректерi үлкен, қан тамырларының iшi кең, қабырғалары созылмалы болып келедi. Жүрек соғу жиiлiгi жиi, минутына 50-90 рет соғу төңiрегiнде болады. Жүректiн бұлшық еттерi әлсiз, созылмалы. Жүректiң жиырылуы кезiнде шамамен 25-33 мл қан жүректiң сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық көлемi дейдi. Жүрек-қан тамыр жүйесiнiң осы ерекшелiктерiне байланысты ұзақ қатаю, зорланып ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық еттерiн қатайтатын көп күш керек ететiн, жүрек соғу жиiлiгi көп жиiлеп кететiн жаттығуларды байқап беру қажет.
Балалардың зат алмасу үрдiсi үлкендерге қарағанда тез жүредi. Балалардың кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иiлетiндiктен терең дем алуға керi әсер етедi. Дем алу жиiлiгi тез, терең емес, минутына 22 рет дем алу жиiлiгi төңiрегiнде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа. Тыныс алудың минуттық көлемi 7 жастағы балаларда 3500 мл/минут болады, ол 11 жасқа келгенде көбейiп 4400 мл/минутқа дейiн жетедi. Өкпенiң ауа сыймдылығы көлемi 7 жаста 1200 мл-ден 10 жаста 2000 мл-ге дейiн көтерiледi. Бастауыш сынып оқушыларын терең, бiрқалыпты мұрынмен дем алуға үйретуiмiз қажет. Жаттығуларды орындау тыныс алумен бiрдей орындалуы тиiс.
1-сынып оқушылары шыдамсыз, өздерiн тоқтата алмайды, зейiнi тұрақты емес. Бiрте-бiрте оларға жаттығуларды кеңiстiкте орындау түрiнде бергенде ойланып, еске сақтап орындауға қызығып, ықыластана бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларына дененi дамыту жаттығуларын бергенде, ұл балалар мен қыз балалардың дене дамуы ерекшелiктерiн ескеру қажет. Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделерi кең, өкпенiң тiршiлiк көлемi жоғары болады. Бұлшық ет күштерi қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгiредi, ұзаққа, биiкке секiредi, алысқа лақтырады, күштi, әрi шыдамды. Сондықтан 2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде, қашыққа, жүгiргенде, секiргенде, лақтырғанда көбiрек жүктеме беруге болады. (Өйткенi 1,2- сыныпта ұлдар мен қыздардың дене тәрбиесi жаттығулары амалдары бiрге, бөлуге келмейдi). Қыздарға 3-сыныпта ұлдарға қарағанда көбiрек бiрқалыпты, ырғақты, би жаттығуларын беруге болады.
Негiзгi қозғалыс түрлерi жүру, жүгiру, секiру, лақтыру өмiрге қажеттi дағды және iскерлiктердi қалыптастырады. Жас балалардың денесi түрлi жаттығулар көмегiмен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзiмдiлiк, икемдiлiк сияқты адам қабiлетiн дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжiрибесiн байытады, дене қозғалысын үйлестiредi. Мұның бәрi балалардың қозғалыс дағдыларын дамытудың физиологиялық аспектiлерi ескерiлгенде нәтижелi болады.